Тұлғааралық
қарым–қатынасқа арналған психологиялық
тренинг
Жаттығу
1. «таныстырылым» -
қатысушыларға 3 топқа бөліну ұсынылды:
"европалықтар", "жапондар"
және "африкалықтар", содан кейін
әр қатысушы шеңбермен жүріп барлық
ойыншылармен «өз тәсілмен» амандасуы
тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы:
қатысушыларды тренинг жағдаятына
кірістіру.
Жаттығу 2 . «жарнама» -
қатысушылар 2 топқа бөлініп, минуттан
кейін өз тобына жарнама жасауы тиіс.
Жаттығудың психологиялық мағынасы:
топтың жағымды қасиеттерін тану.
Жаттығу
3. «қызықты
санамақ» -
жүргізіші белгілі бір санды айтады, осы
санға сай топ ішінен қатысушылар тұруы
тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы:
топ бірлігін дамыту, сөзсіз түсінуді
дамыту.
Жаттығу 4. «театр:
бәрі қатысатын пьеса» -
қатысушыларды 4 топқа бөліп, бірінші
топ – сценаристер, екінші топ –
режиссерлер, үшінші топ – актерлер,
төртінше топ – критиктер. Бүкіл топ
мүшелерінің міндеті – пьеса жазып оны
ойнату. Жаттығудың психологиялық
мағынасы :топтық шешім кезінде конфликтісіз
шешім қабылдауды дамыту.
Жаттығу
5. «миссис
Мамбл» қатысушылар
өз көршілеріне тісін көрсетпей «
кешіріңіз, сіз миссис Мамблды көрдіңіз
бе?» деген сұрақ қояды. Оған көршісі «
жоқ , көрмедім. Бірақ көршімнен сұрайын»
деген жауап береді. Жаттығудың
психологиялық мағынасы: жағымды
эмоцианалды фонды құру және қатысушыларды
ашу.
Жаттығу 6. «не
істегенімізді тап» -
қатысушылар белгілі бір іс – әрекетті
көрсетеді, ал басқа қатысушы сол іс –
әрекетті табуы тиіс. Жаттығудың
психологиялық мағынасы: топты біріктіру
.
Жаттығу 7. «имитатор» -
қатысушыларға белгілі бір эмоциясы бар
жануарлар жазыған парақшалар беріледі.
Қатысаушылар сол жануарды бейнелеуіт
керек. Жаттығудың психологиялық мағынасы:
қатысушыларды эмоциялық жа,жағынан
ашу.
Жаттығу 8. «психологиялық
көмек» -
қатысушыларға «мені мынау үшін жақсы
көрмеуі мүмкін ....» сөйлемін аяқтау
беріледі. Ал көршісі «бәрібір сен
жақсысын, өйткені ......». Жаттығудың
психологиялық мағынасы: қатысушылардың
төмен өз бағалауын көтеру.
Жаттығу
9. «қоңырау» -
қатысушылар бір – біріне тығыз тұрып,
шеңбер жасайды. Бір қатысушы сол шеңбер
ортасына тұрып, босаңсуы керек. ал
басқалары оны тербетеді. Жаттығудың
психологиялық мағынасы: топ мүшелеріне
деген сенімділікті арттыру.
Жаттығу
10. «мен
саған сыйлаймын» -
қатысушылар бір – біріне алғыс айтып,
бір – біріне жесттермен сыйлық сыйлайды.
Жаттығудың психологиялық мағынасы:
тренингті қорытындылау , жағымды
эмоционалды фонда бекіту.
Тренинг
жақсы әдістемелік кезеңде өтті. Студенттер
тренингке қызығушылықпен, жағымды
атмосферамен қатысты. Бұл шара топ
ішінде сенімділікті, ашықтықты,
ұжымшылдықты дамытуға ықпал етті.