400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Тұлғаның адамгершілік қасиеттері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тұлғаның адамгершілік қасиеттері.

Мақсаты:Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету

Міндеті: Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты,білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.
Студенттердің өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыландыру

Сабақтың жоспары:

  • «Адамгершілікке бір қадам» тренингі

  • Адамгершілік туралы түсінік беру

  • «Нұрлы күн» тренингі

  • Сергіту сәті

  • «Адамгершілік ағашы» тренингі

Сабақтың әдісі: пікірталас

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Сюжетті видео, нақыл сөздер, слайд.

Нақыл сөздері: «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» Б.Момышұлы, «Әр адамның бойында күн бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңіздер» (Сократ).

Кіріспе:

Сабағымызды «Адамгершілікке бір қадам» тренингімен бастаймыз. Ол үшін адамгершілік шеңберін құрып бір-біріміздің қолымызды қысып ұстап, көзімізді жұмамыз. Жаныңдағы адамнан не сезіндің қандай жылулық сезіндің соны дауыстап айтамыз.

«Жақсы сөз-жарым ырыс» дегендей көңіліміз көтерілді ма, нұрланды ма?

Тақырыпқа сәйкес ой қозғауға студенттерге төмендегідей сұрақтар беріледі.

  1. Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі – өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң, дейді Абай атамыз, -өзі үшін оттаған хауанның бірі боласың». Ақылды, мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам – ардақты адам. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза.

  1. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?

«Адам атаулының жақсы қасиеттерімен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Өмірде жаман адам тумайды. Ішінде жатқан қара түнекті оятып алмау керек, одан да адамның ішіндегі күнді жарқыратып, нұрландыруымыз екрек. Жағымсыз қасиеттерге: жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, қорқақтық, менмендік, қатігездік ашу, ызақорлық.

Жақсы қасиеттер, яғни, шыншыл, мейірімді, кешірімді, еңбекшіл, ақылы мол адамда болады. Осының бәрі рухтан туындайды. Рух дегеніміз-адам бойындағы бір күшті қуат, сезім.

  1. Адамгершілік туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

  2. Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәдениетті болу деген күнделікті өмірімізде кездесетін ұйқыдан тұрғанда жақындарыңы «Қайырлы таң!» деп айту. Тамақ ішіп болған соң «рахмет» айту. Телефонға біреуді шақырғанда «Рұқсат болса», байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз» деу керек.

«Нұрлы күн» тренингі

Мына күнге қарайықшы. Осы жарық күнді біз мейірман шуағын төгетін құдіретті анаға теңейік. Бірақ күніміздің бетін жартылай бұлт басып тұр, яғни ана жүрегіндегі көлеңке сезімі. Күннің бетіндегі бұлттардан құтқарып, яғни сұрақтарға жауап беру арқылы, ана көңілін сергітуіміз керек. (Студенттер шығып, күн үстіндегі бұлттарды суырып ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, күннің бетін ашады.

  1. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы атамыздың сөзін қалай түсінесің? (өтірік айтпау, шыншыл болу, ар-намысты болуға шақырады)

  2. Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың

«Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз» деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады?

Ол қандай қасиеттер?

(өсек, өтірік, мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашпақ.

талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

  1. Адамның адамгершілік қасиеттерін ата? (Жақсы қасиеттер, яғни, шыншыл, мейірімді, кешірімді, еңбекшіл, ақылы мол қайырымды, мейірімді, адал, ақ көңіл, еңбекқор, әділ, ақылды, парасатты)

Адамның жағымсыз қасиеттерін ата? (Жағымсыз қасиеттерге: жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, қорқақтық, менмендік, қатігездік ашу, ызақорлық)


Мінекей, күніміз жарқырап шыға келді. Сонда балалар, өтірік ші, мейірімсіз, жалқау, қайырымсыз, еріншек сияқты жағымсыз қасиеттерден аулақ жүрсек өміріміз күн секілді нұрланады екен. Ашылған күннің соңындағы кемпірқосаққа назар аударайықшы, нұр үстіне нұр болып төгіліп адемі көрініс беріп тұр. Бұл жеті түс адам өміріне керекті жеті ереже.

1-түсі: Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.

2-түсі: Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңдер.

3-түсі: Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңды, күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.

4-түсі: Әнді жиірек тыңдаған дұрыс.

5-түсі: Басқалардың қажетіне қарай білуге тырыс.

6-түсі:Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.

7-түсі: «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі-жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі» деген сөз әрдайым жаныңда жүрсін.

(адамгершілік туралы видео көрсетіледі)

  1. Бұл жерде не көріп отырмыз?

  2. Іштеріңнен анаға деген адамгершілік сезім оянды ма?

  3. Адамгершілік көріп тұрмыз ба?

  4. Бұл жерде қатігездік көрініс алып тұр ма?

Ойланып шаршаған болармыз, кәне, мұғалімдер, студенттер орнымыздан тұрып, би билейік бойымыз сергісін.

(би қойылады)

«Адамгершілік ағашы» тренингі

Біз адамдар бойында кездесетін жағымсыз қасиеттерді айттық, енді жағымды қасиеттерді қолымыздағы алмаларға жазып, дауыстап оқып, адамгершілік ағашына бұтағына жапсырайық.

Міне, балалар көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бұлттан қорғадық, артынан жадырап кемпірқосақ жадырап керілді, осындай әсем табиғат аясына асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашын» өсірдік.Осы әсем ағаш алдағы уақытта сіздерге сая болсын, бір-біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын, үнемі қайырымды, мейірімді, адал, ақ көңіл, еңбекқор, әділ, ақылды, парасатты болыңыздар! Әрқашанда бойымызда осындай жақсы қасиеттер көп болса, барлық әлем нұрға толы болады.

Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды, адамгершілік шуағы сөнбесін,сау болыңыздар!










Ақпарлама

9-желтоқсанда «Тамақтандыруды ұйымдастыру» 1-курс студенттеріне «Тұлғаның адамгершілік қасиеттері» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты,білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау. Студенттердің өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыландыру.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1809
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі