Ұйымдастыру
−
іздестіру
|
Түсіндіру,
сұрақ−жауап:
Балалар
қазір жылдың қай мезгілі?
Иа.
Қазір көктем мезгілі.
Дұрыс
айтасындар.
Балалар
көктем мезгілінің ерекшелігі қандай?
Қар
ериді, ағаштар бүршік жарады,
Ендеше
балалар бүгін біздер оқу қызметін
бастамас бұрын сендерге жұмбақ
жасырайын, сол жұмбақтың жауабымен
байланысты.
Жұмбақ
1.
Құйрығымен бұлаңдап,
Қандай аң ол
алдайтын?
2. Көзі тостақ, өзі
қорқақ.
Балалар жұмбақты тыңдап,
жауабын айтады.
- Түлкі.
- Қоян.
Тәрбиеші:
балалар, қараңдар мына суретте не
көріп тұрсыңдар?
Түлкі
мен қоян (ертегі)
Бip күні болдырып келе жатқан Түлкі
жортып жүрген Қоянды көрді. Өтірік
ауырған болып ағаш жанына сұлай кетеді
де, қасына шақырады. - Қоянжан-ау,
Қоянжан, неге сонша жортасың? Менен
неге қорқасың? Бала жастан бipгe өскен,
тоғайдың дәмін бip жеген көрші емес пе
едік. Мен ауырып жатырмын. Жақынырақ
келсеңші, қоштасайық, - депті. Сонда
Қоян: - Eкi құлағым сөзіңде тұр, eкi көзім
өзіңде тұр. Ciз етті жақсы көреді дейді
жұрт. Сол рас па? – депті. - Рас болғанда
қандай? Tiпті, ет жемесем басым ауырады.
- Mінe, осыңыз жаман ғой. - Иә, соған өзім
де қынжылып жатырмын. Кеше бip тауық
жеп едім, оған жаным ашып, жылап та
жібердім. Өйткені ол да тipi жүргісі
келеді ғой. О, шіркін тipшілік! – депті.
Қоян: - Ciз оны өлтірмей тұрып, ойланып
көрдіңіз бе? – депті. Сонда Түлкі: -
Мен дәл сол жерде ойлануды ұмытып
кетіппін. Жаныма батып, ауырып жатқаным
да соның өкініші, - дейді. - Ұмытшақ
болған жаман ғой. Мен де содан қорқамын,
сондықтан да жортамын, - деп Қоян тұра
жөнеліпті.
Сергіту
сәті:
Т.
Бердияровтың «Сұр қоян»
Ұзын құлақ,
сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы
- қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып
жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын
сап көзінің.
Келе жатқан
томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Өлең
мазмұнына сәйкес қимыл - қозғалыстар
жасайды.
|
Рефлексиялық
− түзетушілік
|
Қорытынды:
Балалар,біз
бүгін қандай ертегімен таңыстық?
Дидактикалық
ойын:
«Тез жина»
Ойынның шарты: жерде
егілген сәбізді жинау.
Балаларды
марапаттау.
|