400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Түлкі туралы ертегі. Ертегілер еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Лашын" ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

технологиялық картасы


Мерзімі: 0611.2018ж

Білім беру саласы: Қатынас

Тараулар: Көркем әдебиет

Тақырыбы: "Түлкі туралы ертегілер еліне саяхат"

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерімен, жүріс-тұрысына

талдау жасауға үйрету

Дамытушылық: Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін бағалай

білу қабілетін, тілін, танымдық қасиеттерін дамыту

Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: ____________________________________________________

Үштілдік компонент: түлкі-лиса-fox

Демонстрациялық материал: Ертегі кейіпкерлерінің суреті, карточкалар,

жұмбақтар, тақпақтар

Үлестірмелі материал: Әр үстелге таратылған ертегі кейіпкерлерінің суреті


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық-

қозғаушылық

-Шаттық шеңбері

-Қонақтармен амандасу:

-Сылдыр-сылдыр шапалақ,

-Міне менің қолдарым.

-Міне менің жүрегім,

-Мен өзімді жақсы көрем.

-Сені жақсы көрем,

-Бәріңді жақсы көрем.

-Сәлем, достар!

-Сәлеметсіздерме, қонақтар!


-Балалар,"Ерте-ерте, ертеде" - деген сөзді мен қай сабақта айтушы едім?

-Дұрыс айтасыңдар.

-Не айтқан кезде?

-Ия,ертегі айтқан кезде,бірақ сабақты бастамас бұрын суретті жұмбақ жасырамын:


-Орман екен мекені,

-Сонда өмір сүреді.

-Бұлаңдаған құйрығын,

-Мақтан етіп жүреді.

-Реті келсе балық жеп,

-Алдап кетер аңдарды.

Ол не?

Дұрыс айтасыңдар.


Балалар жиналды.

Амандасты.

Қимыл-қозғалыспен тақпақ жолдарын хормен айтты.



Орындарына отырды.


Көркем әдебиет сабағында.


Ертегі айтқанда.



Жұмбақты тыңдайды.







Жауабы:"түлкі"




Ұйымдастыру– іздестіру


Ендеше бүгін "Көркем әдебиет" сабағынан өтетін тақырыбымыз:

"Түлкі туралы ертегілер еліне саяхат" деп аталады. (орманда жүретін түлкімен, ертегідегі түлкіні салыстырып түсіндіру)

"Түлкі"- орманда мекендейді,сұлу, қу, әдемі аң.

Ал мынау ертегілерде кездесетін түлкі. Біз түлкіні көз алдымызға қу қылып елестетеміз, ендеше ертегілер еліне саяхатымызды бастайық, шыныменде түлкі қу мекен?

(тақтада ортада түлкінің суреті)

-Түлкі қандай ертегілерде кездеседі?



Shape1 Shape2

Shape3 Shape4 Shape5

Shape7 Shape6

Түлкі


Shape10 Shape9 Shape8 Shape11

Shape14 Shape13 Shape12

Shape15 Shape16

Shape17

-Қараңдаршы,қаншама ертегілерде "түлкі" кездеседі екен, әр ертегіні есімізге түсірейік.

"Түлкі мен бала"ертегісін диалог бойынша айтыңдаршы? .

- Түлкі, түлкі, түлкішек,

- Түнде қайда барасың?

- Апамның үйіне барамын.

- Апаң саған не береді?

- Ешкі сойып,ет береді.

- Оны қайда қоясың?

- Тал түбіне қоямын.

- Ит жеп кетсе қайтесің?

- Жер тепкілеп жылаймын.


"Түлкі мен тырна"ертегісін түлкінің қимылымен жасаңдаршы?


"Бауырсақ" ертегісін әндетіп айтыңдаршы?

- Апамнанда қаштым,

- Атамнанда қаштым.

- Қояннанда қаштым,

- Аюданда қаштым,

- Қасқырданда қаштым,

- Енді сененде қашамын.


"Адам мен қасқыр"ертегісіндегі түлкінің жақсылығын айтыңдаршы?


"Түлкі мен қоян" ертегісінде,

түлкінің алданғанын айтыңдаршы?



"Түлкі мен қасқыр" ертегісін сұрақ-жауап арқылы айтайықшы?





"Үйшік"ертегісінде мына іс-қимылдың қай аңға қатысты екенін айтыңдаршы?

-жүгіріп не келеді?

-секіріп не келеді?

-ытқып-ытқып не келеді?

-алақ-жұлақ етіп не келеді?

-бұраңдап не келеді?

-қорбаңдап не келеді?


"Қоянның үйшігі"ертегісін тақпақ жолдарымен айтыңдаршы?


- Қоян қашқын,қайда қаштың?

- Тоғайға қаштым.

- Неге қаштың?

- Сенен қаштым.

- Ендеше қашпа, аузыңды ашта,

- Түлкі туралы сөз айт!

- Қу, алдаушы, әдемі, керемет, ақылды.

-Өте жақсы.

-Әр ертегіні жан-жағынан ашып шықтық.

Ертегіні тек тыңдап қоймай, осылай да айтуға болады.

Бәріміз айтайықшы:

-"түлкі - лиса - fox "

( 3-рет қайталату)

-Сергіту сәті :

-Бойды сергек тік ұста,

-Емін-еркін тыныста.

-Оң қолыңды соз алға,

-Сол қолыңды соз алға.

-Қол ұшына қарада,

-Былай-былай қимыылда,

-Түлкі болып бұлаңда.

Қане,орнымызға отырайық.

-Ойын ойнайық:

-"Не жоқ" ойыны.

(әр төрт балаға әртүрлі ертегі кейіпкерлері таратылады,соның ішінен артық кейіпкерді тауып,қай ертегіні шыққанын айтулары керек)

Сендерге ойын ұнадыма?

-Қане,қандай ертегілер екен?






-Өте жақсы.

-Шеңберге тұрайық:

-Мына тақпақ жолдарымен сабағымызды аяқтайық:



-Әй,шымыршық,шымыршық,

-Түлкі қалай жүреді?

-Түлкі былай,түлкі былай,

-Дәл осылай жүреді.

Балалар тақырыпты қызыға тыңдады.

Балалар түлкі туралы түсінік алды.

Далада,ертегіде кездесетін түлкіні салыстыра алды.







Балалардың жауабы.



"Түлкі"кездесетін ертегілерді атайды да ,тақтада ортада тұрған "түлкінің" жан-жағына ертегі мұқабаларын қойып шығады.








Балалар әр ертегіні атаған сайын берілген тапсырманы айтып отырды.

Барлығы сабаққа қызығушылықпен қатысты.






Балалар қимылмен көрсетеді.









Балалар қуанады.


Балалар адамға түлкінің жасаған жақсылығын айтады.

Суреттер арқылы үстел үстіне кейіпкерлерді қойып айтады.

Бір-біріне сұрақ қойып жауап береді?

Аңқау қасқыр құйрығы не істеп қалады?




Тышқан

Бақа

Қоян

Қасқыр

Түлкі

Аю















"Бауырсақ" ертегісі

"Үйшік" ертегісі

"Қоян мен түлкі"

"Түлкі мен тырна"

"Қоянның үйшігі"

"Түлкі мен қасқыр"


Шеңберге тұрды.





Барлық балалар тақпақ жолдарын қимылмен көрсете отырып айта алды.

Рефлексивті– түзетушілік


-Сонымен бүгін "түлкі" туралы қандай ертегілерге саяхат жасадық?

-Үш тілде қайталайықшы?

-Әр ертегілерге қалай тоқталдық?

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар.

-Сендер сабаққа белсене қатысқандарың үшін арнайы сыйлық беремін.





Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Барлық ертегілердің мазмұнын.


Болу керек: Ертегіні жүйелі қылып , қызығушылықпен әңгімелеуге.


Істей білу керек: Ертегіні жан-жағынан айта білуге, өздерінің

шеберліктерін көрсете білуге.



Тәрбиеші: Кенбатырова Назира Қабылқызы

Тексерілді:_______________________________



















Б.Байғожина атындағы ясли - бақша









Тақырыбы: "Түлкі туралы ертегілер еліне саяхат"































2016 - 2017 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
1059
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі