400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұлға отбасында қалыптасады

Материал туралы қысқаша түсінік
Есіңізде сақтаңыз, бала азамат болсын десеңіз, мықты ұстанымы болсын десеңіз, адамгершіл, жауапты болуын қаласаңыз, оны тек шын жүректен жақсы көріп, қадірлеу керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қостанай облысы

Қостанай қаласы

Ы.Алтынсарин атындағы

дарынды балаларға арналған

мектеп-интернатының психологы

Г.А. Умуртаева


Тұлға отбасында қалыптасады


Менің ойымша, ең жақын адамдарыңа деген махаббат ол: ата-аналарға, ағаларға, әпкелерге, достарына, ең қымбат және ұмытылмас отбасындағы затттар мен жайлар; туған үйге, баланың бірінші қадам басылған жері, мектебіне, білімге есік ашқан жері, туған жеріне. Өз туғандарыңмен, туған жеріңмен мақтану – бұл оларды сүю, қадірлеу, бағалау, сақтау, көмектесу, оларға бақыт, қуаныш сыйлау, олармен жақсы қарым-қатынаста болу. Бірақ , олардың ертеңі мен бүгінін білмей, сезімдер берік және мықты бола алмайды.

Баланың тұлға болып қалыптасуы отбасынан басталады. Қоршаған ортамен байланысын бала ең бірінші рет отбасында бастайды. Ең бірінші, бала ата-анасымен араласады.

Отбасылық тәрбие – болашақта баланың өміріндегі ең басты құраушысы. Кішкентай кезінен бастап балаға өміріндегі қиыншылықтарды, сәтсіздіктерді жеңудегі, жақсы, ержүрек, қамқор, зейінді адам болуға көмектесетін дағды дарыту керек. Әрине, тек бақытты отбасы балаға толыққанды тәрбие, жылы үй және де сарқылмас махаббат бере алады. Әр бала үшін оның үйі – ең бірінші мекен еткен ортасы. Жақсы отбасы – толық отбасы, сәтті ата мен әжесі, ал ең бастысы ата-анасының сәтті некесі балаға жақсы тәрбие алуға өз ықпалын тигізеді. Отбасылық тәрбие – бұл, әрине, үлкен адамдардың балаға әсер етуі, бала үлкен адам болуға үйренеді. Ата-ананың бұл процесске қандай байыппен қарауынан, баланың балалардан, ал кейін үлкен адамдардан тұратын ұжымға бейімделуі тәуелді болады. Отбасында тәрбиелену баланы күн тәртібін құруға, тәртіпті, жауапты болуға үйретеді. Ата-аналардан үлгі алып, баланың салауатты өмір салтын қолдануға, спотрпен шұғылдануға, шынығуға тиесілі еткізеді. Бұның барлығы балаға үлкен болғанда қажет болады. Отбасылық тәрбие балаларға, тұлға болуға, қоршаған орта мен адамдарға және олардың еңбегін құрметтеуді үйретеді. Ал, отбасылық тәрбие бұлардың түп-тамыры болады. Ата-ана өзінің білгенін-түйгенін балаларына үйретеді. Ата-анадан басқа бала өмірінде артық ұстаз жоқ. Ата-ана баласының ақыл қабілетін, дарынын үздіксіз дамытады. Ақшаны қалай табу керек екендігін, оларды қалай жұмсау керек екендігін де олар отбасында үйренеді. Балаға қиын емес жұмысты орындауға беріңіз. Басында бұл ойын түрінде өтіп жатсын. Балаға, оның атқарған жұмысы сізге өте маңызды, керек, пайдалы, болғанын көрсетіңіз, сонда ғана сіз балаңыздан ең жақсы көмекші, еңбексүйгіш адамды тәрбиелей аласыз. Отбасында бала сөйлесу, әңгімелесу мәнерін ата-анасынан үлгі тұтып алады.

Бала әрқашан туған-туыстарынан оған жақын және табысты үлкен адамды таңдап алып, оның жүріс-тұрысын, мінез-құлқын қайталайды, немесе сол адамның мамандығын да таңдап алуы мүмкін. Бұл жерде балаға үлкен, әрі достық ұйым әсер етсе жақсы болады. Ал, отбасылық тәрбие әрқашан тұлға дамытудағы ең басты қоршаған орта болып қалады. Бұл әдіс нағыз достық пен адамдарға көмек көрсетуде балаға үлкен сабақ болады. Отбасы неғұрлым мықты, әрі ондағы қарым-қатынас жақсы болса, соғұрлым бала үлкен өмірге жеңіл кіре алады. Отбасылық тәрбие өз жемісін берсін десеңіз, сіздің әдістеріңіз: нандыру, әрине, жеке үлгі қажет. Ата-ана қандай әдісті таңдауы керек: демократиялық немесе бақылаушы? Отбасылық тәрбие, әсіресе, демократиялық әдіс, бала мен ата-ана арасындағы ашық қарым-қатынасты насихаттайды. Балалар отбасылық мәселелерді ата-анасымен тең дәрежеде талқылай алады, баланың пікірімен санасады, ата-анасы жанында, көмектесуге әрқашан дайын. Бұл жағдайда бала өз бетімен жүре алады. Мұндай балалардың психикасы мықты, белсенді, бейімделгіш. Оларды альтурист деуге қиын. Екінші, тәрбиелеу әдісін бақылайтын, бала өміріндегі талқыланбайтын шектеу қолданылады. Мұндай балалар тілалғыш болып өседі, және де абай, қорқақ болады, айтқанынан тез қайтатын болады. Есіңізде сақтаңыз, бала азамат болсын десеңіз, мықты ұстанымы болсын десеңіз, адамгершіл, жауапты болуын қаласаңыз, оны тек шын жүректен жақсы көріп, қадірлеу керек.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
347
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі