Материалдар / Тұлғааралық қарым-қатынас тұлғалық дамудың негізі ретінде
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тұлғааралық қарым-қатынас тұлғалық дамудың негізі ретінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал психология пәні туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2024
47
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тұлғааралық қарым-қатынас   тұлғалық дамудың  негізі ретінде



Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Журналистика факультетінің “Қоғаммен байланыс” мамандығының 1 курс студенттеріне психология пәні өтілді.Болтаева Алия Масакбаевна бізге 15 апта сабақ өткен болатын.Жалпы бұл пән тұлғалық даму үшін көмектесетін болғандықтан маған ұнайды.Болашақта мықты маман болуым үшін психологиямен көп жұмыс істеуім керек.Менің мамандығым қоғаммен байланыс, яғни біздің мамандықтың негізгі міндеті халықпен, түрлі тұлғалармен қарым-қатынас орнатуымыз керек.Біз қаншалықты жағымды қарым-қатынас құра алсақ,соншалықты табысты боламыз.Кез-келген кәсіпте тұлғааралық қарым-қатынас құру кәсіптің өркендеуіне алып келеді.Біздің сабақта Алия апайдың берген ақпараттары бізге психологияның сипатын түсінуімізге көмектесті.Психология пәні кез-келген мамандық иесіне керек пән.Менің тұлға болып қалыптасуыма психологиялық білім тірек іспеттес қызмет атқарады

Қарым-қатынас пен мəдениеттің ажырамас тұтастығын көрсететін негізгі жол – тұлғаны дамыту, тəрбиелеу, қалыптастыруда оның қоршаған дүниені қабылдауы, меңгеруі жəне табиғи, əрекеттік, əлеуметтік қатынасы. Әр адам өзін тұлға болуға дайындауы қажет. Қарым-қатынас мəдениеті ұғымының теориясы оны жанжақты талдауға болады.Ғылыми əдебиеттерде бұл ұғымның мағынасын зерттеушілердің теориялық позициясына жəне ұғымның тереңдігіне тəуелді екендігі айтылған.

Қарым-қатынас əлеуметтік нормалар мен адамдардың іс-əрекетті орындау жағдайларына сəйкес тікелей өзара қатынас процесі, адамдардың өзара қатынасы кезінде ойларымен, оқиғалармен, білімдерімен, көзқарастарымен шын ниетімен алмасу процесі. Адамдардың орындайтын іс-əрекет түріне байланысты қарымқатынас та əртүрлі форма мен тəсілге ие болады. Қарым-қатынассыз ешбір іс-əрекет жүзеге аспайды. Тіпті адамдар бір көшеден өту үшін де бөтен адамдардан қалай өту керектігін сұраса, бұл жердің өзінде де іс-əрекет бар.Адам баласы қарым-қатынассыз өмір сүре алмайды.Тұлға болу үшін ең бірінші адамдармен қарым-қатынасты реттеп алу керек.Себебі “айналаң-сенің айнаң” деп бекер айтылмаған. Адамдар үшін қарым-қатынас түрінің терең негіздерін білу – жемісті іс-əрекеттің ажырамас шарты болып табылады.Біз тұлғалық даму жолында түрлі конференцияға,форумдарға барсақта жаңа адамдармен қарым-қатынас құрып,дамушы ортаны қалыптастырамыз.Кез келген табысты адамнан жетістікке жетудің жолын сұрасаңыз оның жауабы адамдармен қарым-қатынастың жақсы болғандығын баяндайды.Адам психологиясында қарым-қатынастың алатын орны ерекше.

Кез-келген адамның психолоиялық денсаулығының мықты болуы тұлға аралық қарым-қатынастың жақсы болуына әсер етеді.Сондықтан да тұлғалық даму жолында айналамызға мән беріп,өзімізге ұнайтын қарым-қатынасты құруымыз керек.Жақсы ата-ана,жақсы дос,жақсы серіктес,жақсы ұстаз,жақсы жар дегеннің бәрі тұлғаның қалыптасуына негіз болатын қатынас түрлері.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!