400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Түлкі мен қоян " ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша мен бастауыш сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:"Түлкі мен қоян" ертегісі

Қуыршақ театры.

Мақсаты:Балаларға ертегі туралы түсінік беру.Ертегі кейіпкерлерімен таныстыру.

Ертегіге деген қызығушылығын арттыру.Ертегіні сахналау арқылы сөздік қорын

байыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар :Түлкі мен қоян ертегісінің кейіпкерлері.

Автор:

Ерте-ерте, ертеде ну орманның ішінде түлкі мен қоян дос болыпты. Олардың достығының күштілігі сонша,тіпті екеуі бір-бірімен көрші тұруды ұйғарады.

Содан түлкі өзіне үйді мұздан,ал қоян ағаштан үй салады екен.Айлар жылжып,күндер өтеді.Қыс өтіп, көктем де келеді. Түлкінің мұздан жасалған үйі су болып еріп кетеді,сосын түлкі қулық жасап ,қоянның үйіне кіріп алмақ болып

қоянның үйіне келеді.

Түлкі: Қоянжан біз екеуміз дос едік қой,менің үйім мұздан жасалған еді,күн жылынып мұзда еріп кетті, екеуміз бірге тұрайықшы.

Қоян:Жарайды біз доспыз ғой,бірге тұрсақ тұрайық.

Автор:Сөйтіп қоянның үйіне кіріп алып,қоянды далаға қуып шығады.Қоян орманның

ішінде жылап отырғанда оған ит кездеседі.

Ит :Аф-аф-аф ,Қоянжан сен неге жылап отырсың?

Қоян: Мен жыламағанда қайтейін,түлкі екеуміз дос болып көрші тұратынбыз,түлкінің

үйі мұздан жасалған,ал менің үім ағаштан жасалған болатын,Күн жылынып

түлкінің үйі еріп кетіп,менің үйіме кіріп алып,мені қуып шықты.

Ит:Аф-аф-аф, қоянжан сен жылама мен саған көмектесемін,түлкіні сенің үйіңнен

қуып шығамыз.

Автор:Сөйтіп ит,қоянның үйіне ,қоянмен бірге еріп келеді.

Ит:Аф-аф-аф,түлкі, түлкі, шық үйден.

Түлкі:Мен қазір пештен секіріп түсіп ,тырнақтарыммен сендерді тырнап, тістеріммен

тістеп аламын.

Ит:Аф-аф-аф ,ой мен қорқамын,жүр қашайық.

Автор: Ит қаша жөнеледі.Қоян одан бетер жылай бастайды.

Сөйтіп қоян жылап отырғанда алдынан Қасқыр кездеседі:

Қасқыр:Қоянжан, сен неге жылап отырсың?

Қоян :Мен жыламағанда қайтейін,түлкі екеуміз дос едік ,менің үйіме кіріп алып мені

қуып шықты.

Қасқыр:Қоянжан сен жылама мен саған көмектесемін.Түлкіні үйіңнен қуып шығамыз.

Автор:Сөйтіп,қасқыр, қоянмен бірге еріп келеді.

Қасқыр :Түлкі,түлкі, шық үйден!

Түлкі:Мен қазір пештен секіріп түсіп,тырнақтарыммен сендерді тырнап, тістеріммен тістеп аламын.

Қасқыр :Ой,Қоянжан ,мен қорқамын қашайық.

Автор:Қасқыр қаша жөнеледі.Қоян одагн бетер жылай бастайды.Сөйтіп жылап

отырғанда,алдынан аю кздеседі.

Аю:Қоянжан ,сен неге жылап отырсың?

Қоян:Мен жыламағанда қайтейін,түлкі екеуміз дос болып,көрші тұратынбыз түлкі мені

үйімнен қуып шықты.

Аю:Қоянжан,сен жылама мен саған көмектесемін,түлкіні үйіңнен қуып шығамын.

Автор:Сөйтіп екеуі түлкіғе келеді.

Аю:Түлкі,түлкі шық үйден.

Түлкі.Мен қазір пештен секіріп түсіп,тырнақтарыммен сендерді тырнап ,тістеріммен

тістеп аламын.

Аю:Ой мен қорқамын,жүр қашайық.

Автор:Аю қаша жөнеледі.Қоян одан қатты жылай бастайды.Қоян жылап отырғанда,

оған Әтеш кездеседі.

Әтеш:Ку-ка-ре-ку,Қоянжан ,сен неге жылап отырсың?

Қоян мен жыламағанда қайтейін ,түлкі екеуміз дос болып бірге тұратынбыз,ол менің

үйіме кіріп алып,мені үйімнен қуып шықты.

Әтеш:Ку-ка-ре-ку.Қоянжан сен жылама,мен саған көмектескім келеді.

Автор:Әтеш ,қоянмен еріп түлкіге келеді.

Әтеш:Ку-ка-ре-ку,қолымда шалғым бар,түлкінің басын шауып аламын.,Түлкі,түлкі шық үйден.

Түлкі :Қазір,шығып келе жатырмын,

Әтеш:Ку-ка-ре-ку.,қолымда шалғым бар,түлкінің басын шауып аламын.,түлкі,түлкі,шық үйден.

Түлкі.Қазір киініп жатырмын.

Әтеш:Ку-ка-ре-ку,қолымда шалғым бар ,түлкінің басын шауып аламын,түлкі,түлкі ,шық үйден.

Түлкі:Қазір шығып келемін.



Автор:Түлкі әтештен қорқып ,үйден жүгіріп шығып қаша жөнеледі.Қоян әтешке рақметін айтады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
1651
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі