Материалдар / Тұлғаның мотивациялық сферасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тұлғаның мотивациялық сферасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұлғаның психалогиясы жайында мәлімет берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2024
35
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала

Тұлғананың мотивациялық сферасы

Тұлғалық мотивацияны қозғамас бұрын мотивацияның не екенін түсініп алсақ. Мотивация- адам бойындағы қажеттілікке жеткізетін ниет. Мотивация әр адамға әрқалай берілуі мүмкін. Бір адамға сөзбен,ал бір адамға іс-әрекетпен. Мен үшін мотивацияның алар орны ерекше. Кішкентай кезімнен көп затты армандап,сол арманға мақсат қою арқылы жететінмін. Бала кезімнен үлкен экранға шығып,танымал болу армандарымның бірі болатын. Сол арманға ниет пен іс-әрекеттің арқасында қол жеткіздім. Тұлғалық мотивация да осы кішкентай армандардың іске асуынан жүзеге асады. Мотивация менің өміріме қалай әсер етті?

Мектеп бітіруіме 1 жыл қалғанда «қандай мамандық иесі атанамын»-деген сұрақ мазалай бастады. Қазақ айтпақшы, адам екі нәрседен қателеспеуі қажет. Ең біріншісі мамандық таңдаудан, екіншісі жар таңдаудан. 11 сыныпқа көшкен кезде көп ойландым,кішкентай кезімдегі арманымды жүзеге асырсам ба екен,әлде грантқа түсу үшін ұнамайтын мамандықты таңдасам ба деп. Ата-ана тарапынан ешқандай қысым көрсетілмеді.Керісінше мені қолдап, өз жүрегіңді тыңдап, қалаған мамандықты таңда деп, барлық жауапкершілікті өзіме қалдырды. Егер де мен сол кезде грантты ұтып алу мақсатында ғана мамандық таңдасам, бәлкім өмір сүруге, жоғарғы оқу орнына түсуге деген ниеттің бірі де болмас еді. Өз қалауымды таңдау барысында, ары қарай қиындықтарға көз жұма қарап, тек қолымнан келген істі жасай бердім. Ата-анамның маған артқан үмітін ақтап,өз қалауымды іске асыру ниеттің дұрыс бағытта жүзеге асыруым деп білемін. Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінде білім алып жатырмын. Бұл универге түскеніме ешқандай өкініш сезімі жоқ. Оған себеп, талантты жастардың көп болуы,студенттік өмірдің айқын көрінісін көрудемін. Қазіргі таңда, мен 1 курсты аяқтап, көп ақыл жинап,өсе бастадым. Маған берген мұғалімдер де өз істерінің маманы. Психология маған бұрыннан қызық ғылым болып көрінетін бірақ, тереңінен үңіліп қарамаппын. Университетте психология ғылымынан да дәріс аламыз. Бізге бұл сабақтан Болтаева Алия Масакбаевна дәріс оқиды. Аз ғана уақытта мен адам бойындағы эмоцияны, мотивацияның түрлерін, тұлғалық даму, психологияның адам денсаулығына берілетін әсерін т.б. тақырыптардан терең білім алдым. Барлық дәрісті қорыта келе, мотивация туралы өз ойыммен бөліскім келді.

Қорыта келе, тұлғалық мотивацияны Алия апайдың дәрісінен үзіндісімен аяқтайын. Тұлғалық мотивация-іс-әрекеттің бірнеше түрлерінде жүзеге асатын,адамның қажеттіліктердің, мақсат мотивтердің әрқайсысы өз алдына мотивациялық диспозиция ретінде өмір сүрмейтінін, керісінше олардың бір-біріне бағыныштылығы немесе басымдылық белсенділігімен сипатталатын мотивация түрі.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!