«Тұғыры биік-
Тәуелсіздік!»
Авторы: Чалабаева Кундыз
Бектепбергеновна
Маңғыстау облысы,Жаңаөзен
қаласы №21 «Айзере» бөбекжайы
Тақырыбы: «Тұғыры биік-
Тәуелсіздік!»
Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік
туралы түсіндіру. Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарын
еске түсіріп олардың ерлігі жайында
түсіндіру. Жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген
патриоттық сезімін
қалыптастыру. Елін,жерін,құреттеуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Сахна патриоттық
үлгіде безендірілген,жалаушалар, шарлар
ілінген.
Жүргізуші: Қайырлы күн, балабақша
қызметкерлері және де тәуелсіз еліміздің ұлағатты
ұрпақтары.Сіздерді ғасырлар бойғы халқымыздың асыл мұрасы –
азаматтығымызды әперген айтулы мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын
жүректен құттықтаймын!
Олай болса осы мерекеде ат
салысатын балаларымызды ортаға
шақырамыз.
Тәуелсіздік біздің – ең
басты құндылығымыз. Барлығымыз Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір
сүріп, тәуелсіз заманның, егеменді еліміздің бақытты
ұрпағымыз.
Бұл мереке салтанатты
болғандықтан еліміздің Ән ұранымен ашуға рұқсат етіңіздер!
Қане,енді бәріміз орнымыздан тұрып,қолымызды жүрегіміздің тұсына
қойып,Қазақстанның Әнұранын
орындайық.
Әнұран
орындалады.
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге
түскендер өте көп. Осы қазақ халқының жері, болашағы, үміті үшін
жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат, Ербол, Ляззат,
Сәбираның аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған
армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі
тәуелсіздігін алды.
Слайд көрсетіледі. Рамкада салынған
суреттерге балалардың назарын
аудару.
Балалар, суретке назар
аударайықшы.Суретте желтоқсан оқиғасына қатысқан батыр
аға-апаларымыз.Олар кімдер
екен? Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат
Асанова, Сәбира Мұхамеджанова .
Осы аға, апаларымыздың
арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы
желбіреді.
Орыны ағалардың бізбен
толсын,
Сәбилер ағалардың жолын
қусын.
1 минут үнсіздікпен еске
алайық,
Тәуелсіздік құрбандары ырза
болсын! Қане, орнымыздан тұрып, аға – апаларымызды 1 минут
үнсіздікпен еске алайық.
Жүргізуші: Рахмет,балалар.
Жүргізуші: Қуан халқым!
Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!-деп кезегімізді
балаларымыздың тақпақтарына
берейік.
Тақпақтар
: №16 топ
балалары
Жүргізуші:
16
желтоқсан,
Тәуелсіздік алған
күн
Мерекеде ел
қуанып,
Шаттанып ән салған
күн!
Ендеше балақайдардың
орындауындағы тамаша әнді тарту етеміз. Қабыл
алыңыздар!
Ән: «
Қазақстаным-Отаным»
Жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым
алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!, – деп балақайларымыз
өздерінің құттықтау тілектерін тақпақтары арқылы білдіреміз дейді.
Олай болса, балақайларымызға қол соғып, қошемет
білдірейік.
Тақпақтар: № 5,6,8 топ
балалары.
Жүргізуші:
Құтты болсын тәуелсіздік
мерекесі,
Мықты болсын елімнің
керегесі.
Тату – тәтті боп халқымыз
әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі, – деп тәуелсіз
еліміздің болашақ бүлдіршіндері өздерінің бүгінгі мерекеге
тартулары ретінде тамаша би билемекші. Ендеше қол соғып қошаметтеп
отырайық.
Би:
«Шаңырақ»
Жүргізуші:
Тәуелсіздік мәңгілік
сақталсын
Алдымыздан барлық үміт
ақталсын
Тату-тәтті бірлік болып
қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен
жалғассын- деп кезекті бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына
береміз.
Тақпақтар:№ 4,7,10 топ
балалары.
Жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін
жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау
көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың
жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім
менің!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры
биік, халқымыздың еңсесі жоғары, еліміздің ертеңі
жарық, егемендігіміз баянды болсын, – деп өз тілегімді
білдіргім келеді. Осымен мерекелік ертеңгілігімізді
аяқтаймыз. Амандықта жүздескенше, сау
болыңыздар!