400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТҰЛҒАНЫҢ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұлғаның имиджін қалыптастыруда психологияның алатын орны туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҰЛҒАНЫҢ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОТЕХНОЛОГИЯЛАР



Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде психология пәні бойынша лектордан дәріс алып,”Тұлғаның имиджін қалыптастырудың психотехнологияларын” теориялық тұрғыда үйрендік.Біз болашақ Pr(public relations-жұртшылықпен,қоғаммен байланыс”) мамандығында оқығандықтан бізге имиджбен жұмыс істеу маңызды.Кәсіпте табысты болуымыз үшін имидж қалыптастырудың психологиялық әдістерін білу бізге маңызды болмақ.

Имидж (ағыл. image — бейне, бейнелеу) — өнер ретiнде мақсатты түрде адамның өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi бiр зат немесе адам жөнiндегi керек мәлiметтi бейнелеп керсету. Адамның имиджі – ол оның әлеуметтік эгосы. Біз әрқашанда өзіміздің жақындарымыздың көз алдында болғымыз келеді, сонымен қатар бөтен адамдардың көңілін аулағымыз келеді, жақындарымызға өзіміз туралы жақсы ой қалдырғымыз келеді, осының бәрі – туа біткен тілек.

Адамның «Мен» бейнесі оның «өз-өзіне» бағытталған бағдарлар жиынтығы. Олар когнитивті (өзі туралы пікір, ойлар), эмоциялық (өзіне эмоциялық баға беру: жағымды/жағымсыз) және іс-әрекеттік (өз-өзіне бағытталған іс-әрекеттік реакциялар) бағдарлар. Осы бағдарлардың сипаттамалары:

1. «Мен бейнесі» – адамның өзі туралы пікірі;

2. Өзін-өзі бағалауы – өз бейнесін аффективті бағалау, яғни өзінің нақты бір тұлғалық қасиеттерін қабылдау немесе қабылдамауына қатысты берілетін баға.

3. «Мен бейнесі» мен өзін-өзі бағалауы деңгейіне сәйкес қалыптасатын жүріс- тұрысы.

Адамның өзінің қабылдауының мазмұны ретінде оның дене бітімі, келбеті, қабілеттері, әлеуметтік қарым-қатынасы және басқа да тұлғалық қасиеттері болуы мүмкін.

Имиджді құрайтын құбылыстар:

- Вербалды имидж: тіл байлығы, сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы. Сөз әрқашан сенімді, мазмұнды және ой толғатарлық болуы қажет.

- Материалдық имидж: гаджеттер, машина, пәтер, интерьер және т.б.

- Кинестетикалық имидж: еңсе, жүріс-тұрыс.

- Ым-ишара: күлкі (жымию), қабақ түю, байсалдылық таныту. Әр адам нақты бір

эмоция білдірген кезде, өзінің түр келбеті қалай өзгеретінің жақты білуі қажет.

- Сыртқы келбет: шаш үлгісі, киім, макияж. Шаш пен тырнақ күтімі, макияждың

уақыт пен жағдайға сай болуы өте маңызды.

Жеке имиджімізді қалыптастыру үшін адамдардың психологиясына жағымды әсер қалдыру өте маңызды.Психология адам өміріндегі маңызды құблыс болғандықтан онымен дұрыс жұмыс істеу арқылы өз өміріміздің бағытын дұрыс құра аламыз.











Журналистика факультетінің

1 курс студенті


Орындаған:Сабдалина.А

Оқытушы: Болтаева.А








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
22 сәуір
338
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі