400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Түлкі, қоян және әтеш " орыс халық ертегісін сахналау

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспарын тәрбиешілер қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі: Драма

Тақырыбы: Түлкі, қоян және әтеш » орыс халық ертегісін сахналау

Мақсаты:

1. Түлкі, қоян және әтеш » орыс халық ертегісін сахналауға үйрету.Кейіпкерлерге мінездеме беру.

2.Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөз қорын байыту.

3. Балаларды жануарларды қыста күтім жасауға тәрбиелеу.Балаларды әдептілікке, тәртіптілікке баулу.

Көрнекіліктер: Жануарлардың суреті


Кезеңә\і

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Кіріспе бөлімі:

Шаттық шеңбер

Сәлем, сәлем басым

Сәлем, сәлем бетім

Сәлем, сәлем көзңім

Сәлем, сәлем тісім

Сәлем, сәлем балалар

Сәлем, сәлем апайлар


Жұмбақ жасыру

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу.



Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.  



Күн шықпай сап аттанды,

Қуырады апшыны.

Шырт ұйқыда жатқанды,

Оятады ащы үнi.      






Балалар қайталайды








(Түлкі)




(Қоян)



(Қораз)




Негізгі бөлімі:


Тәрбиеші: келесі көретіндеріңіз «Түлкі мен Қоян» ертегісіне сахналық қойылым
Автор: Бір хандықта ну орманның ішінде түлкі мен қоян дос болыпты. Олардың достығы сонша, тіпті олар екеуі бір - бірімен көрші болып тұруды ұйғарады. Содан түлкі өзіне мұздан, ал қоян ағаштан үй салады екен. Жылдар жылжып, күндер өтеді. Қыс өтіп көктем де келеді. Түлкінің мұздан жасалған үйі су болып еріп кетеді, сосын түлкі қулық жасап, қоянның үйіне кіріп алмақ болып қоянға келеді.
Түлкі: Қоянжан, біз екеуміз дос едік қой, менің үйім мұздан жасалған еді, міне күн жылынып мұз да су болып еріп кетті, екеуіміз бірге тұрайықшы...
Қоян: Жарайды біз доспыз ғой бірге тұрсақ тұрайық.
Тәрбиеші: Сөйтіп түлкі қоянның үйіне кіріп алып, қоянды далаға қуып шығады. Қоян жылай бастайды. Сөйтіп қоян жылап отырғанда Қасқыр кездеседі.
Қасқыр: Қоянжан сен неге жылап отырсың?
Қоян: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші тұратынбыз, түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған болатын. Күн жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме кіріп алып мені үйімнен қуып шықты. (Жылайды)
Қасқыр: Қоянжан сен жылама, мен саған көмектесемін. түлкіні сенің үйіңнен қуып шығамыз.
Қасқыр: Түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Мен қазір пештен секіріп түсіп, тырнақтарыммен сендерді тырнап, тістеріммен тістеп аламын
Жүргізуші: Қасқыр қаша жөнеледі. Қоян одан да бетер жылай бастайды. Сөйтіп қоян жылап отырғанда Аю кездеседі.
Аю: Қоянжан сен неге жылап отырсың?
Қоян: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші тұратынбыз, түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған болатын. Күн жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме кіріп алып мені үйімнен қуып шықты. (Жылайды)
Аю: Қоянжан сен жылама, мен саған көмектесемін., түлкіні сенің үйіңнен қуып шығамыз

Тәрбиеші: Сөйтіп аю қоянның үйіне, қоянмен бірге еріп келеді.
Аю: Түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Мен қазір пештен секіріп түсіп, тырнақтарыммен сендерді тырнап, тістеріммен тістеп аламын Аю қаша жөнеледі. Қоян одан да қатты жылай бастайды
Қоян жылап отырғанда, оған Әтеш кездеседі.
Әтеш: КУ - КА - РЕ - КУ, Қоянжан сен неге жылап отырсың?
Қоян: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші тұратынбыз, түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған болатын. Күн жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме кіріп алып мені үйімнен қуып шықты. (Жылайды)
Әтеш: КУ - КА - РЕ - КУ, Қоянжан сен жылама, мен саған көмектесемін біз түлкіні сенің үйіңнен қуып шығамыз. КУ - КА - РЕ - КУ?
Уәзір: Әтеш пен қоян үйіне, қоянмен бірге еріп келеді.
Әтеш: КУ - КА - РЕ - КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Қазір мен пештен түсіп жатырмын.
Әтеш: КУ - КА - РЕ - КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Қазір мен киініп жатырмын.
Әтеш: КУ - КА - РЕ - КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Қазір мен шығып келемін.
Жүргізуші: Түлкі әтештерден қорқып, үйден жүгіріп шығып қаша жөнеледі. Сөйтіп қоян түлкінің кеткеніне қуанып, әтештерге рахметін айтады.
Қоян: Рахмет сендерге, сендер менің үйімнен түлкіні қуып жібердіңдер.







2-3 рет қайталайды



Қорытынды:

Бес саусақты қолғар арқылы

-Ертегі не туралы?

-Қоянға мінездеме бер?

Түлкі қандай?

Аю ше?




Күтілетін нәтиже: Ертегілерді мазмұндау атау

Қорытынды: Балалар сабаққа белсене қатысып, сабақ өз мақсатына жетті.

Қорытынды:







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
1451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі