15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ТҰЛҒАНЫ ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі десек болады.
Осыған орай Қазақстан Республикасы «Білім туралы заңында» жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқылығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Яғни, «Білім туралы заңында» әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткенім жөн деп санаймын.
Қазақ
мәдениеті - ғасырлар бойы қалыптасқан
ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің
негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық
тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың
қозғаушы күші болып табылады. Әрбір
халықтың тарихи тіршілігі мен рухани
тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі
рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан
тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын
біз халық педагогикасы дейміз. Халық
педагогикасы -халықтың мәдени мұрасы.
Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық)
этностық ерекшеліктеріне байланысты
дамып, қалыптасқан.
Ал, ұлттық тәрбие
мәселесі - адамзат тарихынан өнбойына
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан
ұлы мақсат. Бүгінде адамзаттың өркениеттің
өзгеше биігіне көтерілген, үшінші
мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де
жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұра
болып Қазақстандық патриотизм, азаматтық
парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар
мен ар тазалығы және тағы басқа қасиеттерді
жатқызамыз.
Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.
Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қалың елім Қазағым" атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазады: «Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзентті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды.»
Әрбір ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге байланысты дамып, қалыптасқан. Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрлерінен құралады. Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан үйренуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін, ойын, іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң көркемдеп көрсетіп үйрету арқылы жеке тұлғаның адамдық қасиетерін қалыптастырып, кісілік сана сапасын арттырады. Қазақ халқының аса бай ұлттық әдебиеті, қайырымды, әдепті салт-дәстүрлері оның этностық (ұлттық) ерекшеліктерін көрсетеді де, ол жеке тұлғалардың ұлттық қасиеттерін қалыптастырады.
Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу - міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса ондай тұлға ұлт алдында “мәңгүрт”, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.
Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру - ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де,барлық білім беру ұйымдарында да ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
Ұрпақ тәрбиесіне кешігу дегеніміз мертігумен бірдей.Тәрбие бала тумай тұрып, дүниеге келмей тұрып берілуі тиіс. Сондықтан қатардағы пендені нағыз толық қанды тұлғаға айналдыру үшін ұллттық құрдылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор .
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
индивиттік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамыту, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды шешім қабылдауды үйрену;
шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
оқушылдардың сана-сезімін қалыптастыру;
жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездері қалыптыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана біз мақсатқа жете аламыз.
Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы негізгі құралдарға мыналарды жатқызуға болады:
сыныптағы тәрбие сағаттары;
баспасөз және қабырға газеттері;
бұқаралық ақпарат құралдары;
тәрбие шаралары(пікірталас,тәрбие сағаты,кеш, дәріс, таным-өнеге сағаттары, т.б.)
кітап оқу;
мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру;
шығармашылық жобалар қорғау;
қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау;
саяхат жасау;
үйірмелерге қатысу.
Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, т.б. ұлттық құндылықтар аясында кеңейту - өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру. Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат құруы шарт. Яғни ол өзінің өсу, есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де үйлесім таба білуі тиіс. Сонда ғана тұлға бойында ұлттық рухани қасиеттер бірте-бірте қалыптасары сөзсіз. Тұлға бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастырудың көзі, отбасы, әулет, әлеуметтік орта, мемлекет болса, ұлттық құндылық қазақ патриотизм ұлттық салт-сана, ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық салт-дәстүр, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтың жоғары көрсеткіші. Тәрбиенің негізі болып саналатын адамзаттық құндылықтардың бірі тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адамдарды сүйе білу қажетті болып табылады.
Қорыта
айтқанда, бүгінгі күнде жастарды әдепті
де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен
тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық
дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды,
дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған
насихат-мұраларды жастардың санасына
сіңіре білуіміз қажет. Тәрбиенің көзі
ата-бабамыздан қалған мұралар мен дана
сөздер десек, біз соларды насихаттайтын
жүргізушіміз. Бүкіл қоғам болып қолға
алып, мәдениетті, тәрбиелі болып жүруді
әрқайсысымыз өзімізден бастасақ, жас
ұрпақтың тәрбиесі де өз жемісін берері
анық.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Әбдіқасымов Р., Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ. Ұлттық тәлім-тәрбие. Дайындық курсының бағдараламасы. – Ж., 1993.
Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – А.: Әл-Фараби, 1995
Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. –А.: РБК, 1994.
Толегенова А. Б. Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу // Молодой ученый. — 2015. — №7.2. — С. 64-65. — URL https://moluch.ru/archive/87/17229/ (дата обращения: 15.04.2019).

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген