"Түлкі, қоян, тасбақаның достығы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Түлкі, қоян, тасбақаның достығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі кейіпкерлері, халықтың арманы арқылы ертегілердің маңызын түсіндіру.Балаларды ертегі әлеміне қызығушылығын арттыру,ертегі арқылы аңадармен таныстыру.Байланыстырып сөйлеулерін дамыту. Жануарлар мен аңдар туралы білімдерін бекіту. Ертегілер үзінділерін әңгімелей білу.Ертегі кейіпкерлері арқылы қуанышты көңіл күй сыйлап, өздерін ертегі әлемінде жүргендей сезіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Келісемін:

меңгеруші:............ А.Алиева әдіскер:..............А.Турманова












Ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: « Тасбақа Қоян Түлкінің достығы»














Тәрбиеші: Нақып Л





Түркістан 2017-2018

Білім беру саласы:Қатынас

Білім Бөлімі: Көркем әдебиет, тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Түлкі қоян тасбақаның достығы.

Сабақтың мақсаты: Ертегі кейіпкерлері, халықтың арманы арқылы ертегілердің маңызын түсіндіру.Балаларды ертегі әлеміне қызығушылығын арттыру,ертегі арқылы аңадармен таныстыру.Байланыстырып сөйлеулерін дамыту. Жануарлар мен аңдар туралы білімдерін бекіту. Ертегілер үзінділерін әңгімелей білу.Ертегі кейіпкерлері арқылы қуанышты көңіл күй сыйлап, өздерін ертегі әлемінде жүргендей сезіндіру.

Жүргізуші: Балалар бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Ертегінің аты Тасбақа Қоян және Түлкінің достығы.

Бір күні тасбақа, қоян түлкі жолығыпты, үшеуі бір-бірімен серттесіп, айнымас дос бопты.

Түлкі, тасбақа, қоян: Достық деген ұлы күш,

Достығымыз мәңгіге

Бірге айтамыз әнді де

деп әндетіп келе жатса алдарынан бір қапшықты көреді.

Түлкі: Бұл не қапшық деп таңқалады.

Тасбақа: Бұл не өзі?

Түлкі: Мұны мен таптым, бұл менікі

деді түлкі қапшықты аласала.Енді үшеуі қапшықта не бар екенін көруге асықты.

Құдай-ау бір уыс тары екенғой-дейді де Тасбақа бәрімізден жасы үлкен сенсің , ақылыңда көп мынаны неістейміз деп сұрайды.

Тасбақа:Біраз сауытына кіріп ойланады.

Түлкі: Ой біраз уақыт болды. Көп күтіп қалдымғой –деп уфілеп кетеді.

Тасбақа болса өте ұзақ ойланады, бірақ ештеңе шықпады.

Осы кездекеремет қоянға керемет бір ой келеді.

Қоян: ал мен таптым, тарыны жерге егіп, күзде орамыз, базарға сатып, ақшасын теңдей етіп бөліп аламыз.

Тасбақа: Рас жерге егейік Қоян дұрыс айтады.

Қоян: Табылған ақыл- деп мына жарды мен арқаммен тіреп жатпасам құлап кетеді, сендер еге беріңдер –осылай деп қу түлкі жардың көлеңкесіне жатып алып ұйқыға кірісті. Ал енді тасбақа мен қоян жұмыла жұмысқа кірісті.

Тасбақа жер жыртып, қоян тары септі.Ыстық күнде алыстан су тасып, егін суарды. Таң атқаннан кеш батқанша тынбай еңбектенді. Тасбақа мен қоян тарыны баптап, күтіп күн ұзақ торғайлардан қорып,өсіріп шықты. Жайқалған тарыны көріп екеуініңде көңілі толды.

Қоян: Жақсылап, қайрап ал сен орасың мен жинаймын –дейді.

Жиналған астықты үшеуі бөлісуге келгенде түлкі тағыда қулыққа басты.

Түлкі: Оооойй жарайсыңдар достарым, сіз боп, біз боп егінімізді жиыпта алдық.

Тасбақа:Сіз боп біз боп?

Түлкі: Келіңдер жарысайық, жарысты кім озса бар астықты сол алсын –деп түлкі ұша жөнеледі.

Тасбақа: Мыналар қайда кетті деп асықпайды.

Ал мәреге қоян мен түлкі бірге жетеді. Екеуі тасбақаны өте ұзақ күтеді.

Ал тасбақа болса басын тауға да тасқада соғып, бет аузын әбден жараланған тасбақа мәреге әрең дегенде жетеді.

Түлкі: Оооой әне желаяқ досымыз тасбақада келіп жетті. Ойбай –ау тасбақа түріңе неболған, сұмдық, байғұс тасбақамау сау тамтығың қалмаптығой деп қорқып кетеді.

Тасбақа: Ой түлкі құрысын сұрама, жанына ерткен тазылары бар аңшылар мені ұстап алып, досың түлкі қайда ? айт қане деп таяқтың астына алды. Сонда да досымсыңғой айтпадым, содан әрең қашып құтылдым. Олар соңымнан қуып келіп қалулары да мүмкін.

Түлкі: Қорққанын білдірмеуге тырысып, тазы тонымды жыртпай тұрғанымды зытайын деп ішінен ойлап , достарына тасбақажан, қоянжан дос едіңдер сендер мені аңшыларға мені көрдім деп айтпаңдаршы ал мына астық сендерге қалсын мен зытайын түлкі қыр асып жоқ боп кетеді.

Тасбақа: айтпаймыз деп мазақ қылып күле береді. Ал жиналған астық арамдықтың мазағынан адалдықтың азабы артық деп тер төгіп еңбек еткен тасбақа мен қоянға қалды. Достық түбі адалдық екенін шын түсінген екеуі бір бірінен бөлінбей ұзақ өмір сүріп мақсат мұраттарына жеткен екен.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2019
874
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі