400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Түлкінің туған күні" ертегілер

Материал туралы қысқаша түсінік
Орман.Әр шыршының түбінде бір-бір аңнан отырады.Залға көңілді әуенмен билеп түлкі кіреді,аңдармен амандасады да әндетіп кетіп қалады.Аңдар таңданып бір-бірінен сұрайды. Аю:Түлкі бүгін көңілді ғой. Қасқыр:Оның себебі бар шығар. Қоян:Сендер білмейсіңдер ме?Бүгін түлкінің туған күні. Аю:Ендеше неғып тұрмыз,түлкіні барып құттықтайық. Қоян:Бос барғанымыз жарамас,дүкенге барып сыйлық алайық.(Бәрі дүкенге келеді)
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі









Сахналық ертегі қойылымы


«Түлкінің туған күні»


Picture 7
















Өткізген: Дефектолог-мұғалім

Тажекенова Айжамал Аватовна








2019 оқу жылы


«Түлкінің туған күні»


Кейіпкерлер: Түлкі, қоян, аю, қасқыр, кірпі, тиін, Айболит дәрігері


Ұйымдастыру кезеңі:

Орман.Әр шыршының түбінде бір-бір аңнан отырады.Залға көңілді әуенмен билеп түлкі кіреді,аңдармен амандасады да әндетіп кетіп қалады.Аңдар таңданып бір-бірінен сұрайды.

Аю:Түлкі бүгін көңілді ғой.

Қасқыр:Оның себебі бар шығар.

Қоян:Сендер білмейсіңдер ме?Бүгін түлкінің туған күні.

Аю:Ендеше неғып тұрмыз,түлкіні барып құттықтайық.

Қоян:Бос барғанымыз жарамас,дүкенге барып сыйлық алайық.(Бәрі дүкенге келеді)

Хормен: Сәлеметсіз бе,тиін!

Тиін:Сәлеметсіздер ме?Бәрің жиналып қайда барасыңдар?

Қоян:Түлкінің туған күніне.

Қасқыр:Айтыңызшы, түлкіге не сыйласақ болады.

Тиін:Биыл мешін жылы ғой,түлкіге қойдың ойыншығын сыйлаңдар.

Аю:Бұлда дұрыс екен,бұл ойыншығыңыз қанша тұрады?

Тиін:Жүз теңге тұрады

Қасқыр:Тиін сізде бізбен бірге жүріңіз.

Тиін:Жарайды,менде түлкіні құттықтап келейін.(Бәрі дүкеннен шығады.)

Қоян:Енді шаштаразға барып,шашымызды сәндейік.

Хормен:Сәлеметсіз бе кірпі!

Кірпі:Сәлеметсіздер ме!Бәрің жиналып қайда барасыңдар?

Қоян: Түлкінің туған күніне бара жатырмыз.

Аю:Шашымызды сәндеп бересіз бе?

Кірпі: Жақсы бір-бірлеп отыра қойыңдар.(шаштарын сәндейді)


Аю:Рақмет кірпі,сіз де бізбен жүріңіз?

Кірпі:Жақсы,барсам барайын.Бәрі бірге жолға шығады.Жолда абайсызда

қоян аяғынауыртып алады.

Қоян:Аяғым-аяғым.

Аңдар: НЕ болды, қоян?

Қоян: Аяғымды ауыртып алдым,баса алар емеспін.

Аю:Онда сені Айболитке апарайық.Аңдар қолынан ұстап Айболитке әкеледі

Аңдар:Сәлеметсіз бе,Айболит ата!

Айболит:Сәлемтсіздер ме!Қоян саған не болды.

Қасқыр:Айболит ата,бүгін түлкінің туған күні еді,бәріміз соған бара жатыр едік,жолда қоян аяғын ауыртып алды,қарап бересіз бе?

Айболит:Қане,қоян аяғыңды көрейін.(аяғын ұстап көреді)Ештеңе етпейді.аяғыңды байлап беремін.

Қоян:Рахмет,Айболит ата,сізде бізбен бірге жүріңіз.

Айболит:Жарайды, барсам барайын.(бәрі түлкінің үйіне келеді)Алдарынан түлкі шығады:

Түлкі:Сәлеметсіңдер ме,достарым!

Аңдар:Сәлеметсің бе, түлкі!Түлкі туған күнің құтты болсын!

Аю: Қымбатты түлкі мынау біздің сыйлығымыз, қабыл алыңыз.

Түлкі:Рахмет достарым,үйге кіріңдер. Менің дастарханымнан дәм татыңдар.(Барлық аңдар үстелге жайғасып отырады,үстелдің үстінде бал,сәбіз, ет, алма, жаңғақ тұрады. Әркім өзі жақсы көретін тағамдарын

алып жейді

Қоян: Асың дәмді екен рақмет!Түлкіге жақсы тілегімізді айтайық.

Денің сау болсын!

Аю: Мен түлкінің туған күніне арнап,тақпақ айтып берейін:

Алып батыр балпаңмын.

Ақ ниетті дарханмын,

Барлық аңға тимеймін.

Балпаң-балпаң билеймін!

Қасқыр: Аю, сені қолдаймын

Арам ниет болмаймын

Барлық аңдар достасып,

Туған күнде бас қостық.

Тиін: Мен тиінмін, тиінмін,

Қыста жылы киімім

Көк майсаға аунаймын

Түлкіден бір аумаймын.


Қоян: Мен қоянмын, қоянмын,

Сәбіз жеуді қоймадым

Түлкінің туған күніне

Тәтті сәбіз сыйладым!

Кірпі: Тұмсығында түймесі

Деп тұрғандай түймесі

Азулыдан сақтайтын,

Кірпінің көп инесі,

Өзін қорғай алады.

Домалана қалады

Содан кейін тиіп көр,

Тура «уколын» салады.

Бәрі түлкіге өлең айтып берді:

«Ақ қоян» ойыны: Барлығы ойын ойнайды.

Шарты: шеңбер жасап бір баланы ортаға ақ қоянғып отырғызады. Оған ақ қоян туралы өлең жолдарын айтады.













Көрініс сәтінен фото галерея

Picture 11










Picture 13 Picture 12





































Picture 9 Picture 14 Picture 15
Мақтау қағазын табыстау сәтінен

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
3944
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі