400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

ТҰЛҒАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының зкологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналған жұмыстар берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҰЛҒАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жанулова Гульшат Мухамбетрахимовна

Бастауыш сынып мұғалімі

«Жезқазған қаласының білім бөлімінің №8 гимназиясы» КММ

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы


Табиғи және әлеуметтік өзгерістердің көп болуы және олардың жаһандануы адамзатты оның ары қарай тіршілік ету мүмкіндігі туралы ойландырмай қоймайды. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған міндет экологиялық мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу. Бүгінгі күні экологиялық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі болып қоғамның экологиялық мәдениетінің төмендігі болып табылады деп сеніммен айтуға болады. Қазіргі кездегі экологиялық жағдай қоғамның, адамның өмір сүру ортасына деген қарым – қатынасына басқаша қарауға мәжбүр етті. Экологиялық мәселелер адамдардың табиғи ортаға деген рационалды емес қарым – қатынасының салдары ретінде пайда болды. Ендігі кезде экологиялық апаттан қалай құтылу немесе оны бастан өткізу туралы емес, оның техногендік және экологиялық – мәдени салдарын қалай жеңілдетуге болады деген сұрақ туындайды. Мәдениет өзінің даму барысында белгілі бір мағынада өзі мәселелерді туғызды және сол мәселелерді шешу үшін біз қазір мәдениетке жүгінеміз. Ян Щепаньскидің пайымдауынша: «Ұрпақтан – ұрпаққа берілетін белгілі бір идеялар болады. Бұл идеялармен құндылықтар жүйесі байланысты. Олар индивидтер мен топтың іс - әрекеті, мінез – құлқын, қабылдау және ойлау әдісін анықтайды. Бұл барлық жиынтық мәдениет деп аталады» [1, 33-бет]. Экологиялық мәдениеттің институционалдық аспекті тұлғалық аспектімен тікелей өзара байланысты. Экологиялық мәдениеттің негізінде әлеуметтену процесі барысында қалыптасатын тұлғаның әлеуметтік қасиеттері жатқандықтан бұл процесті қарастыруды жөн көрдік. «әлеуметтену» түсінігіне ғылыми әдебиетте екі түрлі интерпретация жасалады. Кейде бұл түсінікті адамның тарихи қалыптасуы мен даму процесіне жатқызады. Көбінесе бұл түсінікті жеке индивидтің әлеуметтік қалыптасу процесімен байланыстырады. Кон И. С. « Тұлғаның әлеуметтенуі бұл –оның барысында нақты тұлға қалыптасатын,индивидтің әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі» [2, 22-23бет]. Әлеуметтік бейімделу бұл – қоғамның өмір қарекеті барысындағы рөлдік функцияларға, әлеуметтік нормаларға, оның өмір қарекетінің ортасы болып табылатын әлеуметтік институттарға бейімделуін білдіретін индивидтің әлеуметтенуінің бірінші фазасы. Интериоризация бұл – әлеуметтік іс – әрекет ненгізінде әлеуметтік ортаның нормалары мен құндылықтарын меңгеру арқылы адам психикасының ішкі құрылымының қалыптасу процесі. Басқа сөзбен айтқанда интериоризация бұл – сыртқы ортаның элементтерін ішкі «Менге» ауыстыру. Сөйтіп, егер әлеуметтік бейімделу процесінде адамның әлеуметтік ортаға бейімделу процесі жүрсе, интериоризация үдерісінде әлеуметтік жүйе тұлғаға әсер ете отырып, адамның ішкі Мені арқылы......оның мінез –құлқының өзгеруінде көрініс табады [3, 362-363 бет ]. Құндылықтық бағыттар – адамның қоршаған әлемге қарым –қатынасын, мінез –құлқын анықтайтындықтан адамның жеке даралығын білдіретін маңызды сипаттамасы. Тұлғаның құндылықтық бағыттарының қалыптасуы – ұзақ және күрделі үдеріс. Оған әлемдегі, елдегі, аймақтағы жағдай, бұқаралық ақпарат құралдары, аз топтың (жанұя, достар) құндылықтары әсер етеді. Экологиялық құндылықтарды меңгеру жанұяда басталады. Балалар экологиялық білім мен мінез–құлық стереотиптерінің алғашқы сабақтарын жанұядан, бәрінен бұрын ата –анасынан алады. Баланың экологиялық білім алуында мектептің ролі маңызды.Мектеп өсіп келе жатқан буынның экологиялық білімінің көзі ғана болып қоймай, сонымен бірге табиғатқа қатысты жауапкершілік, экологиялық білім алуға деген қызығушылық, қоршаған ортаға қатысты әр түрлі іс –шараларға қатысуға тырысу сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Көптеген зерттеушілердің ойынша, экологиялық білім беруде мектептің әсері ата –ананың білім берудегі әсерінен асып түспесе кем түспейді. Жанұя, мектеппен қатар әр түрлі экологиялық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. экологиялық білім берудің көзі болып табылады. Экологиялық тәрбие –қазіргі таңдағы білім саласындағы ең бір басты бағыттардың бірі. Бастауыш сатыда бір заттар мен табиғат құбылыстарды жүйелі түрде бақылау,зерттеу, эксперимент жүргізу негізінде жүзеге асады. Ол ойын түрін, бейнелеу,модельдеу т.б. іс әрекеттерін енгізеді. Мен 1-4 сынып оқушыларына «Жас табиғаттанушы» таңдау курсының бағдарламасын құрастырдым. Бұл бағдарлама табиғатты жаңа танып келе жатқан бастауыш сынып оқушыларына арналған.Ұсынылып отырған бағдарлама оқушыларға тірі және өлі табиғат, адам және табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы білімді игеруге көмектеседі.Ол оқушыларға экологиялық тәрбиемен қатар қоршаған ортаға,табиғатқа мейірімділікпен қарауға тәрбиелейді. Негізгі ұғымдар дүниетану пәнімен байланыса отырып, ҚР білім стандартына негізделіп алынған. Мақсаты:Оқушыларға адам, табиғат, қоғам және олардың байланысы туралы білім беру. Дүние туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыру.Денелер, нәрселер, құбылыстар туралы ұғымдарды түсіндіру.Қоршаған орта жайлы білімді оқушылардың өздігінен меңгеруге және оны қолдана білуге үйрету. Міндеттері: 1) табиғатты қорғау саласында оқушылардың білімдерін жүйелеу, нақты мысалдар келтіре отырып, суреттермен көрсете отырып нақтылау 2) жас ерекшеліктеріне сай табиғаттану түсініктерін жинақтау; 3) Баланың эмоционалды сезімін байыту.Табиғаттың сенімді досы болуына көмектесу.4)анықтамалармен,энциклопедиямен жұмыс жасауға үйрету.Берілген тақырып бойынша өздігінен ізденуге дағдыландыру; 5)Баяндама жасап, оқуға , сөзжұмбақ шешуге,тұсаукесер дайындауға үйрету Беріліп отырған материалдың алуантүрлігі оқушының танымдық қабілетін белсендіріп, дүниетану сабағына қызығушылығын арттырады. Сабақта сұрақтар мен тапсырмалар білімді әр түрлі деңгейде(репродуктивті, продуктивті, шығармашылық), қабылдауға , оқушының жас ерекшелігіне, жеке қабілетіне бағытталып жасалады. Зерттеу объектісі: «адам-қоғам-табиғат» арасындағы біртұтастықты үйлестіру Болжам:Экологиялық таза ортаны сақтау – бұл «адам-қоғам-табиғат» арасындағы біртұтастықты үйлестіру болып табылады, өйткені, қоғам қоршаған ортаның болашақ ұрпақ үшін қажеттілігін сезінеді. Күтілетін нәтиже: Оқушылардың қоршаған орта туралы білімдері кеңейеді;

Ғылымға деген қызығушылығы артады;

Зерттеушілік қабілеті дамиды;

Экологиялық проблемаларды шешудегі жеке басының жауапкершілігі қалыптасады;

Алған білімін күнделікті өмірде қолданады;

Бейіндік біліктілігін дамытады;

Қазіргі заманғы адамның экологиялық мәдениетінің қалыптасуының негізгі факторы, басты құралы қазіргі кезде қалыптасу кезеңінен өтіп жатқан экологиялық тәрбие, білім беру жүйесі болу керек. Сонымен қатар, біз экологиялық мәдениеттің қалыптасу барысында бір – бірінен айырмашылығы бар, бірақ ажырамас екі құбылыс–білім және тәрбиемен жұмыс жасайтындығымызды бөліп көрсету қажет. Бұл экологиялық білімнің, экологиялық ақпараттың өзіндік, адамды ойландыратын, қалыптасқан көзқарастарды және психологиялық құрылымдарды қорытатын тәрбиелік мәні, қуаты болуымен байланысты. Экологиялық дағдарысты тоқтату үшін адамдардың іс – әрекетін басқаратын өмірлік бағыттар мен жүйелік құндылықтарды өзгерту қажет. Ол үшін жоғары білім және жоғары экологиялық сауаттылық керек. Осы мәселеге қатысты қоршаған ортаны жақсарту және қорғау саласындағы білімге аса көңіл бөлу маңызды. Бұл жерде қоғам дамуының мәселесін шешуде қоғамның оны еңсеру үшін адамның қандай типін қалыптастыруы үлкен мәнге ие.

Экологиялық білім және тәрбие беру барысында білім, тәрбие беру үдерісінің мазмұнын, құрылымын, мақсатын анықтайтын бірнеше функциялар орындалу керек. Солардың ішінде мыналарды бөліп көрсету қажет :

табиғи ортаға қатысты заңдар туралы білімді қамтитын экологиялық –білімділік;

қоғамның қоршаған ортамен қарым –қатынасын меңгерудің негізіндегі тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған тәрбие беру функциясын;

табиғатқа деген өнегелілік – этикалық қарым –қатынастардың қалыптасуына жауап беретін гуманистік функцяны;

табиғатты қорғау қызметінің, іс –әрекетінің тәжірибесін игеру мен халыққа жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық функцияны.

Күнделікті өмірде экологиялық сауатсыздықтың көріністерін байқауға болады. Экологиялық сауатсыздықтың салдарынан Арал, Каспий теңіздерінің мәселесі, қаламыздың газбен ластануы т.б. мәселелер туындап отыр. Тек өндіріс саласында ғана емес, тұрмыста, демалыс орындарында да білімсіздіктің белгісін көруге әбден болады.

Бүгінгі күні тек жеке әлеуметтік топтың ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамның экологиялық сауаттылығының төмен деңгейі туралы айтуға толық негіз бар. Осыған байланысты табиғатқа қатысты адамның жауапкершілік сезімін ояту, қалыптастыру, экологиялық тәрбие, білім басты мәселеге айналады. Экологиялық білім беру ерекшелігінің мәні, оның «алдын алу» принципіне негізделу керек екендігінде.

Қоршаған ортаны қорғау мәселесі туралы негізгі білім мектеп қабырғасынан алынады. Экологиялық білімді, көзқарасты, өнегелілікті, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың мақсаттарын жүзеге асырудың негізін мектеп құрайды. Тұлға іс – әрекет барасында дамитын болғандықтан экология саласында алынатын білімдер қоршаған ортаны қорғаудағы нақты іс –әрекеттермен бекітілуі тиіс.

Экология мәселесіне байланысты зерттеу жұмыстарына мектеп оқушыларын көптеп тарту олардың өзіндік экологиялық санасының қалыптасуына әсер етеді. Экологиялық іс – шараларға қатыстыру, осы мәселеге байланысты әр түрлі дөңгелек үстелдерге, конференцияларға қатысу, түрлі ұйымдарда жұмыс істеу және сенбіліктерге, көгалдандыру үдерісіне қатыстыру қажет. Оқушылар өздері ауланы тазалағанда ғана немесе т.б. экологиялық шараларға қатысып, өзі еңбектенгенде ғана біреудің еңбегінің қадірін түсінетіндігін айтады.

Тренингтер арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту тәжірибемнен:

1 -жаттығу

Балаларға «Жасыл жәшік» ұсынылады. Бұл жәшіктің ішіне балалар қағазға табиғатқа деген ең жылы лебіздерін жазып, жәшіктің ішіне салады. Балалар табиғатқа не қажет, және не жетіспейтіндігін жазады. Балалар жазатын парақшаларды қандай да бір стильде жасауға болады, мысалы парақшаларға ағашты немесе шөптерді т.б. бейнелеуге болады. Мұндай жаттығуларды жыл мезгілдерімен байланыстырып жасауға болады. Сонымен қатар жыл мезгілдері өзгерген сайын немесе экология үшін жағымсыз ауа райы болғанда осындай жаттығуларды жасауға болады.

«Жасыл ел» қабырға газеті.

Қабырға газетінде «дейінгі» және «кейінгі» суреттер ұсынылады,

яғни бұл суреттер экологияға өз көмектерін көрсетіп, қоқыстарды жинастырып

жүрген балалар бейнеленеді. «Дейінгі» суретінде қоқыстар болады, ал

«Кейінгі» суретінде балалар өздерінің жинастырған жерлерінде болады.

3- жаттығу

Сұрақтарды талқылау ұсынылады:

  • Мектепке бара жатқанында қандай жамандық көрдің?

  • Ертең сол жамандықты көрмеу үшін не істей аласың?

4- жаттығу

Балаларға жаңа дәптер бастау ұсынылады, сол дәптерге олар әр күн сайын өздеріне ескерту жасап отырады:

  • Егер ол экологияға өз пайдасын тигізсе – онда дәптерге күннің суретін салып, өз іс – қимылдарын сипаттайды.

  • Егер экологияға ешқандай пайда тигізбесе – онда дәптерге бұлттың суретін бейнелейді.

  • Ал егер экологияға зиянын тигізсе ( мысалы қоқыс лақтыру) – ондай жағдайда дәптерге найзағайдын суретін бейнелейді.

Жаттығу күнделікті өткізілуі керек.

5- жаттығу

«Өрмекші торы»

Ен алдымен балалар шеңберге тұруы қажет, балалардың біреуіне жіп беріледі, ол жіпті қолына 2 рет орап, «Бүгін не істейсің?» деген сұрақпен жіпті қалаған сыныптасына береді. Сұрақтар тек экологиямен байланысты қойылуы керек. Балалар сұраққа не «Иә», не «Жоқ» деп жауап беруі керек. «Иә» деп жауап берген жағдайда, қандай да бір тапсырма орындау қажет (мысалы: гүлдерді суару, немесе қоқыс жинау т.б.), ал егер «Жоқ» деп жауап берсе жіп оны айналып өтеді. Жаттығу әр бала өзіне тапсырма алғаннан кейін ғана аяқталады.

6- жаттығу

«Жақсы – жаман»

Балалар шеңберге тұрады. Ұстаз балаларға қысқа бір сөйлем айтады, мысалы:бағбан гүлдерді суарды, балалар бөтелке сындырды, сол уақытта ұстаз балаларға доп лақтырады, допты ұстап алған бала, сөйлемде айтылған іс – қимыл жақсы не жаман екенін жылдам айтуы қажет. Жаттығу жылдам өтуі керек.

7 -жаттығу

«Брейн – ринг»

Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Талқылау үшін 10 минут беріледі. Командалар бір – бірлеріне экологиялық білімін тексеру үшін, әр – түрлі сұрақтар ойластырады. Қай топта сұрақ аз болады, сол топ жеңіліске ұшырайды.

8- жаттығу

Балаларға ағаш макеті ұсынылады, бірақ оның бұтақтары сынық болады. Ұстаз: «Балалар бұл ағаш – біздің экологиямыз. Қараңдар ол өте жаралы. Оған көмектесудің амалын іздейік», - дейді. Содан балалар кезек – кезек өздерінің ұсыныстарын баяндайды, мысалы «Мен бүгін гүлдерді суарамын» немесе « Мен қоқыстарды жинаймын», ал әрбір ұсынылған көмекке, ағашқа бұтақтар байланады.

Адамның  рухани  қалыптасуында  оның  ерте  балалық  шақтан  табиғатты  бақылап,  табиғатпен   етене  араласып,  оны  аялап,  оған  жәрдемдесіп,  қамқорлық  көрсетудің  маңызы  зор.  Табиғатты  аялай  білетін  әрбір   адамзат  міндет  түрде  елін, Отанын  сүйетіндігі  белгілі. Олай   болса,  оқушыларды  мектептегі  сыныптан   тыс  жұмыстар  ұйымдастыру  арқылы  экологиялық  мәдениеттерін  қалыптастыру  барысында  жас  ұрпақтың  санасына,  бойына  сіңіріп  жеткізу  тәрбиенің  басты  мақсаттарының  бірі.  Бүгінгі  күннің  көкейкесті мәселесіне  айналып  отырған  экологиялық шиленісті  шешудің  бірден-бір  сара  жолы қоғам,  қоршаған  орта,  жеке  тұлғаны  экологиялық  сауаттылыққа,  мәдениеттілікке  жеткізудің  мәні  зор.  Әрине  бұл  істе  мектептегі  жүргізілетін   іс-шаралар  оқушылардың  дүниетанымын,   іскерлігі  және  дағдысына  көп  әсер  берері  анық. Болашақ  бүгіннен  басталады  десек,  жас  ұрпақтың  бойына   туған  жер,  туған  қаласы, туған  өлкесінің  қара  тасын  құрметтейтін,  оны  қорғай  білетін,  табиғатпен  қарым-қатынасының  тимді   жолдарын  табатын  азаматтар  тәрбиелеу  қоғам  алдындағы  үлкен  парыз.  Өсіп  келе  жатқан  ұрпақ  табиғаттың  әр  бөлшегі,  әр  нәрсесі  өте  қымбат  екендігін  адамзат  баласы  оның  басты  қорғаушысы,  қолдаушысы  екендігін  бойына  сіңіру  қажет.





































Әдебиеттер:

1.Жақсыбеков Ә.С. Экологиялық мәдениет. Алматы, 2009. 33б.

2.Кон И. С. Социология личности. – М., 1967. -22 –23.

3.Социология: Наука об обществе. Учебное пособие. Под ред. В. П. Андрущенко. – Харьков,1996. - 362 – 363с.

4. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»





















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
2589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі