Материалдар / "Тұғыры биік тәуелсіздік"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тұғыры биік тәуелсіздік"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тұғыры биік тәуелсіздік" атты тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіздік күніне арналған "Тұғыры биік Тәуелсіздік!"

Жүргізуші: Армысыздар, аса қадірменді кеш қонақтары! 

Жүргізуші: Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мереке Тәуелсіздік күніне арналммақ! Осынау ұлық мерекеміз құтты болсын ағайын

Жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзгеше. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз.

Жүргізуші: "Дариға, Домбырамды берші маған

Жаныма келші жарым, келші балам. 

Бейуақ, іңірдегі көңіліме, 

Күй болып күңіреніп енші далам 

Домбырам, жүрегіммен үндес едің, 

Сенімен сырласымдай тілдесемін. 

Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң, 

Өнердің не екенін білмес едім". Әсерлі кешіміздің шымылдығын қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген әсем жырға беруді жөн көріп отырмыз. Ендеше, алдарыңызда өзінің жыр-термелерімен, тәлім-тәрбиесімен кейінгі ұрпаққа мол мұрасын қалдырып кеткен Жамет жыраудың немересі ,Жамет Ақнұр қыздарыңызды шақырамыз.

Жамет жыраудың термесі «Асыл іс»

Жүргізуші: Бостандығым! Тосқан күнім азалдан, 

Отыз жыл өтті – аспан кірсіз, ажарлы ән. 

Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан, 

Сен келгенде сары мұңнан тазарғам. 

Жүргізуші: "Ән көңілдің ажары" демекші, келесі кезекті әуезді әнге берейік.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жұбанова Гүлжанның орындауында «Әлия» әні

Жүргізуші: Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім болса керек-ті. Ұлық мерекеміздің аясында тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдарына назар аударып көрелік. (слайд көрсетіледі)

Жүргізуші: Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Аңсатқан азаттық жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық. 

Жүргізуші: Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты. 

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Өтеулиева Сағыныштың орындауында «Атамекен» әні

Жүргізуші: Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан.

Жүргізуші: Иә.... Осынау самарқау кезеңнің ұрпағы бола тұра мына біздер тәуелсіздіктің арқасында еркін шалқып өмір сүрудеміз. 

«Сағым жылдар» әні, орындайтын Жамет Ақнұр

Халық әні «Дедімай - ау» ,орындайтын №266 мектеп - лицей жанынан құрылған «Асыл аналар» ансамблі

«Әриайдай» әні, орындайтын Гүлмира Күшенбаева

Жүргізуші: Бәйгеге ат жіберсек те, кең далада көсіліп ойнасақ та, билесек те, ән айтсақ та осының бәрі бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы. Ендеше, татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек. 

Жүргізуші: Сен десе тыным таппаймын мазамдай мүлдем, 

Сен десе жаным жаһанға тажалдай күлген 

Сен менің ұлы мұңымсың тағдырым егіз 

Сен менің ұлы жырымсың жаза алмай жүрген. 

«Тәуелсіздік таңы» әні орындайтындар мектеп – лицей ұстаздары

Жүргізуші: Құрметті жиналған көпшілік қауым, осымен біздің бүгінгі "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты кешіміз өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай. Келесі көріскенше қош сау болыңыздар!



266 мектеп – лицей







"Тұғыры биік Тәуелсіздік!"

/Тәуелсіздік күніне арналған мұғалімдердің ән кеші/

















Дайындаған: Рысмамбет Мақтагул Ердесқызы

/ музыка жетекшісі/

















Әйтеке би кенті

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!