400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұлға қалыптасуындағы қарым-қатынас психологиясының мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның білім беру саласын модернизациялаумен байланысты басты мақсаттардың бірі көп деңгейлі үздіксіз білім беру жуйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлға мүдделерінің теңдестігін камтамасыз ету болып табылады. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін сөзге тиек етсек, университет 180 сала бойынша мамандар дайындап, тұлға қалыптастыруда үлкен рөль атқарады. Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті шетелдік ғылым және білім беру мекемелерінде тілдік тағылымдамадан, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын университеттің 600-ден астам оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері үшін халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдардың Тмд, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка,Таяу Шығыс елдеріне шақырулары бойынша кездесулер ұйымдастырады. Ал, енді тұлға қалыптастыру үшін психологияның қандай маңызы бар екеніне тоқталып өтейік.Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік әлеуметтік,психологиялық қырларын ашып,
Материалдың қысқаша нұсқасы
Тұлға қалыптасуындағы қарым-қатынас психологиясының мәні
Қазақстанның білім беру саласын модернизациялаумен байланысты
басты мақсаттардың бірі көп деңгейлі үздіксіз білім беру жуйесінде мемлекеттің,
қоғамның және жеке тұлға мүдделерінің теңдестігін камтамасыз ету
болып табылады. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін
сөзге тиек етсек, университет 180 сала бойынша мамандар дайындап, тұлға
қалыптастыруда үлкен рөль атқарады. Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам
студенті шетелдік ғылым және білім беру мекемелерінде тілдік тағылымдамадан,
сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын
университеттің 600-ден астам оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері үшін
халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен
ұйымдардың Тмд, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка,Таяу Шығыс
елдеріне шақырулары бойынша кездесулер ұйымдастырады.
Ал, енді тұлға қалыптастыру үшін психологияның қандай маңызы бар
екеніне тоқталып өтейік.Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік
әлеуметтік,психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және
қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Адамның әлеуметтік
қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен
қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне
енгізудің жемісі.
Тұлғааралық қарым-қатынас теориясының қалыптасуы тұлғааралық қарымқатынас теориясы пәнаралық сипатқа ие. Өйткені қарым-қатынас процесіндегі
адамдардың өзара байланысы сәйкесінше психологиялық, педагогикалық,
ақпараттық-коммуникативтік, әлеуметтік-нормативтік тұрғыдан әртүрлі пәндер
мазмұнында қарастырылады. Яғни, мұндағы пәнаралылық дегеніміз, қарымқатынас теорияларының көптеген пәндер бойынша алынған білімдердің
жиынтығы. Мысалы, әлеуметтік психологияда бұл теория ХХ ғасырдың 60-80жылдары әлеуметтік әдептерді басқаруға байланысты туындаған.
Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас
даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты
мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “менен”
ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни,
белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі,
дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала
мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау
иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен,
имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді.
Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын
жоғары ұстауынан байқалады. Тұлғалық белгілер — адамның даралық
ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін
және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын
психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның
ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға
теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін,
қалыптасуын қарастырады. Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін

бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткіниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүдделерімен, бейімдерімен,
сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның
дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері тұрғысынан екі
мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен
қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зиятты,
ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық-эмоциялық-психологиялық
сапалары мен көзқарастары.
Қорытындылай келе, тұлғааралық қатынас — этно психологияда әрбір
тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салтдәстүрлері және т.б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық
қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың
абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында
ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол
сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір
түрі болып саналады. Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның
жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып
табылады. Мемлекетке пайдасы тиетін, адамгершілікті адам болу үшін Тұлға
болып қалыптасу керек. Тұлғаны қалыптастыруда психология пәні тікелей
байланысты болып келеді, әрі адамды тұлға етіп қалыптастыратын білім алған
жері, ҚазҰУ университетінің студенттері үлгілі деп айта аламыз.

Тленчиева Н.С
Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Стаcюк А.А
Психология мамандығының 1 курс магистранты
Жалпы және қолданбалы психология
кафедрасы
Марат Аяулым 1-курс студенті
Мемлекеттік және жергілікті
басқару мамандығы,
Экономика және Бизнес жоғары мектебі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университеті
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
11.05.2024
246
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі