400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тұлғаны таны» сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Егіншілік және мал шаруашылығындағы мамандық. Нарық түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға егіншілік және мал шаруашылығындағы мамандықтарын, нарық түрлері туралы түсіндіру;

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті қалыптастыру, танымдық қызығушылықты дамыту;

Тәрбиелік: әдемілікке, сұлулыққа, талғампаздыққа тәрбелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың көрнекілігі: буклет

Пәнаралық байланыс: география

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

  1. Шаруашылықтың қай саласы өндіруші мен тұтынушы арасындағы тауар айналымын қамтамасыз етеді?

  2. Сауда саласындағы мамандықтардың қандай түрлерін білесіңдер?

  3. Сатушы-консультанттан не талап етіледі? Сатушы-консультант болып жұмыс істеу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

  4. Көтерме сауда менеджері болып жұмыс істеу үшін қандай қасиеттер керек?

  5. Еңбек дегеніміз не?

  6. Еңбек ресурстары дегеніміз не?

ІІІ Жаңа сабақ

Ауыл шаруашылығының негізгі салаларында жер шаруашылығы мен мал шаруашылығы жатады.

Жер шаруашылығы саласына өсімдік, көкөніс, жеміс-жидек, гүл өсіру шаруашылықтары және т.б. жатады. Бұл саладағы мамандықтар фермер, агроном, лаборант-эколог, селекционер және т.б.

Фермер. Фермелердің жұмысы ауылшаруашылық өнімдерін және малшаруашылық өнімдерін өндірумен байланысты. Фермер өндіріс ғимараттарында (жылы-жай, ферма және т.б.), сол сияқты ашық ауада жұмыс істейді. Фермер әртүрлі жұмыстармен айналысады: құрылыс жұмыстары, ауылшаруашылық техникасымен жұмыс істеу және оны жөндеу; мал шаруашылығында қарамағындағы малды көбейту және емдеу; жер шаруашылығында көкөніс, жеміс-жидек және дәнді дақылдарды өсіру, тарату және т.б. Фермерлік шаруашылық көпсалалы, сол сияқты маманданған бір салаға бағытталған болуы мүмкін.

Фермер болып жұмыс істеу үшін денсаулық, еңбексүйгіштік, оптимизм, ауа райының жағымсыз күндеріне, сәтсіздікке шыдамдылық қажет.

Агроном ауылшаруашылық жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастырумен айналысады, өсімдіктерді зертхана жағдайында және егістік жағдайында зерттейді. Жер ресурстарын ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға қатысады.

Агроном мамандығы бойынша жетістікке жету үшін адамның бойында мынадай қасиеттер болу керек: өз іс-әрекетінің нәтижесін алдын ала болжай алу, өздігінен шешім қабылдай білу, күтілмеген жағдаяттарды тез іс-әрекет жасау, есте сақтау қабілеті жоғары болу, болып жатқан нәрселерге мен бере қарау. Агроном барлық уақытта ашық аспан астында жұмыс істейтін болғандықтан ауа райының кез келген жағдайында дайын, денсаулығы мықты, өсімдікке және т.б. аллергиялық реакциясы жоқ болуы керек.

Лаборант-эколог су, жер, ауа, өсімдік жағдайында зерттейді.

Селекционер өсімдіктердің жаңа сұрпын шығарумен және ауыл шаруашылығы жұмыстарын жобалы түрде жүргізумен айналысады. Ауыл шаруашылығының жобалы жұмыстарына жергілікті жердің ерекшелігін, ауа райын, өсімдік сұрпын, өсімдіктің дамуын және өсуін бақылай отырып оны қорғау, өсу барысында режім сақтау және т.б. жатады.

Мал шаруашылығы – бұрында да, қазіргі кезде де адамда ерекше қызығушылық туғызатын сала. Бұл шаруашылық бізге ет, сүт, жұмыртқа, бал сияқты өте құнды азық-түліктер берсе, жеңіл өнеркәсіпке шикізат (жүн, тері және т.б.) береді.

Мал шаруашылығымен байланысты мамандықтар өте көп, біз соның ішінен кейбіреулеріне ғана тоқталамыз.

Мал өсіретін фермаларда және сүт бағытындағы кешендерде ең кең тараған мамандық – оператор. Механикаландырылған фермаларда сүт сауатын машиналарда оператор жұмыс істейді. Қазіргі кездегі ферма жұмысшыларынан талап етілетін нәрсе – әртүрлі жабдықталған машиналармен, микроклиматты басқарып отыру үшін автоматты құрылғыларымен, сондай-ақ жарықтандыру аппараттарымен жұмыс істей білу.

Нарық түрлері. Тест

1. Еңбек ресурстарын кімдер ресми түрде енгізіле алмайды?

а) программистер б) жұмыссыз балташылар

ә) мұғалімдер в) зейнеткер-металлургтер

2. Болашақта кәсіпкерлер жаңадан қызметкер алғанда мынаған назар аударатын болды...

а) жынысына б) нәсіліне

ә) біліміне в) дене тұрпатына

3. Автомобиль зауытында қызметкерлердің жоғары жалақы мөлшеріне тікелей не әсер ете алады?

а) автомобильге сұраным және еңбек өнімділігі

ә) кәсіподақтың жалақыны көбейту туралы талабы

б) үкіметтің төменгі және жоғарғы жалақы жөніндегі заңдары

в) Жапониядан импортпен әкелінетін автомобильдер бағасы

4. ҚР-дегі еңбек туралы ҚР Заңы қашан қабылданды?

а) 1997 жылғы 10 қыркүйекте б) 1999 жылғы 10 желтоқсанда

ә) 1998 жылғы 10 қарашада в) 1996 жылғы 10 қазанда

5. Мыналардың ішінде қайсысы қызметкердің міндеті болып саналмайды:

а) еңбек тәртібін сақтау

ә) қызметкерлерге сынақ мерзімін белгілеу

б) өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау

в) кәсіпорынның құпиясын жария етпеу

6. Жұмысқа қабылдаудағы төменгі жас мөлшері...

а) 18 жас ә) 16 жас б) 15 жас в) 14 жас

7. Жұмыс аптасының қалыпты ұзақтығы...

а) 40 сағат ә) 36 сағат б) 28 сағат в) 24 сағат

8. Қай қызметкерлер үшін сынақ мерзімі белгіленбейді?

а) зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге

ә) маусымдық қызметкерлерге

б) үй қызметкерлеріне

в) үйде тапсырыспен жұмыс істейтіндерге

9. Жалақыға әсер ететін нарықтан тыс күштерге не жатады?

а) бастықтарға сұранымның көбеюі

ә) ұсталардың жалақысының азаюы

б) аты-жөні дауысты дыбыспен аяқталатын адамдарды жұмысқа алғысы келмеу

в) әуе желілерінде жұмыс істейтін ұшқыштардың көбейіп кетуі

10. Қай құжатта төменгі жалақы мөлшері көрсетіледі?

а) баланс ә) бұйрық б) бюджет в) проспект

11. Кәсіптік одақтар туралы ҚҰ Заңы қашан қабылданды?

а) 1992 жылғы 5 сәуір б) 1993 жылғы 9 сәуір

ә) 1995 жылғы 7 шілде в) 1994 жылғы 4 шілде

12. Кейбір адамдар төменгі жалақыны көбейтуге неге қарсы?

а) олар бұл жұмыссыздықты көбейтіп жібереді деп қауіптенеді

ә) бұл өндіріске шығатын шығынды көбейтеді

б) төменгі жалақыны көбейту тұтыну бағасы мен тапшылықтың өсіп кетуіне әкеледі

в) жоғарыда айтылғандардың барлығы

ІҮ Жаңа сабақты бекіту

1. Ауыл шаруашылығы салаларын атаңдар.

2. Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығына байланысты қандай мамандықтарды білесіңдер?

3. Сендер тұратын жергілікті жерде қандай мамандықтар бар?

4. Еңбек ресурстарын кімдер ресми түрде енгізіле алмайды?

5. ҚР-дегі еңбек туралы ҚР Заңы қашан қабылданды?

6. Жұмысқа қабылдаудағы төменгі жас мөлшері қандай?

Ү Сабақты қорыту. Міне, қыздар бүгін егіншілік және мал шаруашылығындағы мамандықты, нарық түрлерін білдік.

ҮІ Үйге тапсырма. § 44 оқу.

ҮІІ Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жауап беруіне қарай білімдерін бағалау.

ҮІІІ Рефлексия

ІХ Жұмыс орнын ретке келтіру












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
7 шілде
1503
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі