Материалдар / "Тұғыры биік туған тіл"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тұғыры биік туған тіл"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тұғыры биік туған тіл"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2024
176
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ақтөбе облысы, Темір ауданы

Темір қаласы «С.Байшев атындағы

ЖОББМ» КММ-нің қазақ тілі

мен әдебиет пәні мұғалімі

Көштай Айдана Нұрлыбайқызы



МАҚАЛА

"Тұғыры биік туған тіл"


Қазақ тілінің құдіретін қанша сөзбен айтсақ та, оны жеткізу мүмкін емес. Кезінде талай ғалым, жазушы, зерттеушілер осы қазақ тілінің қандай көркем тіл екенін айтқан еді. Соның бірі Мелиоранский: «Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза,әрі бай тілге жатады. Қазақтар - шешен әрі әдемі сөйлеудің хас жебері... Қазақтар халық әдебиетіне  аса бай әрі жан-жақты», - деген. Расымен де, қазақ тілі сүбелі сөзге, мақалға, шешендік сөздерге бай. Ана тіліңмен қатар басқа халықтың тілін білу сол елдің тіліне көшті деген сөз емес, ол адамның өз-өзін шыңдауы.

         Тіл тұғырының биікке көтерілгені - халық мәртебесінің жоғарылауы. Өз тіліңнің қадірін біліп, байлығым деп санасаң жеке мемлекет ішінде тіл мәселесі көтерілмес еді. Біздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз, мемлекеттік тіліміз ұлтымыздың көкке ұстар тірегі.

         Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында бүгінгі күнгі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне баса назар аударды. Алдағы уақытта туған тіліміздің мәртебесі күшейіп, ұлтаралық қатынас құралына айналатынын жеткізді.  Бұған дейінгі кездесулерде де Мемлекет басшысы тіл тақырыбына қатысты ұтымды ойын білдіріп келді. Қазіргі жаһандану заманында бұл мәселе ешқашан өзектілігін жоймайды.

         Егемендік алып, тәуелсіздік тәжін кигелі ширек ғасырға таяу уақыт өтіп, еліміз түпкілікті жаңару үдерісін бастан өткерді. Біз төл тарихымызды қастерлеп, мемлекеттілігімізді нығайтып, әлемдегі алпауытты елдердің санатына енуді мақсат еттік. Ғасырлар қойнауынан тарихымыз, тіліміз сондай анық, таза күйінде бізге жеткен қастерлі мұрамыздың бірі- бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы, мемлекетіміздің тұғырлы тірегі, өткені мен болашағының айқын көрінісі, мемлекеттік тіліміз- қазақ тілі.

         Бойымызға анамыздың сүтімен дарыған ана тілімізді ардақтап, ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу басты парызымыз. Ана тілінің қадір-қасиетін ерте кезден ақ түсіне білген халқымыз оны қасиетті мұраға балап, қастерлейді. Қазақ тілі ерте кезден-ақ оралымды, ырғақты, аса қуатты, бай тіл. Ол жан дүниеміздің айнасы, тәуелсіздігіміздің айғағы іспетті.

         Тіл болашағының жарқын болуы саналы да қуатты жастардың қолында. Әр халықтың тағдырына жауапты қазіргі жас буын еліміздің болашағының иесі екендігін естен шығармағанымыз жөн. Себебі, өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек.

         Елбасымыз «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы айтып, алдымызға айқын, жол ашып берген болатын. Енді осы жолда бірігіп еңбек ету ғана қалды. Тіл тағдыры - ел тағдыры. Демек, бұл бір адамға ғана қатысты емес, барлық қоғамға қатысты. Әр халықта тіл сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы ғана емес, өзге елдердің алдында дәрежесін айқындап, тарихынан хабар беретін, еңсесін биік көтеріп, болашағына болжам жасайтын қастерлі де қасиетті тұғырлы қаруы екені мәлім.

         Егер мәңгілік ел боламыз десек, өз ана тілімізді бірінші орынға қойып, ал қалған тілдерді елімізді дамыту жолында, өзге де алпауытты дамыған елдермен тәжірибе алмасу мақсатында үйреніп, өз елімізде осығын алып, пайдамызға жаратуға тиіспіз. Баршаға мәлім қай тілде сөйлесек, сол тілде ойлаймыз. Сол тілде ойлаған соң, жан дүниеміз сол тілге бейімделіп, сол тілдің жанашырына айналамыз.

         Жоғарыда тілге тиек еткендей, халқымыз тәуелсіздігін алғалы ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де, кейбір азаматтарымыздың тілді мойындаса да игеруге асықпайтындығы, сол ежелгі таптауырын болған қағидаттардан арыла алмай жүрген жайы да жоқ емес. Ал болашығымыздың қазақ тілінде екендігін ескерсек, тіл төңірегіндегі кемшіліктерті түзеу, әрбір елім дейтін азамат үшін, ат үсті қарап, айналып өтуға келмейтін мәселе екендігі даусыз.

        Әр адамның азаматтық қасиетті- салт-дәстүрін сақтаумен, өзінің туған жерін, атамекенін сүюмен, өзінің ана тілін білумен өлшенбек. Біліп қана қоймай, күнделікті тұрмыста қолдану аясын кеңейтіп, тілге деген жанашырлық сезімінің болуынан көрініс табады. Ендеше, татулық пен тұрақтылықтың негізіндей болған туған тіліміз туғырлы, тәуелсіздігіміздің ғұмырлы болуы үшін баршамыз тіл мерейінінің жоғарылуы үшін әрекет ету қажеттілігі туындап отыр. Туған тіл тіліміздің мерейі үстем болсын!

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!