Тұлға аралық қарым - қатынастың маңызы.

Тақырып бойынша 16 материал табылды

Тұлға аралық қарым - қатынастың маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы "Басқару психологиясы" пәні жайлы. Ұйым ішіндегі тұлғааралық қарым-қатынасты дамыту жолдары мен сенім, эмпатия сияқты қасиеттердің маңыздылығы атап көрсетіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҰЛҒА АРАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – білім мен ғылымның орталығы, мұнда жастардың кәсіби дамуы мен тұлғалық қалыптасуына үлкен көңіл бөлінеді. Әр адамның тұлға болып қалыптасуына, қоршаған ортамен байланыс құруына, белгілі бір іс бастауына жақсы психология, әсіресе басқару психологиясы өте керек ақ. Сол мақсатта қазіргі таңда психология ғылымдарының кандидаты Жұбаназарова Назираш Сүлейменовна бастауымен “Басқару психологиясы” пәнін оқып, жоғарыда жазылған білімдерді алып келеміз. Біз жаңа өмірге қадам басқан магистрант жастармыз және бізге жеке адами ресурстарымызды тиімді пайдалануға бұл пәннің қажеті ересен. Бұл пәнді оқу барысында үйрнетін негізгі бес мақсат деп айтсақ болады:

- Көшбасшылық және мотивация әдістерін меңгеру;

- Ұйымдағы адамдардың мінез-құлқын және топтық динамиканы түсіну;

- Көшбасшылық стилдерінің психологиялық негіздерін қарастыру;

- Ұжымда тиімді қарым-қатынас пен тыңдау дағдыларын дамыту;

- Конфликттерді шешу және оларды басқару әдістерін үйрену.

Адам – қоғамның бір мүшесі. Ол міндетті түрде ортамен араласуы керек болады. Соған байланысты, біз тұлға аралық қатынас және ұйымда жеке тұлға өзін қалай ұстауы керектігі жайында үйрендік.

Тұлға аралық қарым-қатынастар – адамдар арасындағы байланыстар мен өзара әрекеттер. Олар жеке тұлғалардың бір-бірімен қатынасуы, эмоцияларын білдіруі, пікір алмасуы арқылы қалыптасады. Тұлға аралық қарым-қатынастың сапасы ұйымның табыстылығына, қызметкерлердің жұмысқа деген қатынасын анықтайды.

Тұлға аралық қарым-қатынастың негізгі элементтеріне ашықтық, сенімділік, эмпатия және қарым-қатынастың екіжақты сипаты жатады. Ашықтық – бұл адамдардың бір-біріне өз сезімдері мен ойларын еркін білдіру қабілеті. Сенімділік – адамдар арасындағы сенімділік деңгейі, бұл қатынастардың беріктігін анықтайды. Эмпатия – басқалардың эмоцияларын түсіну және қабылдау қабілеті, бұл тұлға аралық қарым-қатынасты нығайтады.

Ұйымда тұлға аралық қарым-қатынасты дамыту үшін бірнеше стратегияларды қолдануға болады:

Біріншіден, ұйым ішінде психологиялық тренингтер мен семинарларды өткізу ұсынылады. Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің коммуникациялық дағдыларын дамытуға, командада жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Екіншіден, ашық пікір алмасу үшін платформалар құру маңызды. Мысалы, ұйымдарда арнайы кездесулер, топтық талқылаулар немесе онлайн форумдар ұйымдастыру арқылы қызметкерлер арасында ақпарат алмасуды арттыруға болады.

Үшіншіден, ұйым мәдениетін нығайту арқылы да тұлға аралық қарым-қатынасты жақсартуға болады. Ұйымда қалыптасқан құндылықтар мен нормалар қызметкерлердің өзара қатынасын айқындайды. Сондықтан ұйым мәдениетін дамыту, қызметкерлердің мотивациясын және командалық рухты арттыру үшін маңызды.

Тұлға аралық қарым-қатынасты түсіну – басқару психологиясының маңызды аспектісі. Ұйымдарда тиімді қарым-қатынас орнату, қызметкерлердің арасындағы байланыстарды нығайту және ұйымдық мәдениетті дамыту – табысты жұмыс істеудің кепілі. Тұлға аралық қарым-қатынастың дамуы қызметкерлердің ынтымақтастығын арттырып, ұйымның жалпы тиімділігін қамтамасыз етеді. “Басқару психология” пәнінің теориялық негіздері мен практикалық дағдылары бүгінгі күннің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған және тұлға аралық қарым-қатынастың мәселелері мен маңызын игеріп, тиімді басқару стилін қалыптастыруға септігін тигізеді.


Жубаназарова Н.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.

Адилова Э.Т.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы,

PHD доктор, доцент м.а

Маханбетқызы А.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Қазақ филологиясы” факультетінің

1 курс магистранты


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2024
203
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі