Тұлғананың мотивациялық сферасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұлғананың мотивациялық сферасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала тұлғаның психалогиясы жайында жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала

Тұлғананың мотивациялық сферасы

Тұлғалық мотивацияны қозғамас бұрын мотивацияның не екенін түсініп алсақ. Мотивация- адам бойындағы қажеттілікке жеткізетін ниет. Мотивация әр адамға әрқалай берілуі мүмкін. Бір адамға сөзбен,ал бір адамға іс-әрекетпен. Мен үшін мотивацияның алар орны ерекше. Кішкентай кезімнен көп затты армандап,сол арманға мақсат қою арқылы жететінмін. Бала кезімнен үлкен экранға шығып,танымал болу армандарымның бірі болатын. Сол арманға ниет пен іс-әрекеттің арқасында қол жеткіздім. Тұлғалық мотивация да осы кішкентай армандардың іске асуынан жүзеге асады. Мотивация менің өміріме қалай әсер етті?

Мектеп бітіруіме 1 жыл қалғанда «қандай мамандық иесі атанамын»-деген сұрақ мазалай бастады. Қазақ айтпақшы, адам екі нәрседен қателеспеуі қажет. Ең біріншісі мамандық таңдаудан, екіншісі жар таңдаудан. 11 сыныпқа көшкен кезде көп ойландым,кішкентай кезімдегі арманымды жүзеге асырсам ба екен,әлде грантқа түсу үшін ұнамайтын мамандықты таңдасам ба деп. Ата-ана тарапынан ешқандай қысым көрсетілмеді.Керісінше мені қолдап, өз жүрегіңді тыңдап, қалаған мамандықты таңда деп барлық жауапкершілікті өзіме қалдырды. Егер де мен сол кезде грантты ұтып алу мақсатында ғана мамандық таңдасам, бәлкім өмір сүруге, жоғарғы оқу орнына түсуге деген ниеттің бірі де болмас еді. Өз қалауымды таңдау барысында, ары қарай қиындықтарға көз жұма қарап тек қолымнан келген істі жасай бердім. Ата-анамның маған артқан үмітін ақтап,өз қалауымды іске асыру ниеттің дұрыс бағытта жүзеге асыруым деп білемін. Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінде білім алып жатырмын. Бұл универге түскеніме ешқандай өкініш сезімі жоқ. Оған себеп, талантты жастардың көп болуы,студенттік өмірдің айқын көрінісін көрудемін. Қазіргі таңда мен 1 курсты аяқтап, көп ақыл жинап,өсе бастадым. Маған берген мұғалімдер де өз істерінің маманы. Психология маған бұрыннан қызық ғылым болып көрінетін бірақ, тереңінен үңіліп қарамаппын. Университетте психология ғылымынан да дәріс аламыз. Бізге бұл сабақтан Болтаева Алия Масакбаевна дәріс оқиды. Аз ғана уақытта мен адам бойындағы эмоцияны, мотивацияның түрлерін, тұлғалық даму, психологияның адам денсаулығына берілетін әсерін т.б. тақырыптардан терең білім алдым. Барлық дәрісті қорыта келе, мотивация туралы өз ойыммен бөліскім келді.

Қорыта келе, тұлғалық мотивацияны Алия апайдың дәрісінен үзіндісімен аяқтайын. Тұлғалық мотивация-іс-әрекеттің бірнеше түрлерінде жүзеге асатын,адамның қажеттіліктердің, мақсат мотивтердің әрқайсысы өз алдына мотивациялық диспозиция ретінде өмір сүрмейтінін, керісінше олардың бір-біріне бағыныштылығы немесе басымдылық белсенділігімен сипатталады.







Журналистика факультетінің 1 курс студенті:Әбілда Айдана

Оқытушысы: Болтаева А.М

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.04.2024
142
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі