«Тұлпар» ересек
тобының ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің
технологиялық картасы
Күні:
16.11.2021
Білім беру
саласы: Таным .
Шығармашылық
Бөлімі: Математика негіздері .
Жапсыру
Тақырыбы: Уақыт. Уақытты бағдарлау
«Таң,кеш,күн,түн»
Мақсаты: Уақытты
бағдарлау «таң,кеш,күн,түн»туралы
түсінік беру.
Міндеттері
-Балаларға тәулік бөлігін
үйрету,дұрыс ажыратып атай білуге
машықтандыру
-Тәулік бөлігіне арналған
дидактикалық ойыны арқылы балалардың есте сақтауы мен танымдық
қабілетін дамыту.
-Уақытты дұрыс үнемдеуге
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрсету, сергіту, ойын, жұмбақтар.
Көрнекілігі: Тосын сәт, суреттер, әр
балаға тәулік бөліктері салынған суреттер,
шар.
Билингвальды
компонент: Таңертең-утро, күндіз-днем, кеш-вечер,
түн-ночь.
Мотивациялық
-қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Бақшамызға барғанда.
Жолыққан бар жандарға,
Ертемен ақ пейілмен.
«Қайырлы таң» деймін мен,
Күндіз де елді елеймін.
«Қайырлы күн»тілеймін,
Үйге кешке келемін.
Не
дерімді білемін,
«Кеш жарық» деп кіремін 
Жарайсыңдар,балалар.Бүгін
бізге көптеген апайлар келіп отыр екен.Сендердің оқу іс-әрекетіне
деген қызығушылықтарыңды, байқауға, білімдеріңді көргелі келіп
отыр.Ендеше жақсы көңіл күймен оқу іс-әрекетімізді
бастайық!
Балалар кәне 2- топқа бөлініп
алайық, ол үшін мына тарелкадан айдың немесе күннің суретін алайық.
Қай балада ай, қай балада күн болса сол суреті бойынша орынымызға
жайғасамыз.
Ұйымдастырушылық –
ізденушілік
Балалар қазір жылдың қай
мезгілі
-Күз
Күз айларын айтып
беріңдерші
Қыркүйек, қазан,
қараша
Балалар, мен сендерге құр қол
келген жоқпын, мына шарларды ала келдім.
Бұл шарлардың түстері
әртүрлі.
Бұның ішінде қызықты
тапсырмалар жасырынған екен?
Біз оны оқу үшін шарларды
таңдап аламыз,сосын жарып ішіндегі сұрақтарға жауап
береміз.
1.Жұмбақ
шешу
Күн шығып нұрын
шашады
Балалар бақшаға
барады (таң)
Балалар бір сәт ойланып
көрейікші. Бізге жылу сыйлап жарық беріп тұрған не деп
ойлайсыңдар?
3.Ән айтамыз
күлеміз
Апай сау бол –
деп
Үйге қарай кетеміз
(кеш)
Тосын
сәт:
Есіктен Тапқышбек
кіреді,қолында конверті бар.
Таптым,таптым!
Сәлеметсің бе,сен кім
боласың?
-Мен Тапқышбекпін! Мен математика
патшалығынан келдім. Мен
сендердің білімдеріңді тексергелі келдім.
Мына конверте сұрақтар мен тапсырмалар
бар.

Тәрбиеші балаларға конвертті ашып,
ішіндегі тапсырмаларды оқып береді.
1-тапсырма.Мен сендерге жұмбақ
жасырайын, сендер жауабын табыңдар.
Серуеннен
қайтамыз
Тамақ ішіп
аламыз
Біз тәртіпті
баламыз
Тәтті ұйқыға батамыз
(түс)
Піл мен аю
ұйықтайды
Ұйықтайды
қояндарда
Бәрі ұйқыға
жатады
Бұл қай кезде болады
(түн)
-
Ол не екен?
Кім
біледі?
2-тапсырма.
Дүкеннен анам 2 допты алып келді,оның біреуін
ініме бердім.Менде неше доп қалды?
3.Қоянда неше құлақ
бар?
4-тапсырма. «Сөздік ойын»
Тәулік бөліктері туралы.
-Біз түнде ұйықтаймыз,
ал
жаттығуды, ....
жасаймыз.
-Таңғы асты таңертең,
ал түскі асты,....
ішеміз
-Кешке кешкі асты ішеміз,
ал ....
ұйықтаймыз.
-Ал енді балалар,
тәулікті ретімен атап көрейікші.
Тәрбиеші:-
Тапқышбек бүгін біз тәулік туралы әңгіме қозғағалы жатыр едік,
сен дәл келдің.
Сен біздің балалардың әрі қарай білімін білгің келсе отыра ғой.
Бір тәулікте төрт мезгіл болады.
Олар:
таңертең,
күндіз,
кеш,
түн деп аталады.
Я,
балалар,
күн ұясынан шығып,таң атып келе жатқан уақытты «таңертең»
деп атаймыз.
-
Қане, «таңертең-утро» деп қайталайық.
-
Қараңдаршы таң көкжиектен атып келе жатқан сияқты күн шығып келеді.
(жартылайкүн).
Күн жылжып толығымен ортаға
шығад
- Қараңдаршы, күн
бірорындатұрмайды екен, жайлап жылжып келе жатқан сияқты. Күн толық
аспанға көтеріліп бізге бар сәулесін шашып
тұр.
- Міне, бұл кезді біз «түс»
дейміз немесе «күндіз» дейміз.
Балалар, күнді біз толығымен
көріп тұрмыз ба? Күн қайдатұр?
Күннің пішіні қандай екен?
Ал жиегіндегі күннің шуағы қандай пішінге ұқсас?
Балалар күн аспанда нешеу екен?

Ал бізге шашатын шуағы аз ба,
әлде көп пе екен?
-
Ал күндізсендер не істейсіңдер?
Сергіту сәті:
Cағаттың
тіліндей
Иіліп оңға
бір
Cағаттың
тіліндей
Иіліп солға
бір
Оң аяқ, сол
аяқ
Жаттығу оңай
ақ
- Балалар қараңдаршы күн
жылжып төмен түсіп келеді,яғни ұясына батуға жақындап қалыпты. Біз
бұл мезгілді «кешкі мезгілі» деп атаймыз.
- Балалар біз кешке не
істейміз?
Ал енді міне күн ұясына
батты.Бұл мезгілді «Түн» дейміз.
-Түнде аспаннан нені көреміз? Айдың жанында нелер
бар? Ал жұлдыздар көппе,әлде аз ба? Олай болса бәріміз тәтті ұйқыда
боламыз. - Міне, балалар тәулік бөліктерімен
таныстық.
Тәрбиеші: Тапқышбек балалар сенің тапсырмаларыңды
дұрыс орындады ма, сұрақтарыңа жауап берді ме, көңілің толды ма,
біздің балаларға.
Тапқышбек: Өте білімді балалар
екенсіңдер.
Дидактикалық
ойын
Балалар, енді «Бұл қашан
болады?» ойынын ойнаймыз.
Ойын шарты: Тәулік
бөлігіне байланысты әр түрлі суреттерді ажыратып қойып
шығу.
(Алдымыздағы өзіміздің
іс-әрекетіміз бейнеленген суреттерімізді қойып
шығамыз).

Балалар шарды таңдайды, себебін
айтады.
Таңертең үлкендер жұмысқа, ал
балалар мектепке, балабақшаға барады. Күндіз үлкендер жұмыс
істейді, ал балалар сабақ оқиды, кешке бәрі демалады, ал түнде
ұйықтайды
Жұлдыздар аспанда көп
Рефлексифті –
түзетушілік
Ал,
балалар Тапқышбекпен қоштасайық.
-
Тәулік бөлігімен танысып,оларды атай білдік пе?
-
Қонаққа бізге кім келді?
Тапқышбектің тапсырмаларын орындадық
па?
Ойын сендерге ұнадыма?
Балаларды күн бейнесімен
бағалау.
Тапқышбекпен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Уақытты
бағдарлай біледі
Игереді: Тәулік бөліктерін ажырата
білуді игереді
Меңгереді: Тәулік бөліктерін
үнемдеуді меңгерді
ЖШС «Бөбек» мектепке
дейінгі шағын орталық

«Тұлпар» ересек тобының
ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық
картасы
Тәрбиеші: Назарова
А.Т
Семей
2021