Сабақтың тақырыбы: «Тұмаудан
сақтанайық».
1. Оқушыларға тұмау және тұмаудан сақтану туралы мағлұматтар
беру;
2. Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының қызметкерлерімен
кездесу;
3. Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру,
тазалық, жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану туралы пайдалы
кеңестер беру;
Сабақтың түрі: кездесу сабағы
Сабақтың көрнекі құралдары: интерактивті тақтадағы сызбалар
(«Пайдалы және пайдасыз тағамдар», «Адам денсаулығына пайдалы және
зиян»), тұмауды емдеуге арналған сусын, кеспе әріптер (ТАЗАЛЫҚ),
күн көзі макеті, тұмау туралы кітапшалар, буклеттер, плакаттар,
«Орамал тастамақ» ойынына орамал мен сыйлық.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Негізгі бөлім
а) Кіріспе. «Тұмау» деген не?
ә) Тұмау туралы не білесің? ( оқушылардың сурет салып, баяндау)
б) Пайдалы кеңестер. Тұмауға қарсы сусын дайындау.
в) Сызбамен жұмыс. «Адам денсаулығына пайдалы және зиян»
(флипчартта)
3. Денсаулық туралы бірер сөз.
а) «Күн шапағы» шеңбері
ә) «Орамал тастамақ» ойыны. Денсаулық туралы мақал-мәтел сайысы
б) «Пайдалы және пайдасыз тағамдар» сызбасымен жұмыс.
(флипчартта)
в) «Тазалық» сақшыларының сабы
4. Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының қызметкерлеріне
сөз кезегін беру.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Негізгі бөлім
Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және келген
қонақтар бүгінгі біздің «Тұмаудан сақтанайық!» атты тәрбие
сағатымызға қош келдіңіздер!Бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты
өтпекші. Бұл сабақтың ерекшелігі – 9- сынып оқушылары және Мектеп
мейірбекесі Утегенова Дүрия апаймен бірлесе отырып тұмаудан сақтану
жолдарын іздестіретін боламыз. Бүгін бізде қонақта Мектеп мейірбике
қызметкері – Утегенова Дүрия Жалғасбековна.Біздің ашық тәрбие
сағатымызға қош келдіңіз.
а) Кіріспе. «Тұмау» деген не?
(Флипчарт арқылы түсіндіру) Эпидемиолог мамандар бүгiнгi таңда әлем
бойынша вирустық аурудың 200 түрi бар екенін зерттеп, дәлелдеді. Ол
– адамның инфекциялық патологиясында маңызды рөл атқарып, ерекше
орынға ие болған ауру түрі. Тұмау вирусы домалақ немесе сопақша
пішінді, диаметрі 80-100 cм. Құрамында РНҚ бар. Бөлме
температурасында тұмау вирусы бірнеше сағаттан кейін өзінің
белсенділігінен айырылады, ал 65 С градусқа дейін қыздырғанда 5-10
минут аралығында өледі. Ол қышқыл тез бұзылады, кептіргенге
шыдамайды, эфир, спирт және басқа залалсыздандыру ерітінділерінде
жойылады. Ультракүлгін сәуле мен ультрадыбыстар тұмау вирусын тез
жояды Тұмау вирусы көптеген үй жануарларын да зақымдауы мүмкін,
бірақ бұлардың адамның эпидемиялық зақымдануында маңызы шамалы.
Жұқтыру көзі болып ауру адам саналады. Вирус жөтелгенде,
түшкіргенде, сөйлегенде ауадағы тамшы бөліктерімен беріледі.
Аурудың жасырын кезеңі жұқтырған күннен бастап 1-2 күнге созылады.
Тұмау кенеттен басталады. Әдетте ауру дене қызуының тез
жоғарылауымен, бастың қатты ауруы, жалпы әлсіздік, ұйқының бұзылуы,
тамаққа тәбеттің болмауы сияқты белгілермен көрінеді. Кішкентай
балаларда құсу және тырысу байқалуы мүмкін. Бірнеше уақыттан кейін
мұрыннан су ағу, жөтел, кейде дауысының қарлығуы қосылады. Жиі
бүкіл денеде сырқырау, буындарда ауырсыну байқалады. Осы кезеңде
ауру адам басқаларға жұқпалы болады. Ауру ағымы сәтті жағдайда 3-5
күнге созылады, одан кейін жазылады.
ә) Тұмау туралы не білесің? ( оқушылардың сурет салып,
баяндауы)
1-оқушы:Нұрдәулет: Тұмаудың жедел түрімен ауырған адамдар өте
қауіпті, себебі олар ауырса да жұмыстарына, дүкенге, мектепке және
басқа да жерлерге барып жүреді. Осыған байланысты олар көптеген
коллективтерге инфекция таратып және аурудың шығу көзі болуы
мүмкін.
Тұмаудан кейін иммунитет тұрақсыз, 1-3 жылдай сақталады. Әдетте
тұмау вирусы өзгеріп отырады. Сол себепті жыл сайын тұмау вирусы
әртүрлі болып отырады, түзілген иммунитеттің шамасы келмейді.
2-оқушы:Гүлжан: Тұмаумен ауырған адамды тез арада басқа отбасы
мүшелерінен оңашалау керек. Оның бөлмесінде залалсыздандыру жүргізу
керек. Науқас үйден шықпағаны дұрыс, әсіресе халық жиналған
жерлерге, қоғамдық ұйымдар, транспортта, балалар бөліміне бармауы
керек.
Науқасты төсекке жатқызып, көп мөлшерде ыстық сусындар: шәй, кофе,
қайнаған сүт береді. С витаминінің жоғары мөлшерін қабылдаған
жақсы. Дәрігерді үйге міндетті түрде шақыру керек. Дәрігердің
нұсқауына дейін науқасқа ешқандай дәрілер, соның ішінде егер
температурасы 39 С градустан аспаса, дене қызуын төмендететін
дәрілерді беруге болмайды.
б) Пайдалы кеңестер. Тұмауға қарсы сусын дайындау.
«Бал қосылған таңқурай» (ыдыс-аяқтарын, тағам түрлерін пайдаланып,
сабақ үстінде дайындайды)
3-оқушы:Ибрагим 1 ас қасық
бал, 1 ас қасық итмұрын, 1 ас қасық таңқурай, 1 ас қасық қарақатқа,
100мл. қайнап тұрған су қосады. 15 минут ұстап, тамақтың алдында ½
стаканнан күніне 3 рет ішеді.
в) Сызбамен жұмыс. «Адам денсаулығына пайдалы және зиян»
(флипчартта)
3. Денсаулық туралы бірер сөз.
- «Денсаулық» туралы бірер сөз
айтуға 9 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
М: - Құрметті оқушылар, қонақтар! Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын
жол іздейік. Дені сау адамның көңілі орнықты, ойындағысын
орындайды.
Денсаулықтан артық байлық
жоқ.
Т - тазалық – денсаулық кепілі
А - ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
З - зарлымын деме, жанында жара болмаса
А - ауырып жазылған жан олжа
Л - ластың досы – шыбын.
Ы - ыдысы тазаның ырысы таза.
Қ - отыр қолдан жұғады.
4 оқушы:Нұргүл (қолына тарақ алады)
Жақсы бала, ол анық,
Істемейді шалалық.
Тап-таза боп жуынып,
Алады өзі таранып.
оқушы: (қолына сабын алады)
Салақ болсаң жасыңнан,
Шыбын кетпес қасыңнан
Таза болсаң жасыңнан,
Сабын қалмас қасыңнан.
5 оқушы:Бағдат: (қолына щетка алады)
Щетка, щетка, щеткалар,
Неше түрлі щетка бар
Бірі тісті жуады,
Бірі шаңды сүртеді.
6 оқушы:Еркебұлан: (қолына сүлгі алады)
Тазалықты сақтауға
Көп үлесін қосады.
Үнемі қолды жуған соң
Ұмытпа сен қолыңды
Сүлгіменен сүртуді.
4. Мектеп мейірбекесі Утегенова Дүрия Жалғасбековна оқушыларға
«Жедел респираторлы вирустық инфекциялардың және тұмаудың алдын
алу» туралы баяндама оқыды.