400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түлік туралы сабақ.Асқар Тоқмағанбетов.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ана тілі

Сабақтың тақырыбы:Түлік туралы сабақ.Асқар Тоқмағанбетов.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өлеңді мәнерлеп оқу, түлік төлден өсетінін, төрт түлік малдың адамға тигізер пайдасы, төрт түліктің өсу ретіне қарай аталуын білу. Төрт түлікті не үшін асырайтынымызды білу.

Дамытушылық: мазмұндауға,оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып,өзіндік ойын жеткізу арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік:оқу дағдыларын қалыптастыра отырып,әдемі оқуға,көркем жазуға, төрт түлік малды, оларды бағатын адамдарды білу. Төлдерді қалай шақыратынымызды білу.
Сабақтың көрнекілігі:Асқар Тоқмағамбетовтың суреті ,жарнамаға арналған суреттер, төрт - түлік малдардың суреттері, семантикалық карта, жалауша,шарлар,мақал-мәтел,тыйым сөздер.

Сабақтың түрі:ой қозғау,топпен жұмыс,түсіндіру.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық сәт

Біз бақытты баламыз!

Биікке қанат қағамыз.

Болашаққа талпынып,

Оттай лауалап жанамыз.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
-Балалар, қазір сендерді топқа бөлініп алайын.Ол үшін мендегі әннің қиындыларын алып құрастырайық таңдайы.

Төрт түліктің пірлерін ата:
Жауабы:

Жылқы атасы – Қамбар ата
Сиыр атасы - Зеңгі баба
Түйе атасы - Ойсыл қара
Қой атасы - Шопан ата
Ешкінің иесі - Сексек ата
Төрт түліктің иесі арқылы тобымызды атайық.

1 - топ. – «Қамбар ата»тобы.
2 – топ. – «Зеңгі баба»тобы.
3 – топ. – «Қошқар ата»тобы.

Әрбір топ өз туралы мәлімет беру ,тобының ұранын айту.

1 - топ. – «Қамбар ата»тобының ұраны:Асау желмен жарысқан

Арғымақпыз алысқан

Сайыстардан қалмаймыз

Сәйгүліктей самғаймыз.
2 – топ. – «Зеңгі баба»тобының ұраны:Малды бақсаң,сиыр бақ,

Сүті кетпейді шарадан

Біз қалмаймыз сайыстан

Соғыңыздар алақан.
3 – топ. – «Қошқар ата»тобының ұраны:Алға қойлар ,алға бас,

Біз топпыз ғой жаңылмас.

Барымызды салайық,

Бас жүлдені алайық.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Ой қозғау .
1 - топ. – «Қамбар ата». Қаратарғай әңгімесін мазмұндау

2 – топ. – «Зеңгі баба». Жүсіпбек Аймауытов туралы тірек-сызбаны толтырып әңгімелеу,топтастыру.



3 – топ. «Қошқар ата» сұрақтарға жауап береді: 1.Қамбар ата не жасады?

2.Балалар қандай сөзге түсінбей қалды?

3.Бұл сөзді қалай түсінесің?

4.Атаның қонағы кім болып шықты?

-Қараторғай қай мезгілде келеді?

-Көктемде

-Көктем мезгілі келгенде қандай өзгерістер болады?

-Сен көктемдегі құстардың келуіне қандай жұмыстар істедің?

-Өзің салған сурет бойынша не айтар едің?
-Көктем мезгіліндегі айларды атайықшы?

Қаратарғайдың суретін салып келу еді,салып кесеңдер суретті жапсырайық.


ІІІ.Жаңа сабақ.Топтық жұмыс

Қызығушылықты ояту.

Жұмбақтарды шешу

1.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар.(қой)

2.Иір-иір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады.(түйе)
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Түлік туралы сабақ»
- Ендеше бүгін біз Аскар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» өлеңімен танысамыз.
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің
Белден асьп, алдыңнан бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің!
Білім алу жайында жазылған бұл өлеңнің авторы - қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі белгілі ақын, атақты сатирик Асқар Тоқмағамбетов.

Кластер құру (жүзімнің шоқтары деген мағына)

1 - топ. – «Қамбар ата» Асқар Тоқмағамбетов туралы тірек-сызбаны толтырып әңгімелеу,топтастыру.

2 – топ. – «Зеңгі баба». « Түлік туралы сабақ»өлеңін мәнерлеп оқу,жалғастырып оқу.

3 – топ. «Шопан ата» сұрақтарға жауап береді: Өлеңнен түсінгендерін байқау.
а) Өлеңде кімдер деген балалар қатысып отыр. Олар түліктің өсу ретін аяғына дейін біліппе, білмесе кімнен сұрамақ болып тырысады?

Болашақ ақын ата 1905ж. қазіргі Қызылорда облысының Тереңөзек
ауданында кедей жанұясында дүниеге келген. Октябрь революциясына дейін ауыл молдасынан аздап ескіше хат таныған талапты бала Совет дәуірінде Ташкент пен Москва қалаларында оқып білім алады. Асқар ақындық өнерге жастайынан қызыға беріліп, ауылда ақындар айтысынада түседі. Әзіл - қалжың, шымшыма өлеңдер шығара бастайды. Бұған қисса кітаптарды көп жинап, аздап өлең де шығарған өз әкесінің және сыр бойының ақындық ортасының игі әсері болады. Ал бұдан кейін орыс және қазақ әдебиеті классиктерінен үйреніп үлкен ақындық өріс табады.
- Олай болса бүгін біз Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» өлеңін оқимыз.
Мақал - мәтелдердің мағынасына зер салып қарасақ «Рахаты мен бейнеті» мол мал шаруашылығымен атам қазақ бұрынғы өткен заманнан бері қарай текке айналысып келе жатқан жоқ екен. Төрт түлік мал - жесең тамақ, ішсең сусын шұбаты мен қымызы ауырған адамға мыңда бір ем, мінсең көлік жүні мен терісі үстімізге киетін киім, сондықтан да төрт түлік малды асыраудың бейнеті мол болса да, рахаты мен пайдасы оның көл - көсір екен. Төрт түлік малды асыраудың қиындығы, оның адамға тигізетін пайдасы, олардың қалай аталатыны, төлдері, пірлері туралы біз сабақтарымызда, сынып сағаттарымызда талай айтып, мақал - мәтел жаттап, жұмбақтар шешіп, өлеңдер айттық. Оны бұрыннан білеміз. Енді біз бүгінгі Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» өлеңінде төрт түлік малдың өсу ретімен танысамыз.

Өлеңде қалада тұратын Болат, Марат, Мұрат сияқты окушылардың қойдың, ешкінің, сиырдың, түйе мен жылқының өсу ретін білмек болып, өз ойларын ортаға салып таласуы туралы сөз болады. Ақыр аяғында үшеуі жобалап, өз білетіндерін ортаға салады, бірақта өзіміз сияқты аяғына дейін білмей бірі шешесінен, бірі әкесінен білмек болып үйлеріне тарасады.

Алдын-ала берілген тапсырмалар:

-Болаттың сұрағына сен қалай жауап берер едің?

1 - топ. – «Қамбар ата» тобы жылқы шаруашылығы туралы түсінік.

2 – топ. – «Зеңгі баба» тобы сиыр шаруашылығы туралы түсінік.
3 – топ. «Шопан ата» тобы қой туралы шаруашылығы туралы түсінік.
Әр топ өзінің өнімдерін жарнамалайды.



Дәптермен жұмыс:Күн ретін ,тақырыпты жазу.

1.Төлдердің өсу ретін дәптеріне жазып алу тапсырылады.

2.Өлеңге сүйеніп ,Болаттың сұрағына жауап жазу.

Қой атаулары:қой,қозы,тоқты,тұсақ,саулық;(ешкі-лақ,серке,теке)

Сиыр атаулары:бұзау,тайынша,торпақ,баспақ,дөнежін,құнажын.

Жылқы атаулары:құлын,жабағы,тай,құнан,дөнен,бесті бие.

Сөздік жұмыс:сөзуар-сөзшең,өте көп сөйлейтін адам.

Сергіту сәті: «Қошақаным» әнін айтқызу.


-Төрт түлік туралы баласын қалай шақырады?

«Малдарымызды өрістен жинайық» ойыны ойналады.
Ойынның мақсаты: Өрісте жайылып жүрген малдарды атымен атап шақырып жинап алу.
Қойдың суреті(қозысымен)
Қой баласы - қоңырым Қойдай жуас момыным.
Шопан ата түлегі - Қошақаным қайдасың? - Пұшайт, пұшайт!
Жылқының суреті (құлынымен)
Жолға шықсам - көлігім, Жапанда жүрсем - серігім, Қамбар ата өсірген Құлыным менің қайдасын!
Құру, құру!

Сиырдың суреті( бұзауымен)
Тілімен мұрынын жалаған,
Тілімен бойын тараған,
Көкке мұрынын шүйіріп,
Көз төңкеріп қараған

Зеңгі баба өсірген

Әукешім менің қайдасың?

- Аухау, аухау!

Семантикалық карта.


Ақын

Қызылорда облысы

Тереңөзек ауданы

Түлік туралы сабақ

Москва

1905ж

Асқар Тоқмағамбетов кім?






Асқар Тоқмағамбетов қай өлеңін өттік?






Асқар Тоқмағамбетов туған жері






Ақын қай қалада білім алды?






Ақынның туған жылы






Сабақты қорыту :


Қорыту:Төрт түлік туралы қандай мақал – мәтел,жұмбақтар білесіңдер?
-Балалар сабақ сендерге ұнады ма?

-Несімен ұнады?

Оқушыларды бағалау, жеңіп шыққан топқа ту тапсырылады.

Үйге тапсырма: Түлік туралы сабақты мәнерлеп оқу.
Төлдердің өсу ретін жаттап алу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
637
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі