400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түлектермен қоштасу кешіне сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие жұмысымен айналысатын әріптестеріме
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.Чехов атындағы №14 орта жалпы білім беретін мектебі бойынша 11 сынып оқушыларына орта мектепті бітіргендері туралы мемлекеттік құжат тапсыру салтанатының сценарийі


фанфары

Жүргізуші:Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!


Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер.


Міне, көптен күткен салтанатты жиын да келіп жетті. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарыңыз, бүгін де ойы толып, бойы өсіп, қолдарына аттестат алғалы және де алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұр. Бүгінгі жиын, бүгінгі тілек, арнау мен аманатымыз тек жас түлектерге арналады.


Бүгінгі күн баршамыз үшін жүрек тебірентіп, көңіл толқытатын сәт №14 Антон Чехов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің қабырғасында тәлім-тәрбиесін бойларына сіңіріп, білім нәрімен сусындап өскен ұл-қыздарымыз ер жетіп, қанаттары қатайып, жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басқалы тұр.


Жүргізуші:Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін, тасып-толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,

Бой жетіпті бантиктегі қыз кешегі.

Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,

Мұндай күй болған, бәлкім, баршаңызда.

Қол соғып қошеметпен шақырайық,

Түлектер келсін кәне, ортамызға.


Мектеп бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.


Жүргізуші:

Өнер сүйген, спорт сүйген түлексің,

Қарындасқа, ініге сен тірексің.

Табанды да тиянақты жігітті

Расул деп сен білерсің.

Жүргізуші:

Арманы көп Данагүлдің,

Алға қойған мақсаты.

Өзі сүйер пәндерден,

Шығып жүр ғой жақсы аты.

Жүргізуші:

Әрқашан да жадырайды жанарың,

Сәтті болсын Балғынбек әркез қадамың.

Қайда болсаң жолың болсын жас түлек,

Үмітін сен ақтарсың ата-анаңның.


Жүргізуші:

Ақыл, сана берген білім тереңін,

Алғысы көп мектебіне өреннің.

Айзада түлегіміз бар, міне,

Жолың болсын саған айтар тілегім.


Жүргізуші:

Жанарынан от ұшқындап,

Жүреді ылғи дараланып

Ыбырай деген ертең нағыз,

Жақсы маман болады анық.


Жүргізуші:

Көрінесің әліде бала сынды,

Бойыңа әдет, ізетің жарасымды

Арайлым қыз сенімін ақта еліңнің,

Міне, үлкен өмірге жол ашылды.



Жүргізуші:

Әркез күлімдеп жүретін

Барлығын сыйлай білетін

Нұрсұлтан жігіттің төресі.

Болашақта жақсы мамандық иесі


Жүргізуші:

Азамат боп туған елін қорғайтын,

Рамильдың бар талабы ұстаздары қолдайтын.

Біртоға жан өзі бір достарына сенімді,

Жолың болсын Рамильжан, қорға адал еліңді.


11-сынып жетекшісі Бүркішева Әсемгүл Сырымқызы

(Гимн орындалады)






Жүргізуші: Шығыңдар білім шыңына,

Батамыз осы сендерге

Болыңдар үздік тағыда,

Оқуда да еңбекте – дей келе,

Мектеп табалдырығынан түлеп ұшқалы отырған жас түлектерімізді құттықтау үшін және орта білімі жөніндегі аттестат тапсыру үшін, сөз мектеп директоры Нуркалиев Болатбай Серікұлына беріледі.


(Фанфары)

(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)

Жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің болашағы

Өмірді алға қарай өрлететін

Сендер ғой еліміздің болашағы, — дей отырып, сөз кезегі мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ергалиева Гүлнар Қуанышқызына беріледі.

Жүргізуші: Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенің қас-қағым.

Сыныптың жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген сынып жетекшісі Бүркішева Әсемгүл Сырымқызына беріледі.


Жүргізуші:

Ата-ана тәрбиелеп балапаның,

Әлдилеп, аялаған алақаның,

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,

Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата-аналары атынан Махамбетов Балғынбектің ата-анасы Досанғалиева Нұргүл Нұрышқызына беріледі.


Жүргізуші: Сөз кезегі мектеп бітіргелі отырған түлектерімізге беріледі.

Мектепке келгелі достармен,

Өтіпті талай жаз, талай қыс.

Сондағы сыныптас достармен,

Қалайша, қалайша тараймыз.

Қаз-қатар тізулі партамыз,

Тақтада ілулі картамыз.

Он бір жыл білімге үйреткен,

Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе, балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміздің атынан сөз кезегі Мәтжанқызы Арайлымға беріледі.


Жүргізуші:

Қиындықтар мойытпасын сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар енді елді.

Қыран болып ұшыңыз,

Оқуларға түсіңіз.

Еңбекте көп қуаныш

Елде талай туар іс.

Кемелденген маман боп,

Келіңіздер аман боп.

Мерейлі боп күніңіз

Мектепке кеп тұрыңыз.

Сағынамыз күн сайын,

Кездесейік жыл сайын.

Сіздерге жалын жүрекпен

Айтамыз достық тілекпен.

Әрқашан сәтті жол болсын


Жүргізуші: Мектеп оқушыларына ақ жол тілеп ата-аналар мен вальске шақырамыз.


Жүргізуші: Сапарларыңыз оң болсын, — деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз. Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Сәт сапар Жас түлек!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
7249
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі