Тұлғаның мотивациялық сферасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұлғаның мотивациялық сферасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұлғаның мотивациялық сферасын қарастырдық
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тұлғаның мотивациялық сферасы»

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан бойынша ең беделді жоғарғы оқу орындары арасында көш бастап тұр. Тарих қойнауы 1934 жылдан бастау алып, қазіргі уақытқа дейін жеткен белестері мен жетістіктерін санап айту мүмкін емес. Посткеңестік елдер арасында, әлемдік үздік университеттердің қатарына бірең-сараңы ғана кіреді, сол оқу орындарының қатарына КазҰУ-да бар. QS әлемдік рейтингінде 175-орынға ие болған әл-Фараби әлемдегі ең үздік 200 университеттің қатарына енген жалғыз Қазақстандық университет болып табылады. ҚазҰУ пәндік рейтингі бойынша QS рейтингінде екінші жыл жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, серпінді түрде алға жылжуда. ҚазҰУ-ға қабылдау мемлекеттік білім гранттары бойынша және келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. 180-нен астам мамандық бойынша мамандар даярланады. Осы мамандықтардың 17-ін даярлау бағытында үздіктер көшінде. Оқу орны қабырғасында психология пәні бойынша дайындау да артта қалмайды. Біз 1 курс көлік қызметтері мамандығында даярлау сабақтары қатарында психология пәнін қатар оқимыз.

Психология біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады, өзімізді және басқаларды түсінуге және айналамыздағы әлеммен тиімді әрекеттесуге көмектеседі. Психологияның маңыздылығы біздің өміріміздің барлық салаларында, жеке қарым-қатынастан бастап кәсіби өсуге дейін көрінеді. Психология пәнін және оның ерекшеліктерін түсіну жеке және айналамыздағы адамдардың өміріндегі қиыншылысқтармен күресе білуге өз әсерін тигізеді. Ал бүгінде біз психология ғылым ретінде өсіп келе жатқанын сеземіз, өйткені бұл қазіргі қоғамда әрбір адам өзін табатын өмір саласы.

Экономика факультетінде психология пәні бойынша дайындау да артта қалмайды. Үздік пән мұғалімдері көптеген тақырыптарды егжей-тегжейлеріне дейін түсіндіріп, ашық-талқылау жүргізеді. Сондай тақырыптардың біріне, бүкіл әлемде қызу талқыланатын “Тұлғаның мотивациялық сферасын” алдық.

Мотив (латын тілінде movēre - қозғаушы, итермелеуші) - адамды белгілі бір іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіліктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. Пиғыл, ынта, мақсат ұғымдарымен үндес. Мотив - адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив адамның ішінде болады, "арнайы" мінез-құлығы болады, адамның сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға тәуелді, сонымен қатар оған параллель әрекет ететін басқа мотивтерге де тәуелді. Адам өз мотивіне ықпал ете алады, ол оны көтермелей алады немесе кейбір бәсекелестіктерді алып тастай алады.

Мотивация - адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік. Мотивация адам өмірінің көптеген сәттерінде қажет болады. Мотивация адамның алға жылжуға, белестерді бағындыруға көмектесетіп, істі бастауға құлшынысын арттыратын алғышарт деп атауымызға болады. Мотивация – адамды белсенді әрекетке итермелейтін күш. Табысты бизнесті жүргізу үшін мотивация оның иелері үшін де, қызметкерлер үшін де маңызды рөл атқарады. Тәжірибеде қолданылатын мотивацияның әртүрлі теориялары мен әдістері бар.

Персоналды мотивациалаудың американдық үлгісі: Американдық компаниялардағы мотивация тәсілі қызметкерлердің белсенділігін ынталандыруға негізделген. Американдық мотивация моделінің жетістігі американдықтардың жеке табысқа және әл-ауқаттың жоғары деңгейіне жетуге бағытталғандығына байланысты. Икемді сыйақы жүйесінен басқа, американдық компаниялар қызметкерлерді ынталандырудың материалдық емес әдістерін қолдануымен сипатталады. Компания қызметкерлері әдетте мыналарға қол жеткізе алады:

жұмыс беруші төлейтін медициналық сақтандыру;

біліктілікті жоғарылату курстары;

тегін түскі ас;

корпоративтік іс-шаралар;

бірлескен сапарлар.

Осылайша, мотивация табысқа жетуде және тапсырмаларды орындауда шешуші рөл атқаратыны түсінеміз. Ол қиын сәттерде бізді қолдайды, кедергілерді жеңуге көмектеседі және бізді тұрақты дамуға ынталандырады. Мотивацияны зерттеу бізді әрекет етуге не шабыттандыратынын, қандай мақсаттарды көздейтінімізді және өнімділікті қалай арттыруға болатынын түсінуге көмектеседі. Мотивациялық механизмдерді түсіну әлемдік тәжірибеде қызу жүреді. Осылайша, өз мотивация және оларға қалай қол жеткізуді білу бізге мағыналы және қанағаттанарлық өмір құруға көмектеседі.



Тленчиева Н.С.

Педогогика ғылымдарының кандидаты.

Жусупекова Ә.Ж.

Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.


Бейсенбай Мейірлан

Көлік қызметтері 1 курс студенті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2024
174
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі