400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Тұғыры биік төл теңге

Материал туралы қысқаша түсінік
Теңгенің шығу тарихы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе


Тақырыбы: Теңгемен таныстығым


“Эх, Теңге қымбаттым,

Артықша сымбаттым!

Айтайын мен несін,

Жалғыз-ақ Теңгесің.”

Абдрахман Асылбек


Ақшаны жақсы көрмейтін адам жоқ шығар…. Не үшін дәл осы тақырыпты таңдадым? Таңдаудағы мақсатым,оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі және асыл қазына ретінде мақтанышымыз болған - теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. Теңгеміздің пайда болуы ҚР-ның тәуелсіз екендігінің бір дәлелі болып табылады. Теңге – Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны және елдің қаржылық тәуелсіздігінің символы. Бірақ сол ақшаның тарихын білеміз бе?

Қазақстан үшін ұлттық валютасын енгізудің экономикалық қана емес, үлкен саяси да мәні бар еді. Ұлттық валютаға өту Қазақстанға әлеуметтік жағынан үлес қосады. Қазақстан теңгесі – ҚР-ның ұлттық валютасы, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар. Себебі 2006 жылы ҚР-ның Ұлттық банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноталардың келбетіне өзгерістер енгізіп шығарды. Мұндағы шаралар қорғаныс қабілетінің жоғары болуын көздейді. Бұл дұрыс та, себебі қолда жүретін олардағы адамдар еліміздің ұлы тұлғалары болатын. Биыл біздің Ұлттық теңгеміздің құрылғанына 30 жыл толды. Меніңше, бірнеше жылдық тарихы бар доллардан да, Ресей рублінен де біздің теңгеміз өте ыстық, өте қымбат. Оның құны да тұрақты. «Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге - бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны»,- дейді Нұрсұлтан.Ә.Н. Теңге -экономиканың дербестік тірегі, кепілі.

Қорытындылай келсек,тұғыры биік қазақ елімнің байлығы – теңгем – осы менің елім, мақсатымның бейнесі. Сондықтан төл теңгеммен мен де мақтанамын! Жерде жатқан теңгені көтеремін, себебі онда елтаңба бейнеленген. Елімнің болашағының жарқын болатынына сенгенім сияқты, мемлекет нышаны теңгенің де әлем нарығында жарқырап жүреріне үмітім мол. Бірақ теңгенің оңай жолмен келмейтінін және біздің білім алып, еңбек етуімізді ынталандыратын бағалы әрі құнды қағаз екенін естен шығармасақ екен.



Теңге — тиыннан,

Ынтымақ — ұйымнан.



Есегі бір теңге,

Тоқымы мың теңге.






О ақша, сен не деген кереметсің?

​ ​ ​ Ұқсамайсың басқаға...

​ ​ ​ Сен​ - бөлексің!

​ ​ ​ Құдіретіңе табынып қара түгіл,

​ ​ ​ Хандар да бас иетін көбелексің!






Орындаған:Намуна Иззатуллаева Ахлиддинқызы ,7 “Б “сынып

Жетекші:Сетара Намуратова Олимбековна

Байланыс нөмірі:87772530336

Мекен-жай:Сауран ауданы,Түркістан облысы,Ескі Иқан ауылы N1 жалпы білім беретін мектеп



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
339
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі