Материалдар / «Тұлғаның жабығу сәтіндегі өз мінез-құлқына баға беру» әдістемесі

«Тұлғаның жабығу сәтіндегі өз мінез-құлқына баға беру» әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тұлғаның жабығу сәтіндегі өз мінез-құлқына баға беру» әдістемесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1064
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Жанұяның жарқын күндері

Сабақтың мақсаты: балаларға үйлесімді үй тіршілігін қалыптастыруда жанұяның жәй және жарқын күндерінің маңыздылығын түсіндіру; балаларды жанұяның қарапайым тосын жағдайларын шеше білуге үйрету және дағдыландыру.Әдістері: әңгімелесу, әңгіме, түсіндіру, оқулықпен жұмыс.Құрал-жабдықтар: оқулық, «менің көмекшім» дәптері, қағаз парақтары, түрлі-түсті қарындаштар.Сабақтың барысы Шаттық шеңбері.-Балалар, табиғат ана ешкімді талғамай, барлығына бірдей жақсылық жасайды. Олай болса, біз де табиғат күніндей күлімдеп, барша жанға жақсылық тілеп, амандасайықшы.«Айналайын» десе қуанамын мен,«Айналайын» десе қуанасың сенҚуанышқа бөленіп шаттанайық кел.Кел балалар күлейікКүлкіменен түлейікКүлкімізді күн қылып,Гүл өссін деп тілейік.-Армысың, сұлу күн!-Армысың, ашық аспан!-Қайырлы күн, барша жан!Тыныштық сәті.Әуен ойналады. Мұғалім оқушылардың назарын ертегі тыңдауға аударады.Сыпайы қоянБір күні мейірімді және сыпайы қоян көрші бақшада қырыққабатқа тойып алып, үйіне жиналып жатқанда, кенеттен түлкіні көріп қалады. Қоянның жүрегі дір етті. Қашу керек, бірақ қайда. Ойланбастан бір үңгірге кіріп кетті. Қоян өте сыпайы, тәрбиелі еді. Үңгірге рұқсатсыз кіргеніне ыңғайсызданып, амандасу қажет екенін түсінеді.Сәлеметсіз бе, мейірімді үңгір. Сенің кеңдігің және тыныштығың жанға рақат сезім сыйлағандай, маған кіруге рұхсат етші дейді.Ал үңгірдің түпкірінде жылан мекендейтін. Ол қоянның даусын естіп, оны жегісі келіп тұрғанын сезген қоян:– Сізді мазалағаныма кешіріңіз, мені Ана-қоян күтіп отыр еді. Сау болыңыз деп қаша жөнеледі.– Осы бір сиқырлы сөздер-ай! Қоян маған жақсы сөз айтпағанда, мен оны ұстап алар едім, деп өкінді жылан.– Ал балалар, көздеріңді аша қойыңдар, терең дем алыңдар, еркін отырыңдар.– Бұл ертегі не жайлы екен?– Қоян қандай екен?– Қоянның жылы сөздері оған көмектесті ме?Балалардың жауаптары тыңдалады.Мұғалім қорытынды жасайды.Егер қоян дөрекі болса, үңгірге амандаспай, рұхсатсыз кірсе, жылан оны жеп қояр еді. Оған өзінің сыпайылығы көмектесті. Біз де, бәріміз өмірде сыпайы, тәрбиелі болсақ, көп қиындықтарды жеңеміз, сол естеріңде болсын.ӘңгімелесейікБалалар, бүгін біз сендердің жанұяларыңның жарқын күндері жайлы әңгіме қозғаймыз. Қазақ отбасында ата-бабаларының салтын сақтай отырып, балаларына тәрбие берген. Қазақ отбасында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіледі.– Сендердің өмірге келген күндеріңнен бастап сендермен бірге болатын кімдер?– Ата-анамыз, ата-әжеміз, бауырларымыз, туысқандарымыз.– Олардың барлығы сендермен бірге нені құрайды?– Отбасын құрайды.Отбасы – бір үйде бір-біріне жақын адамдардың өмір сүруі. Әр отбасында әке мен ананың орны бөлек. Отбасындағы әр бала әкеден ақыл, анадан мейірім алып өседі. Ата-анаға жақсы баладан артық ешнәрсе жоқ.Отбасының ең үлкен байлығы – бала.– -Балалар, сендерді ата-әжелерің, ата-аналарың өте жақсы көреді. Олар сендерге еркелеткенде қандай жылы сөздер айтады?– Айналайын, ботам т.б.Ал енді отбасы үлгілі болу үшін, отбасының мүшелерінің бір-біріне қарым-қатнасы қандай болу керек, қандай жақсы қасиеттер болғаны дұрыс деп ойлайсыңдар?– Татулық, адалдық т.б.Жарайсыңдар, енді осы жақсы сөздерді күннің шапақтарына жазайық. Интерактивті тақтаға жазады.Жарайсыңдар, балалар!Әр отбасына күн мейірімін, шуағын сыйласын. Әр отбасы күннен жылылық алып тұрғандай сезінсін!Интерактивті тақтадан өлең оқу.Жақсы сөзді күн сайынАйта берем қайталап.Жақсы сөзді тыңдаймынҚайталайды шартарапТуысқа да, досқа даЖақсы сөздер арнаймынТаныстарға басқа даЖақсы сөздер таңдаймын.Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз жанұядағы күнделікті қуаныштарды да көріктендіріп, жандандырып жібереді.Ендеше мен сендерге қызықты әңгіме оқып берейін. Оқулықтарыңды ашып, мұқият тыңдап отырыңдар. (мәтін оқылады)– Бұл әңгіме не жайында екен?– Бақыттың туған күні қалай өтті?– Оған қандай тілектер айтылды?– Бақыт әжесінен не жайлы сұрады?– Жарайсыңдар, балалар.Сендер де күннің шуақты сәулесі болыңдар.Енді сендердің өздеріңнің туған күндерін жайлы әңгімелесейік.– Сендердің туған күндерің қалай өтеді?– Қандай тілектер айтылады?Ал балалар, сендердің өмірлеріңдегі ең сүйікті сыйлықтарың қандай? Ол сыйлықты кім жасады? Сыйлық алған кездегі көңіл-күйлерің қандай болды?– Сендердің әрқайсысыңның ойларыңда, армандап жүрген сыйлықтарың бар ма?– Онда қазір сол армандап жүрген сыйлықтарыңның суретін қағазға сала қойыңдар.– Енді сол суреттеріңді қасыңдағы досыңа сыйлаңдар.«Туған күн» көрінісі.– Балалар, осы жағдайға не айтар едіңдер?Жауап.– Келген қонақтарды жылы жүзбен қарсы алып, ренжітпеу керек екен.– Сендер Динараның қателігін қайталамаңдар, жарай ма?Үй тапсырмасыЖанұяның тыныс-тіршілігі жай күндерден және жарқын күндерден тұрады. Осы жайлы дәптерге жазып келесіңдер.Көңілді үзіліс. Ән. Туған күн.Жүректен- жүрекке.– Жарайсыңдар, балалар!Сендер бүгінгі жай күнді мерекелік күнге айналдырдыңдар!Әрдайым бір-біріңе, жақын жандарға жақсы сөздер, жақсы тілектер айтып жүруді ұмытпаңдар! Мен сендердің барлығыңды жақсы көремін. Мен сендердің жанұяларыңа татулық пен сүйіспеншілік тілеймін.Балалар тілектерін айтады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ