400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

түлкі мен тырна ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
түлкі мен тырна ертегісі,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Түлкі мен тырна.

Мақсаты: Балаларды әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттері мен  жүріс-тұрысын  талдауға, оларға  қабылданған  ережелеріне  сәйкес баға беруге үйрету. Балаларды ертегінің мазмұны мен ертегі кейіпкерлерінің жан құбылысын   сезінуге  сұрақтарға  жауап  беруге үйрету, білімдерін кеңейту, ертегі кейіпкерлерінің  мәнеріне келтіріп ойнау қабілеттерін  дамыту. достыққа мейрімділікке тәрбиелеу.       

  Заттық дамыту орталығы: орындық,үстел ,ыдыстар түлкі,тырна кейіпкер, интерактивті тақта,көрнекіліктер,слайд суреттер,орман бейнесі.

Билингвалды компонент: түлкі –лиса, тырна-журавль ,тәрелке-тарелка,құмыра-кувшин .

Шаттық шеңбер

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздер ме:-деп

Сәлемдесіп аламыз.

Тәрбиеші:Балалар бүгін көңіл-күйлерін қандай? Балалардың жауабын тыңдау.

- Бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар:

- Бір жылда төрт мезгіл бар.

Тәрбиеші:

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

- Қыс мезгілі

Тәрбиеші:

-  Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

Балалар:

-  Күн суық болады,қар жауады.

Тәрбиеші:

-  Ал, қазір қыс мезгілінің қай айы?

Балалар:

-  Қыс мезгілінің желтоқсан айы.

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар балалар, қайталау сұрақтарына өте жақсы жауап бердіңдер!

Бүгінгі күн ерекше болмақ,бүгінгі ашық оқу қызметінде ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.«Түлкі мен тырна » ертегісінің кейіпкерлерімен танысайық.

Интерактивті т ақтамен :Суретмен жұмыс. Балалар мен сендерге жабайы аң мен құстың суретін тамашалайық.Бұл қандай аң деп ойлайсыңдар? Түлкі туралы әңгімелейді.

  Балалардың жауабы:Түлкі: жабайы аң, біздің жерімізде кездеседі, қу айлакер,етпен қоректенеді,төрт аяқты аң,барлық ертегілерде елінде кездеседі.

Тырна туралы әңгімелейді. Құс  сулы жерде мекендейді,тырна екі аяқты ,тұмсығы ұзын,қауырсыны, қанаты бар,өсімдіктер мен жәндіктермен қоректенеді.

Тәрбиеші: -Балалар біз орыс тілінде түлкіні-лиса дейміз,ал тырнаны-журавль дейміз.Кәні бәріміз бір қайталайық  -Түлкі-лиса.  -Тырна-журавль.

Сирағы  ұзын тырнамын,

Тырнағы  ұзын тырнамын,

Балықты  сүзбей,

Ұстайтын  шоқып,

Тұмсығы біздей тырнамын. \тырна\

Түлкі деген қу екен

Жүрген жері шу екен

Айлакер бұл аң

Артында көп ылаң.\түлкі\

Үстел-үсті  орталығы: Жабайы аңмен құстарды қиынды сүреттерді құрастыру.

Мақсаты: Қиынды сүреттерді үйлесімділікпен  құрастыра  білуге үйретіп, саусақ маторикасын дамыту.

Тәрбиеші:Кәні балалар назарымызды экранға аударайық.

        ( Ертегіні слаид арқылы көрсету)

-Балалар ертегі сендерге ұнадыма?

Ертегі не туралы екен? 

Сергіту сәті: -Балалар, кәні орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық, сергіту сәтін жасайық.

Желелді  ролді ойын орталығы:«Түлкі мен Тырна» ертегісін  драматизациалау.

Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұны бойынша рөлдерге еніп бірігіп тату ойнауға, дауыс ырғағын, іс-қимылын келтіріп ертегіні  драматизациялауға  үйрету.

Әдебиет орталығы: « Түлкі менТырна» ертегісін әңгімелеу.

Мақсаты:  Ертегіні сүрет бойынша жүйілі түрде әңгімелеу.

Сұрақтарға жауап беріңдер:
1) Баяғыда нелер дос болыпты?
2) Бір күні қайсысы тырнаны қонаққа шақырғысы келді?
3) Ол не деді?
4) Түлкі не пісірді?
5) Ботқаны қайсысына берді?
6) Тырна ботқаны жей алды ма?
7) Ал түлкі не істеді?
8) Ботқаны қайсысы жеді?
9) Түлкі не деді?
10) Тырна не деді?
11) Ертеңіне түлкі қайда барды?
12) Тырна не пісірді?
13) Неге түлкі көже іше алмады?
14) Қайсысы көжені ішті?

Тапсырманы орындаймыз. «Түлкі мен тырна»ертегіндегі

Тәрбиеші:-балалар бүгін сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар,ендеше бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқтаймыз.

«Қол ұстасып тұрайық

                Жарты шенбер құрайық,

                Көріскенше күн жақсы, 

                Сау саламат болайық»







 





 





«Тырна мен түлкі» ертегісіндегі кейіпкерлер қандай ыдыс пен тамақтанады, сызу арқылы көрсету.



Picture 8





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
1034
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі