М.Құсайынов
атындағы Ақтөбе облыстық дарынды
балаларға арналған
мамандандырылған
мектеп-интернаты
«Бекітемін»:
_________
М.
Құсайынов
АОДБАММИ
директоры Н.
Қ. Аманов
«Тұғыры
биік
Тәуелсіздік»
(Мерекелік
шара)
Ақтөбе
2019
«Мәңгілік
ел» - Қазымов Әли
Болат
Мерей
Абаева
Дильнара
Қазтуғанов
Алмас
Тыныштықбай
Бейбізейнеп
Ернұр:
Армысыздар,
құрметті ұстаздар, оқушылар және
қадірменді қонақтар! Бүгінгі
Тәуелсіздігіміздің 28
жылдығына арналған
«Тұғыры
биік
Тәуелсіздік»
атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік
- ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке
қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен
кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті
мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.
28 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін
қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен
аман өткізіп келеміз.
Арсен:
Қақаған
қыстың аязын сіздер ұғарсыз,
Ызғарын
емес, самалын көрген шығарсыз.
Қаншама
батыр ұландарының арқасы,
Бүгінгі
күні Желтоқсан желі ызғарсыз.
Тәуелсіздіктің
құрбаны болған азаматтарды еске алу
мақсатында
1
минут үнсіздік жариялансын.
Ернұр:
Егемендік
– бұл елімнің елдігі,
Егемендік
– барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік
– елін, жерін қорғаған,
Ербол
менен Қайраттардың ерлігі.
Желтоқсаным
– тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды
қадір тұтып тұр елі.
Есте
сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге
сақтау керек үнемі.
Арсен:
Құттықтау сөз кезегін М.Құсайынов
атындағы Ақтөбе облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
мектеп-интернатының директоры Аманов
Нұрбек Қамбарбекұлына беріледі.
Ернұр:
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің
барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше
сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына
бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың
басын тігіп бәйгеге,
Аналардың
жанарына жас бердің!
Уа,
Еркіндік,
қош
келдің! Ортада өнер көрсететін Дарын
күйшілер тобы. Қарсы алыңыздар!
Арсен:
1986
жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік,
қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі
жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн
еді.
Мұз
жастанып азаттықтын жолында,
Тәуелсіздік
туы тұрды қолында.
Сойыл
таяқ ойнаса да жанында.
Отан
үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз
болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен
ауырады жүрегім,
Естігенде
желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау,
ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ
өсер айналатын тірекке,
Егемендік
тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің
ақ тілекке. – «Тәуелсіздік ызғары» атты
көрінісімен 10 класс оқушыларын ортаға
шақырамыз. (Мерей мен Әділет ортаға
шығады)
Ернұр:
Біз
–бақытты ұрпақпыз... Себебі, ата-бабамыз
көрген шапқыншылықты, табаны тілім-тілім
болған босқыншылықты, бір түйір дәнге
зәру болған аштықты, талай боздақтың
жанын, жақынын алған сұм соғысты мына
біздер, жас ұрпақ көргеніміз жоқ. Бейбіт
өмірмен қатар, аталарым армандаған, өз
қолы жетпесе де келер ұрпағы үшін
күрескен, қазып қалсаң асты қазынаға
толы кең байтақ жерді, бай тілді, тәрбиеге
тұнып тұрған салт-дәстүрді, ең бастысы
тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып жатқан
жарқын ұрпақпыз.
Алдарыңызда
бишілер тобының орындауында «Қазақ
биі»
Арсен:
Сәл
аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан
өтпеңдер...
Желтоқсанда
ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,
Бұл
жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен
жер,
Қайта
оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен
жер,
Ерте
есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен
жер,
Жатты
мұнда естен танып, күзге айналған
көктемдер..
Ендігі
кезекте 10 класс оқушыларының орындауында
хор «Желтоқсан желі»
Ернұр:
Жеттік
міне осы күнге көптен бері аңсаған
Ата-баба
ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған
Осы
күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл
күн үшін неше тұлға аямады қандарын
Ту
тігілді халқымның бүгін бағына
Жас
өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға
жалғастырып елдікті
Дақ
түсірме ата баба рухына
Үлгі
бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты
өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік
туын ұстап жоғары.
Арсен:
Бүгінгі
ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі
тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған
«Тәуелсіздік
деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік
кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!