Материалдар / Тұғыры биік Тәуелсіздк
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тұғыры биік Тәуелсіздк

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздгі туралы толық мағлұматтар ала алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Наурыз 2023
168
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Тұғыры биік тәуелсіздік»

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсізікке жету жолы жайлы білімдерін одан әрі толықтыру. Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендететін білімді, білікті адамдар екенін аңғарту.


Оқушыларды топқа бөлу. Қызыл және сары түстерді таңдайды, кім қызыл түс таңдады қызыл түске барып отырады, кім сары түс тандады сары түске барып отырады.

Оқушыларға таңдаған түстері туралы мағлұмат беру. Қызыл түс – өте ерекше сұрақты көп қоятын, ойларын еркін айтатын белсенді адамдар. Бұл «1»топ.

Таныс болыңыздар!

Сары түс – оптимизм. Бейбітшілікпен шешуді жақтайтын, ақжарқын адамдар. Бұл «2» топ таныс болыңыздар!

Оқушылар бүгін Қазақстан Республикасы, яғни біздің Отанымыз, алтын бесігіміз жайлы айтамыз. Жақсы тілектермен бүгінгі сабағымызды «Жылы жүрек» әдісі арқылы бір-бірімізге тілек айтып, сәттілік тілеп бүгінгі сабағымызды бастайық.(допты лақтыру арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтады.)

Жаксы рахмет,

Қысқаша тарихқа тоқтала кетейін

Балалар Отан дегеніміз не?

Отан дегеніміз – әр адамның туып – өскен жері, туған – туыстарымен бірге тұратын атамекені, Осы Қазақстан мемлекетінде тұратын адамдардың Отан, Қазақстан, Тәуелсіз, Республика болып 1991жылы 16 Желтоқсанда жарияланды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді. «Тәуелсіздік» сөзінде үлкен мән, мағына жатыр. Еліміз тәуелсіздік алып, бүкіл әлемге танылды. Біздің өз тіліміз, дініміз, жеріміз, рәміздеріміз, халқымыз, асқақ арманымыз бар. Осы жылдар ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Тәуелсіздік Қазақстан халқының өмір бойы аңсаған арманы, көксеген мұраты. Тәуелсіздік – қадірі мен қасиеті бөлек, ұғымы ұлы мерекеміздің бірі. Әлем бізді осы тәуелсіздіктің арқасында көріп, білді. Біздің халық қастерлі тәуелсіздіктің, еркін егемендіктің арқасында бейбіт күнге қол жеткізіп отыр. Қазір кез келген адам барам деген жеріне бара алады. Көрем деген қызығын көреді. Істеймін деген жұмысын істеп жатыр. Осының бәрі тағылымы мол тәуелсіздігіміздің арқасы. Бұл күн – ата-бабаларымыздың жүздеген, мыңдаған жылдар бойы аңсап, армандаған тәуелсіздігі.Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе? Осындай ұлан- қайыр жерін, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, көзінің қарашығындай сақтап, ұрпағы – біздерге аманат етті.
Бүгінде тәуелсіз еліміздің өркениетті 50 елдің қатарымен тереземізді теңестірсек деген алдына мақсат қойып отыр. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, бұл мақсатқа да жетеміз. Сол болашақтың тірегі мына алдымыздағы сендерсіңдер.

Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде Елбасымыздың арқасында елімізді бүкіл әлем таныды. Ендеше, тәуелсіздік таңдарындағы жылдарда қол жеткізген жетістіктерге тоқтала кетсек.

(Назарларыңа бейне жазба көрсетіледі)

1 тапсырма

«Ассоциация» құру

Ассоциация құратын сөздер: Қазақстан, Отан, Тәуелсіздік. Бұл тапсырманы ПАДЛЕТ тактада жұмыс жасаймыз.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын дей келе сендерге мынындай сұрақ.

Қазақстан қандай ел? Зайырлы, Тәуелсіз ел, Туымен – Тұғырлы, Елтаңбасымен – Еңселі, Әнұранымен – айбынды ел!

Жарайсыңдар балалар ендеше Қазақстан сөзін қолдана отырып, Тәуелсіз еліміз Қазақстанға тілек айтып көрейікші. Ендеше балалар бастайық.

ҚАЗАҚСТАН

Қ – Қазақстан халқы аман болсын!

А - Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем!

З - Заманымыз тыныш болсын!

А - Аман болайық!

Қ - Қыран құстай биік болайық.

С - Сарыарқа даласында бейбітшілік болсын!

Т - Табиғатты аялайық.

А – Аспанымыз ашық болсын!

Н - Нанымыз көп болсын!



2 тапсырма

Тарих сабағын математика сабағымен байланыстыра отырып Математикалық ойын яғни логикалық есептерді орындап көрейік

1) 3800:2+91 =1991 ( Тәуелсіздік алған жыл)

2) 996*2+3 =1995 (Жаңа конституция қабылданған жыл)

3) 45*2:90 =1 (1 желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күні)

4) 4000:2-8 =1992 (ҚР Рәміздері қабылданған жыл)

5) 2800+105-919=1986 (Желтоқсан қырғыны болған жыл)

6) 15*3 -29 =16 (16 желтоқсан тәуелсіздік күні)



3- тапсырма

Тапқыр болсаң тауып көр деген ойынды Квес ойыны арқылы күшімізді сынап көрейік

1.  Бір әке, екі бала 300 теңгені тең етіп неше теңгеден бөліп алды. 100

2 Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл неше жыл? (31 жыл)

3 Қазақтың өлшем бірлігі шақырым деген не? (1км)

4. Үйдің әр бұрышында бір – бір мысық отыр. Әрқайсысына 3 мысық қарсы отыр. Үйде барлығы қанша мысық отыр? (4)

5. Желтоқсан оқиғасына биыл неше жыл? (36 жыл)



1.Спыртқаны табамыз----Спыртқы гүлдің артында тур----Спыртқаны құлыпқа саламыз.

2.Шкафты ашамыз-----ішіндегі лупа мен тряпканы аламыз, алып құлыпқа саламыз.

3.Жерде жатқан киімдерді шкафқа саламыз-----Шкафты қайтадан басып жабамыз.

4.Жоғарыда турған торды спыртқамен аламыз----

1.Енді бірінші сұраққа жауап береміз (100)

2.Екінші сұрақты ашамыз-----сұраққа жауап береміз (31)

3. Құлыптағы лупаны аламыз-----лупаны алып кұыршаққа апарып ішіндегі сұраққа жауап береміз.(1 км)

4.Жерде жатқан қағазды ашамыз---- осы сұраққа жауап береміз (4)

5.Терезенің екі жақ пердесін басып ашамыз---Терезе шаң болып тұрғандықтан құлыптағы тряпканы алып терезені сүртеміз---ішіндегі сұраққа жауап береміз (36)

6. Есіктің жанында не көріп турсыздар КОД-----есіктің жанындағы кодты жазамыз----сұрақтардағы жауабын кодқа енгіземіз-----100 31 14 36

Мұғалім
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып,
Тәуелсіздік шежіресі. «Wordwall» ойыны арқылы сабағымызды қорытындылаймыз.

Тәуелсіздік шежіресі. «Wordwall» ойыны.

1.Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды? 2007Ж, 4 МАУСЫМ

2.Желтоқсан құрбандарын атаңдар? Қ.Рыскулбеков,Ляззат Асанова,Сабира Мухамеджанова, Ербол Сыпатаев

3.Республикамыздың мемлекеттік әнұраны қай жылы өзгертілді?2006ж

4.Мемелекеттік рәміздер күні қашан аталып өтеді? 4- маусым

5.Ұлттық ақшамыз – теңге қай жылы жарық көрді? 1993ж,15 қарашада

6.Қай жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді? Президенттің 1998ж,6 мамырындағы жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.


Бағалау: сабаққа белсенді қатысқан балалар (КЕРЕМЕТ),(ЖАҚСЫ),(ОРТАША) деген смайликтер арқылы өзін-өзі бағалау.

Рефлексия- аяқталмаған сөйлемдер әдісі арқылы кері байланыс беріледі. Стикерге жазып тақтаға жабыстырады.

Үй тапсырмасы:Тұғыры биік Тәуелсіздік тақырыбына 250 сөйлемдік эссе жазу және қосымша мәлімет жинақтау

Мұғалім:
Оқушылар, Тәуелсіз еліміздің туын әр кез биік ұстауға тырысыңдар.
Тәуелсіз еліміздің болашағы өздерің. Сондықтан да сендер осындай Қазақстан атты бейбіт, Тәуелсіз елдің азаматы екендеріңді әрқашан естен шығармай, іштей мақтан тұтып жүріңдер. Сендерге сәттілік, ақ жол тілеймін.

Сау болыңдар!







 





 























































1. «Мен»бейнесі  жаттығуы
Әр қатысушыға  А4 ақ қағазы беріледі. Балалар ақ қағазға өзін қалай бейнелейді, солай қағаз бетіне түсіреді. Енді осы  салынған суреттерді бір-біріне беру арқылы алмасады. Әр оқушы өз пікірлерін көршілерінің суреттеріне жазады. Мысалы: ұқыпты жансың, әдемісің, мейрімдісің, ақылдысың, әдептісің т.б.).

 

2. "Ауызша волейбол " ойыны.
Мақсаты: Өзінде бар жақсы қасиеттерді бағалай білуге, өзінің жанында жүрген адамдардың жақсы қасиеттерін білуге ,бір-бірін терең түсінуге арналады.
Допты бір-бірне берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек.
Мысалы: кішіпейілдік; шыншылдық: адамдық; адамгершілік; мейірімділік;  әділдік; ұстамдылық; жанашырлық; батылдық;  Өзінде басым қасиетті айта білулері қаралады.









Тарих

Сан ғасыр бостан болар күнін күткен,

Алаш ел биік бүгін білімді ұлтпен.

Талай шаһар бабалар салғаны анық,

Тарих боп көне жұртта сырын бүккен.

Тарих ол-уақытқа ұқсас толмайтұғын,

Қадайды қасыңа әкеп шалғай туын,

Тарих ол-бір ғаламат алтын көпір,

Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын.








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!