Түйенің жазысы

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Түйенің жазысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Түйенің жазысы тақырыбында ғылыми жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда қаласының білім бөлімі

А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп





Ғылыми жоба

Тақырыбы:Түйенің жазысы

Бағыты: Этномәдениет



Орындаған : Дәріқожа Адият

А.Байтұрсынов атындағы

211 орта мектептің 2 «А»сынып оқушысы


Пән оқытушысы: Рыспанова Мереке

А.Байтұрсынов атындағы

211 орта мектептің бастауыш сынып

мұғалімі



Ғылыми жетекшісі: Нұрсұлтанқызы Ж.

Қызылорда ашық университетінің деканы,

филология ғылымдарының кандидаты.

















Қызылорда, 2023.





М А З М Ұ Н Ы



КІРІСПЕ.................................................................................................................4




1.Түйе малы, оның түрлері.................................................................................5

2. Түйе малының бойындағы қасиеттері,жүнінің қасиеті ............................6



Негізгі бөлім.

  1. Түйенің жазысы не үшін керек?.............................................................7

  2. Оны бабаларымыз қалай пайдаланған...................................................8

  3. Қандай артықшылықтары бар?...............................................................9


ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………….................................10


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………...................................11



























Аңдатпа

Оқушы түйенің жазысы туралы көп ізденіп оқыған. Оның не екенін білуге қызығушылық танытқан. Түйенің жазысын ауыт деп те атайтынын дәлелдеген. Жазыға жүк артып қана қоймай, оны қомдап, көшкен кезде қысы –жазы атам қазақ отбасымен отырып, межелі жерлеріне жетіп отырған деп көрсетеді автор. «Түйесіне қарай-жазысы, биесіне қарай-қазысы» деген мақалды пайдалана отырып, айыр түйе мен нар түйенің жазыларының атауларының әр түрлі екендігін түсіндіріп берген.

Аннотация

Ученик много раз слышал о верблюжьем "жазы". Ему было интересно узнать, что это такое. Доказано, что верблюжье "жазы" еще называется "ауыт". Автор указывает, что "жазы" не только грузились, но и наши предки ездили на них со своими семьями зимой и летом, перемещаясь к месту назначения. "Түйесіне қарай-жазысы, биесіне қарай-қазысы". Используя эту народную пословицу, автор объясняет, что верблюды "Айыр" и "Нар" имеют разные названия "жазы". Ученик много раз слышал о верблюжьем "жазы". Ему было интересно узнать, что это такое. Доказано, что верблюжье "жазы" еще называется "ауыт". Автор указывает, что "жазы" не только грузились, но и наши предки ездили на них со своими семьями зимой и летом, перемещаясь к месту назначения. "Түйесіне қарай-жазысы, биесіне қарай-қазысы". Используя эту народную пословицу, автор объясняет, что верблюды "Айыр" и "Нар" имеют разные названия "жазы".

Annotation

The student has heard many times about camel’s "Zhazy". He was interested to know what it was. It has been proven that camel “zhazy” is also called “auyt”. The author points out that the “zhazy” was not only loaded, but also our ancestors rode them with their families in winter and summer, moving to their destination. "Tuyesine karai-zhazysy, biesine karai-kazysy." Using this folk proverb, the author explains that camels “Aiyr” and “Nar” have different names “zhazy”.











Кіріспе

Жобаның мақсаты:

  1. Көшпелі қазақтың техникасы дамымаған замандағы, яғни бұрынғы дәуірдегі тұрмыс-тіршілігі арқылы көші-қон кезінде атан түйе үстіне жабатын жазы деген дүниенің не екенін қалың қауымға түсіндіру.

  2. Ұлтымыздың ұлттық мәдениетінің жандана түсуіне өз үлесімізді қосу.



Жобаның өзектілігі:

Көпке таныс емес түйе жонына киілетін, жүкке де, адам отыруға да жарайтын жануарға арналған жабуды толық туралы толық мағлұмат беру.

Атам қазақ көшпелі дәуірді бастарынан өткерген.Техника дамымаған, машинасы жоқ далалы жерде малдарын бағып, қара шаруамен күнелткен бабаларымыз жазда жайлауға, күзде күздеуге, қыста қыстауға түйемен көшіп жүрген. Түйені жайдақ мінбей, жазылап, жазыға үйдің жәм-жүктерін, бала-шағасын отырғызып, ұзақ жолдар сапар шегіп жүре беретін болған.

«Шөл кемелері» деп аталатын түйелер шыдамдылығымен, төзімділігімен, даналылығымен, тектілігімен осылай аталды.

Бұл жануарлар өздерінің сұлулығымен және дәлелді себептермен танымал. Түйе сөзі араб тілінде «сұлулық» дегенді білдіреді.

Түйе ежелден қуаң аймақтарда тұратын халықтардың азық-түлік, киім-кешек және көлік құралы болған.

Тарихи шежірелерде осыдан 3 мың жылдай бұрын бұл ерекше жануарлардың соғыста пайдаланылғаны туралы мәліметтер де бар.

Атам заманнан қазақ елі алты қанат ақ ордаға отырған жоқ. Көшіп-қонып жүрді. Кедей қазақтың тұратын күркесі бірінде болса, екіншісінде болмады. Аш-жалаңаш өмір сүрді.


Мен бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым, қазақтың қолөнер шеберлігін насихаттай отырып, жазы деген дүниенің болғанын дәріптей отырып, пайдасын айтып, бүгінгі ұрпаққа насихаттап жеткізу. Технология пәнін қазақстан тарихымен байланыстыра түсіндіру, жоба қорғау.








Түйе малының түрі көп.



Түйенің сырт бейнесіне қарай екі топқа бөлінген. Олар айыр өркешті және сыңар өркешті , жас шамасына карай бірнеше топқа бөлінеді. Қазақстанда қолға үйретілген айыр өркешті түйенің қолтұқымы көбірек кездеседі. Оны кейбір аймақтарда «айыр түйе», Арал мен Каспий аралығының тұрғындарының  «түс түйе» деп атайды.

Түйе жануары өте тазайын мал. Ішкен-жегенін шашпайды, құспайды. Сондықтан оны жаугершілік заманда да көбірек пайдалана білді атам қазақ. Түйе үстінен тоңбады. Бұл жерде жазыланған түйе бойынан экологиялық ғылымды да байқай аламыз.

Түйе адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Соның ішінде түйе сүті көптеп қолданылады. Түйе сүтінің пайдасы оның құрамындағы нәруіздарда. Түйе сүтінің ерекшелігі май, белок, минералдық заттары және басқа құрамдық элементерінің мөлшері көп болып келеді; оның үстіне аса нәрлі. Түйенің сүті, еті, жүні пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, құрт, балқаймақ дайындалса, еті тағамға қолданылады, ал жүнінен 85%таза, өте бағалы түбіт. Оның мұндай қасиеттерін өте ертеден-ақ білген. Мықты шаршамайтын мініс атын өсіру үшін, мысалы, Құлынға түйе сүтін берген. Түйе сүтінің түсі әдетте аппақ болады, дәмі тұщылау-тәтті немесе тәттілеу –тұздылау болып келеді, консистенсиясы қою, бір ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда қатты көпіреді.

















Түйе малының бойындағы қасиеттер


Түйе ерні мен аузын бүлдірмей кез келген нәрсені, соның ішінде жусанды, тұзды, тікенекті жейтіні белгілі. Оның үстіне түйе басқа жануарлар мен адамдарға жарамсыз тұзды суды ішеді. Түйелер ұзақ уақыт сусыз жүре алады, өйткені олар тұтынатын сұйықтық түйенің қарын қуысының жасушаларында ұзақ сақталады.

Ересек түйелері 300 кг жүкпен тәулігіне 30-40 км жол жүре алады. Түйешілер 10-12 км/сағ жылдамдыққа жетеді.

Түйенің танауының пішіні оларды желден, құмнан толығымен жабуға және су буын ұстап, оны денеге сұйықтық ретінде қайтаруға мүмкіндік береді.


Түйе жүнінің қасиеті


Түйе жүні де ерекше. Ол өзінің құрамы бойынша гетерогенді - ол жанасу кезінде өрескел сыртқы шаштан және ішкі жұмсақ және жылы қабаттан тұрады. Түйенің пальтосы күннің күйдіретін сәулелерін шағылыстыруға көмектеседі және денені жоғары температурадан қорғайды. Ол сондай-ақ әртүрлі емдік қасиеттерге ие. Франция королі Людовик XIV түйе жүнінен жасалған көрпелерді тамаша меңгергені белгілі.

Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына және радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма бұйымдар жасалады.







Picture 2 Picture 3

Жазы

«Түйесіне қарай-жазысы,

биесіне қарай-қазысы»

Халық даналығы

Жазы-түйе жонына орналастырылатын, көші-қон кезінде пайдаланылатын шаруа отбасына арналған дүние. Жазыны салар кезде атан түйе таңдалады. Айыр түйеге салынады. Екі өркешке киілетіндей етіп киізден немесе қалың сырылған матадан тігіледі. Егер тиейтін жүгің көбірек болса, екі жағына ағаштан қалқан жасап, екі жақтан құрмен немесе кендір жіппен бекітеді. Содан соң үстіне көрпе-төсек салып отыра береді. Көлемі шағын бір бөлменің көлеміндей болады.

Picture 3

Жазыланған түйе

Picture 1

Бабаларымыз қалай пайдаланған?

Picture 1

Түйе ежелден қуаң аймақтарда тұратын халықтардың азық-түлік, киім-кешек және көлік құралы болған.

Тарихи шежірелерде осыдан 3 мың жылдай бұрын бұл ерекше жануарлардың соғыста пайдаланылғаны туралы мәліметтер де бар.

.

Түйенің танауының пішіні оларды желден, құмнан толығымен жабуға және су буын ұстап, оны денеге сұйықтық ретінде қайтаруға мүмкіндік береді.

Жазы жуас түйеге салынады. Нарға да жазы кигізуге болады. Нар бір өркешті болады. Десек те оның күш-қуаты басқа түйе малына қарағанда күштірек болады. Көп уақытқа дейін шаршамай, жүк тиеп жүре береді.

Жүк қозғалмас бұрын жазыны мықтап орналастырады, кең немесе тар болмауы керек. Түйенің сауырына дейін жеткізіп, үзілмейтін кендірмен байлап бекітеді. Егер адам көбірек отыратын болса, ауып кетпейтіндей қом жасайды. Ол үшін жұмыр ағаш керек. Диаметрі он см болса да жеткілікті. Оны жіппен өркештің екі ортасынан алып, түйенің сауырын байлап бекітеді. Түйе жүгі ауып кетпейтіндей болады.


Жазыны тігу математикаға байланысты. Өлшеп, пішу, симметрия жасау, екі жағын тең ету математика сауаттылығын қажет етеді.



Қандай артықшылықтары бар?

Ел көшкен бейне

Жазыға отырған бала-шаға тоңбайды, құлап кетем демейді,түйе желмаядай есіп жүреді, балаларды тербетіп ұйықтатады, демек, артықшылықтары көп. Түйенің сауырын жауып тұрады.

Жазыны қалай тігеді?

  1. Көлемді мата таңдап алады. Егер келеп матаны жұқа дейтін болса, арасына мақта салып сырып тігеді. Әрі қарай,ұзындығын екі метр етіп, квадрат өлшеп алады да, пішіп тігеді.

ҚОРЫТЫНДЫ




Мен бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым, қазақтың қолөнер шеберлігін насихаттай отырып, жазы деген дүниенің болғанын дәріптей отырып, пайдасын айтып, бүгінгі ұрпаққа насихаттап жеткізу. Технология пәнін қазақстан тарихымен байланыстыра түсіндіру, жоба қорғау.

Мен осы жобамды зерттеу барысында облыстық өлкетану мұражайының этнографиялық залынан көптеген қазақ елінің тарихи жәдігерлерімен таныстым.

Жазыны тарихи жәдігерге де жатқыза аламыз. Бүгінде көпшілігі жазы туралы біле бермейді.

Ойымды қорыта келе,мынадай тұжырым жасадым:

  • Мектепте этнографиялық бұрыш ұйымдастырылса.

  • Тарихи жәдігерлерден көрме жасалып мектепте оқушылары танып,көрсе.

Бұл түйе деген тек қана жануар емес , бұл біздің тарихымыз. Түйемен жауға да шапқан,көшіп қонған,керуен болған ,сауда да жасаған.Адамның өмірінің өркендеуіне түйе жануарының үлесі көп болған.

























ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:




1. Көркем еңбек оқулығы 5- 6 сынып

2. Оқу жоспары, Көркем еңбек.

3. «Мектептегі технология» республикалық басылымы.

4 «Ұлттық қолөнер» кітабы.

5. Тарихи жәдігерлер.























































12

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.05.2025
121
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі