400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұлғаның өзіңе деген сенімділігін дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға, оқушылар бойына сенімділік сезімін қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг тақырыбы:Тұлғаның өзіңе деген сенімділігін дамыту.

Тренинг мақсаты: Тұлғаның өзіңе деген сенімділігін арттыру және қорқыныш сезімдерін жою.

Саламатсыздар ма,құрметті ұстаздар,қонақтар! «Тұлғаның өзіңе деген сенімділігін дамыту» атты семинар-тренингке қош келдіңіздер!

І. Танысу «Жарнама»ж аттығуы

Мақсаты: тұлғаның өзіндік бағалауын қалыптастыру,сенімділігін арттыру.

Нұсқау: Жарнама француз тілінен аударғанда «айқайлау» деген мағына береді екен. Ендеше, өз - өзімізді насихаттап,таныстырайық.Тұлға өз-өзін,өзінің жақсы қасиеттерін немесе іс-әрекетін айту арқылы жарнамалайды.

Сұрақ: - Өзіңді жарнамалау кезінде қандай қиындықтар болды?

- Кімнің жарнамасы ерекше есіңде қалды?


II. «Сағат » жаттығуы


III. «Бұғы бағушы» слайд көрсету.

Мақсаты: тұлғаның өзіңдік бағалауын көтеру.

Ал, енді, «сағат » жаттығуын орындайық. Мына парақшаларға сағат тілі бойынша осы жерден он екі адамның атын жазыңыздар. 1адамның қолын қысыңыз.
1. Оның арқасынан қағыңыз
2. Бір –біріңізге қарап күлімсіреңіз
3. Бір –біріңізге қол бұлғаңыз
4. Оған көзіңізді қысыңыз
5. Оның жақсы қасиетін айтыңыз
6. Оған бір тілек айтыңыз
7. Қол ұстасып бірге 3 рет секіріңіз.

Көңіл күйлеріңіз көтеріліп, өздеріңізді тамаша сезінесіздер.

IV.«Алтын балық» жаттығуы
Нұсқау:Ұстаздарға келесі сұраққа жауап беру ұсынылады: «Сіздің өміріңіз қызықты бола түсуі үшін алтын балықтан не сұрар едіңіз?»

«Балықтағы» сөйлемдер...

  1. Алға қойған арманың орындалады

  2. Үкілеген үмітің ақталады.

  3. Өмірің мәнді де,сәнді болады

  4. Болашағың жарқырап,нұрын шашады.

  5. Жетістік желкенін бағындырасың

  6. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік болады.

  7. Сен қасиетті еліміздің білімді ұстазы боласың

  8. Өнердің өрінде жүзіп, білім бәйгесінде шарықтайсың

  9. Ұстаз мерейін асқақтатасың

  10. Жетістігің көбейеді

  11. Табысыңыз өседі

  12. Өміріңіз ұзақ болады

  13. Сіз миллионер ұстаз аттанасыз

  14. 2017 жыл сіз үшін үлкен жетістіктерге қол жеткізетін жыл болмақ.

  15. Өзіңнің қайталанбас ізіңді қалдырасың

  16. Биыл 2017 жылы тек сәттілік пен қуаныш әкеледі сіз үшін.

  17. Бұл жыл қуанышқа толы жыл болмақ.

  18. Сіздің қаржылық мәселелеріңіз жақсарады

  19. Тәжірибе жинақтаудың жаңа мүмкіндіктері туады.

  20. Ұжыммен бірігіп істеген жұмысыңыз жемісті болады.

  21. 2017 жылы өміріңізде айтарлықтай оң өзгеріс болады.

  22. Осы жылы өзіңізге деген сенімділік пен белсенділігіңіздің арқасында мансабыңызды өседі.

  23. Алдағы уақытта сіз үшін ең бақытты жыл болғалы тұр.

  24. Мақсаттарыңыз бен армандарыңыз бірте-бірте орындалып жатса, таң қалмаңыз. Өйткені бұл сіздің жылыңыз.

  25. Алдағы жыл карьераңыздың өсуіне жол ашылады

  26. Сіздің мәртебеңіз жеткілікті дәрежеде биік болып, әріптестеріңіздің арасында көшбасшы боласыз!

  27. Армандарыңыз орындалатын күн жақындап қалды

  28. Қаржылық жағдайыңызды жақсарту туралы мақсат-мұраттарыңыз толығымен орындалады.

  29. Қолға алған істеріңіз оңынан болып, нәтижесі ойыңыздан шығады.

  30. әр қолға алған ісіңіз жетістікке жетеді.

  31. Қолға алған істеріңіз оңынан болып, нәтижесі ойыңыздан шығады.

  32. Кез келген істе табыс пен жеңіс күтіп тұр.


Психолог:Арман-сәттілікке бастар жолдың алғашқы баспалдағы.Армандай білген адам рухани күшімен ерекшеленеді.Арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы.Армандаймыз, армандарымыз жақындайды. Ал сіздің арманыңыз қандай?

V. «Сиқырлы аяқ киім» жаттығуы

VI. «Кімнің қандай екенін тап» жаттығуы

1.Кім ешқашан кешікпейді______________________________________

2. Кім ешқашан айқаламайды ___________________________________

3.Кім барлығымен өте сыпайы __________________________________

4. Кімнің даусы өте әдемі_______________________________________

5.Кімнің көздері әдемі _________________________________________

6. Кім өте көңілді және әзілқой__________________________________

7. Кім өте адал ______________________________________________
8. Кім өте әділетті _____________________________________________

9. Кім өте ақкөңіл _____________________________________________

10.Мен өзіме сенімдімін,өйткені _________________________________

Қорытынды

VII. «Тілек ағашы» тренингтен алған әсерлерімен жапырақтарға жазып іледі. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!













































Бүгінгі біздің кездесуіміз әр біреуіңізге қызықты әрі қажетті болады деген сенімдемін. Бүгін біз бір – бірімізді тыңдауға, өз - өзімізге сенімді болуға, әрі өзімізді қорғай білуге үйренеміз.Өзіңе деген сенімді жоғалту арқылы көп қиыншылыққа тап болып жатамыз. Бұл қиындықтар жұмыстан, тіпті бірге өткізетін әріптестерімен және де достар арасында болуы мүмкін. Жер бетінде қаншама адам бар. Ал біз болсақ бар ауыртпалықты әлемде өзіміз ғана арқалап жүргендей сезінеміз. Қанша жерден мықты болсақ та,әйтеуір бір кезде жеңіліс табуымыз мүмкін. Бастысы сол қателіктерден сабақ алу.

Жетістікке жетпейінше ұмтыла беріңіз. Бойымыздағы сенімділіктің бір күнде келе салмайтыны анық. Бірақ оны қайтаруға бағытталған іс –әрекетке бүгіннен бастап кірісеміз.

  • Бойымыздағы сенімділікті көрсету үшін ым –ишара қолданыныз. Отрыған кезде тік отырыңыз. Жүрісіңіз барынша сенімді,ал адымдарыңыз жеңіл болсын. Жан –жағына жалтақтап қарай берудің орнына күлімсіреп қараңыз. Көбірек қарым –қатынаста болыңыз. Даусыңыз анық , әрі сазды шықсын. Қобалжып тұрсаңыз көбірек сөйлеуге тырысыңыз . Сөзшең адам болудан қорықпаңыз. Көбіне мұндай жандарды ашық жарқын, әрі өзіне сенімді адам екен деп қабылдайды.

  • Позитив көңіл –күй мен белсенділік негатив эмоцияларды жеңіп отырады.

  • Сенімділік табысқа жетуге деген құлшынысты арттырады,бойға қуат береді.





















Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп















Тренинг тақырыбы:

Тұлғаның өзіңе деген сенімділігін дамыту.





Мектеп психологы:Б.Есенова




















Қазалы қаласы,2016 ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 желтоқсан
562
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі