Тұмар туралы аңыз 5-сынып орыс бөлімі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұмар туралы аңыз 5-сынып орыс бөлімі

Материал туралы қысқаша түсінік
Томирис ханшайым, тарих бетіне шолу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мұғалімнің аты-жөні:Т.Тастаева

Күні: 13.11.2023ж

СЫНЫП: 5В

Сабақ 48-49

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тұмар (Томирис) туралы аңыз.

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.4.5.1 жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

Сабақ нәтижесі:


Тақырыпқа қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы Тұмар ханшайым жайлы түсінік алады

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Әртүрлі жанрдағы мәтіндер

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Патшайым, тәрбиелейді, басқыншылық, қашып құтылған, елші

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Сөз дегеніміз не?
Жауап берген оқушылар бағаланады.

1-топ:

«Бақыт» вагоны

2-топ:

«Сүйіспеншілік» вагоны

3-топ:

«Жарқын өмір» вагоны

«Қызыл гүлім-ай» би билету.

Жаңа білім

10 минут






Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Т.Жұртбаевтың «Дулыға» кітабынан Тұмар пат- шайым жайлы оқып береді, ой шақыру сұрақ- тарын қояды: Балалар, Тұмар патшайым деген кім? Ол туралы әңгіме

Сақ патшайымы Тұмар (Томирис) ханшайым әлемдегі ең атақты әйел патшалардың бірі. Ержүрек батыр, әділ ел билеуші ретінде әлем тарихында қалған Тұмар ханшаның есімі өз заманында «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсы патшасы Кирдің Орта Азияға жасаған басқыншылық жорығымен тікелей байланысты. Тарихи деректерде қанқұмар Кирдің соғыс ашу мақсатында жесір қалған Томирис патшайымға өзіне әйел болу туралы ұсынысты елшілер арқылы әдейі жібергендігі баяндалады. Кирдің өзіне емес, елі мен жеріне «құда түскелі отырғанын» жақсы түсінген патшайым оның ұсынысын қабылдамайды. Осылайша, қулығын іске асыра алмаған Кир массагеттерге ашық соғыс жариялайды. Алғашқыда айла-шарғымен массагет әскерлерін уландырып, қолға түсірген Кир жеңіске жеткендей болады. Бірақ, негізгі әскери күшінен, оған қоса ұлы Спаргапестен айрылғанына қарамастан, Томирис дереу басқыншыларға қарсы қол жинап, шабуылға шығады. Нәтижесінде массагеттер жеңіске жетіп, Кирдің өзі қаза тауып, әскерінің көпшілігі қырылды.

Томирис торсықты қанға толтырып, оған Кирдің басын салуға бұйрық береді: «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансың!» дейді. Томирис патша өз елінде бұдан кейін де талай жылдар билік етіп, қара қылды қақ жарған әділдігімен, данышпандығымен, көрегендігімен халқын талай таң қалдырды. Олар Тұмар ханшайым туралы жыр толғап, оның атын жырға айналдырған.







Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен та- ныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Ә) Оқылым. Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтан- дыру үшін 4, 6, 8-тапсырманы орындатады.

Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қа- былдауға машықтандыру үшін 5, 7-тапсырманы орындатады.

4. Сергіту сәті. Оқулықтағы 10-тапсырманы орын- датады.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Оқылым. Жазылым. Айты- лым. 11-тапсырманы орындатады. Жұптық жұмыс ұйымдастырады.

Оқушыларға «Тірек сөздер» стратегиясының негі- зінде тақырыпқа қатысты тақтадағы плакаттарға бірнеше сөздер жазады.

«Тұмар патшайым сақтардың

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, кітап көрмесі, үлестірмелі материалдар, кесте, плакаттар

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Оқылым.Жазылым.Айтылым. Берілген мәтіндегі ойды осыған дейінгі алған білімдерімен толықтырып, кеңейтіп жазады.

Оқушылар кезек-кезек тақтаға шығады. Маркерлерді пайдаланып, ассоциаграмма құрайды.

Жазылым. Эссе жазады.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

Кестені толтыру

Бағалау


5 минут






Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.06.2024
250
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі