400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала психология пәніне арналған, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясын қысқа түсініктеме құралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұлғааралық қарым- қатынас психологиясы

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – білім мен жоғарғы ғылымның орталығы, жоғарғы білім беруде көш бастайтын оқу орны. Еліміздегі білім деңгейі жоғары, ғылым саласы дамыған, қоғамның өміріне елеулі үлес қосқан 90 жылдық тарихы бар қара шаңырақ. Еліміздегі алдыңғы қатарлы, беделді Қазақ ұлттық университеті QS World University Rankings рейтингінде Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша 16-орында. Ұлттық университеттің «Қоғамдық денсаулық» мамандығының бірінші курс бакалавр студенттері бола отырып, жеке оқу жоспарындағы «Әлеуметтік-саясаттану білім модулі» пәні, оның ішінде «Психология» пәнінің ғылыми тұрғыда маңыздылығын, оның біздің мамандығымызға зор ықпалын түсіне отырып, сабақ барысында өтілген тақырыптардың бірі ретінде, қазіргі қоғамның басты проблемаларының бірі жөнінде мақала жазуды шештік.

Біз бұл мақалада тұлғааралық қарым-қатынас психологиясын және тұлғааралық қарым-қатынастағы технологиялар жайлы сөз қозғаймыз. Тұлға-жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Қарым-қатынассыз адамның жекелеген психикалық қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Тұлғааралық қатынас - әрбір халық пен ұлттың этностық қарымқатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әр түрлі көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады. Тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Тұлға аралық қарым-қатынаста осылардың бәрі де көрініс береді.

Қарым- қатынастың қызметтері (функциялары):

1.Байланыстыру, прагматикалық қызмет.

2.Қалыптастыру, дамыту қызметі

3.Растау қызметі

4.Тұлғааралық эмоцияның қатынастарды үйымдадстыру мен іріктеу Қызметі.

5.Тұлғаішіндік қызмет

Сонымен, біз қарым қатынастың түрлерін, қызметтерін қарастырдық. Қарым- қатынас психологиясында көбірек зерттелетін дәстүрлі мәселе- Түлғааралық қарым қатынас.

Тұлғааралық қарым-қатынастағы технологиялар:

  • Шартты рөлдік қарым-қатынас кезінде әңгімелесушінің жеке тұлғасына емес оның әлеуметтік рөліне көңіл аударылады.

  • Іскер қарым-қатынаста әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктері мінезі, жасы, көңіл-күйі ескерілгенімен ісінің одан маңызы басым.

  • Рухани қарым-қатынас бір-бірімен достық қатынастағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл түрінде кез-келген тақырып төңірегінде әңгіме өрбітуге болады. Сөздерді пайдалану міндетті емес, өйткені жақын қатынаста адамдар бір-бірін ым-ишарадан, бет әлпетінен көзқарасынан бірден түсіне алады.

  • Манипулятивтіқарым-қатынас әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерімен байланысты түрлі амал-айлаларды пайдалана отырып жарамсақтану (қорқыту, алдау, арбау, мейірімділікті таныту).

  • Зиялықарым-қатынастыңмәніадамдар ойындағысын айтқаннан гөрі, сол жағдайға сай нәрселерді айтуға тырысады.

Қорытындылай келе, бүгінгі таңда біз үшін психология пәнінің соның ішінде болашақ қоғам мүшесі ретінде тұлғааралық қарым-қатынас нормаларымен, тұлғааралық қарым-қатынас технологияларының маңыздылығын білу өте маңызды. Қоғамның толыққанды мүшесі атану үшін әрбір тұлға психология пәнінің негізгі аспектілерін білуі және түсінуі қажет. Психология өте маңызды, қажетті ғылым саласы.

Тленчиева Н.С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Жусупекова Ә.Ж.

Психология мамандығының 1 курс магистранты

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Булытбай Б., 1 курс студенті

Қоғамдық денсаулық мамандығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.04.2024
235
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі