400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тұңғиық сыры сан алуан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінен сыныптан тыс жұмыстың мақсаты оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.Оқушылардың химия пәнініе қызығушылығын арттыру.Пәннің өмірмен тығыз байланысты екендігін ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тұңғиық сыры сан алуан»



Ғажайып нәрсе химия

Тұңғиық сыры сан алуан.

Жоғалып бір зат зым – зия,

Жаңадан бірі жаралған.


Болсын дейміз жарысымыз жемісті

Озып шықсын: кім біледі, кім күшті.

Әділ қазы, ақ қазыға жүгінсек,

Берер дейміз әділдікпен жеңісті.



I тур. «Білегі күшті бірді, білімі күшті мыңды жығады».

Алғырлар. 1. Газдар туралы заңды кім ашты ? (Авогадро)

2. Бір ғана химиялық элемент бірнеше жай зат түзе алатын құблыс. (Аллотропия)

3. Сутегі атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.

4. 1 – периодта неше элемент бар? (Екі сутегі, гелий)

5. Молекуласының құрамы бірдей, бірақ химиялық құрылымы әрбір, сондықтан қасиеттері де өзгеше болатын заттарды не деп атаймыз. ( Изамерлер)



Тапқырлар. 1. Құрам тұрақтылық заңын ашқан француз ғалымы. (Жозеф Луй Пруст)

2. Біреуі оттегі болып келетін екі элементтен түзілген күрделі заттарды қалай атаймыз? (оксидтер)

3. Қаныққан көмірсутектердің гомологтық қатары қайсы көмірсутектерден басталады?

(метан)

4. Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары теңескен жүйе күйі қалай аталады?

(химиялық тепе- теңдік)


5. Электронды беру процесіқалай аталады? (Тотығу)


1. Ядро құрамындағы оң зарядталған бөлшек. (протон)

2. Сілтілк металдар қосылыстарда қанша тотығу дәрежесін көрсетеді ? (+1)

3. Ацетиленде қанша байланыс бар ? (үш)

4. Атом құрылысын алғаш тапқан ағылшын ғалымы кім ? (Әрнест Резерфорд)

5. Бір – бірімен теріс электрлігі бойынша үлкен айырмашылығы бар атомдар әрекеттескенде түзілетін байланыс қалай аталады ? (Ионды)



II тур. «Серігіңді тап!» - химиялық би.

Білмейтінін білем деп олжа қуар,

Кейбіреудің әр заттан болжамы бар.

Химияны болжам мен ұға алмайсың,

Формуланың оң жағы, сол жағы бар.

Бұл бөлімде топтың екі мүшесіне таратпа тапсырма беріледі, қойылған әуен аяқталғанша қолдарындағы тапсырма арқылы бейорганикалық қосылыстардың формуласын дұрыс құрып, серігін тез таба білуі керек.



III тур. «Ой – өріс»

Сырлары көп білімнің

Шешілмеген әлі де,

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне.

Ал келіңдер, келіңдер

Біріңе – бірің еріңдер

Біліміңді тексеріп,

Саудаласып көріңдер

1. Атақты грек қолбасшысы Александр Македонскийдің көптен бергі арманы Орта Азияны жаулап алып, Индияны құлдыққа салу болатын. Біздің ғасырымызға дейінгі 326 – шы жылдың көктемінде Орта Азияны жаулап алып, үлкен той жасады. Содан әрі Индияға беттеді. Бірақ Александр Македонскийдің армиясы жолда екі бірдей кедергіге тап болды. Оның бірі әділеттікті сүйгіш халықтардың тосқауылы болса, екіншісі – адамдарының іш – сүзек ауруына ұшырауы еді.

Сөйтіп, «жеңілмейтін» Александр Македонскийдің армиясы өзінің негізгі жауын жеңе алмай, сол жылы күзде кейін шегінді. Жағдайларының бірдейлігіне қарамай, іш- сүзек ауруымен әскери қолбасшыларға қарағанда солдаттар көп ауырды. Тіпті әскери басшылар бұл аурумен ауырмады. Бұл құбылыс сол кезде Александр Македонскийдің өзін де таң қалдырған – ды. Бірақ мұнда үлкен сыр бар екен. Бұл құпия құблыстың сыры Александр Македонскийден кейін 2250 жыл өткенде белгілі болды. Бұл қандай сыр екен ?

2. Біздің заманымызға дейінгі сақталған ертедегі аңыздардың бірінде Грециядағы Сиракуз қаласының патшасы Гиерон өзінің зергерлеріне таза алтыннан тәж жасауға бұйрық береді. Зергерлер тәжді уақытында жасап, патшаға құрметпен табыс етеді. Тәждің әдемілігіне қызыққан патша әрлі – берлі аударыстыра қарап, осылар пендешілік жасап әлдебірдеңелер қоспады ма екен деп күдіктенеді де,ұлы Архимедті шақырып, тәждің тазалығын анықтап беруді өтінеді. Архимед оны қалай анықтады ?



IҮ тур. Үй тапсырмасы

Әр топ өздерінің қабырға газеттерін қорғайды.

Ү тур. «Сусұйық, қозғалғыш және бәрін еріткіш зат есебінде, барлық дүниенің бастамасы болады» деген екен ежелгі грек ойшылы Фалес.


А) Сайысты аналогия, география, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарымен байланыстыру үшін судың биологиялық, тәрбиелік мәні, тазалығы, экологиясы туралы мақал-мәтелдерайтылады.

Ә) су туралы бір шумақ өлең құрастыру

1. , , , , қайнап, 2. , , , , қасірет, 3. , , , , , үндеме,

, , , , жайнап, , , , , өсиет. , , , , , судың

, , , , , аймақ, , , , , төгуің , , , , , мұра бұл,

, , , , , маздап. , , , , , кесірің. , , , , , кейінге.



ҮI Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін топ басшыға берелік.



Топ басшылар сайысы.

1. Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақ,

Екіншісі буыны сан есім, өзі химиялық элемент. (неон)




2. Бірінші бөлігі көп емес, екіншісі бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада, бірақ өзі химиялық элемент. (Азот)

3. Бірінші бөлігі тасқын су, екінші бөлігі мал құлағына салынатын белгі немесе кездеменің өлшемі, өзі химиялық элемент. (селен)

1. Қамыр дайындағанда су не үшін қажет ?

2. Қамыр дайындағанда қандай су пайдаланған жөн ?

3. Тандырдан жаңа шыққан нанға не себептен тездетіп су немесе сүт бүркейді, және оны қандай мақсатпен істейді.




Ақын Шәміл Мұхамеджанов жас кезінде химияны оқуға мән бермей кейін өкінгенін былай жырлайды:

«Химияны қиын,

Ашиды миың»

Деуші едік оқып жүргенде,

Жар бермей мойын, құрыстап,

Мұндайын оның білгенде.

Оқитын едік дұрыстап.

Мен білсем, іні-бауырым

Химия сенің қолайың

Жақсылап оқып жүріңдер,

Келтіріп бірде орайын.

Жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.











































Сабақ тақырыбы: Оттектің табиғаттағы айналымы. Қолданылуы.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік – оттектің физикалық және химиялық қасиеттері бойынша қолданылуы және тіршілік үшін маңызы туралы білім беру;

2. Дамытушылық – оттектің табиғаттағы айналымы туралы мәліметтер арқылы оқушылардың дүниетанымдық ой – өрісін дамыту, проблемалық жағдаяттан шығу жолында оқушылардың іскерлігін дамыту;

3. Тәрбиелік : қоршаған орта және ауаның тазалығы туралы экологиялық білім беруге, өзіндік ой қорытуға, шапшандыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу;

Сабақ типі : Жаңа сабақты игеру;

Әдіс-тәсілі: деңгейлік тапсырмалар орындау, ИБО әдісін пайдалану.

Пән аралық байланыс: физика, биология, география;

Көрнекі құралдар: плакаттар, үлестірме қағаздар, планшеттер.

Сабақтың маңыздылығын ашу:

«Мен оттекпін, ауамын қасиетті.

Ұстап тұрмын қолымда жер мен көкті.

Табиғаттың анасы жалғыз өзім

Кестеден сегізінші орын тептім.

Мен оттекпін, жерде көп таралғанмын

Ұмытпаңдар оттектей анаң барын,

Тыныс алып жүрегің менің арқам

Не дейді мен туралы жараңдарым?!

1. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушылары білім деңгейлері бойынша 3 топқа бөлінген:

I топ «Орман», II топ «Денсаулық», III топ «Экология»

Әр топқа өз деңгейлеріне байланысты тапсырмалар беріледі.

. «Проблеманы айқындау» кезеңі

1.Ойсергек «Өз тобыңдағыларға тілегенді – басқа топтағыларға тіле!» атты ойсергек – 1минут.

- Әр топ бір параққа кезекпен бір тілектен жазады.

- Әр топ өздері жазған тілектерін көрші топпен алмасады.

- Әр топтан бір оқушы көрші топтың тілегін дауыстап оқиды,алғыс білдіреді.

2. Үй тапсырмасын тексеру «Ортақ тұжырым» тәсілі бойынша орындалады.

Топ ішіндегі оқушылар үй жұмысы бойынша ортақ тұжырымды жазады да,

қабырғаға іліп, оны қорғайды.

3. Графикалық диктант (иә немесе жоқ).

-Оттек элементі периодтық жүйеде 8-орын тұр. (иә)

-Ауа құрамында 21% оттеке бар. (иә)

-Оттек суда өте жақсы ериді. (иә)

-Оттек ІІ валентті элемент. (иә)

-Оттеку лабараторияда тек қана KMnO4– нан аладжы. (жоқ)

-Оттек жануды қолдамайды. (жоқ)

-Оттекті өнеркәсіпте ауаны суыту жолымен алады. (иә)

-Фосфордың оттекпен әрекеттесуіне Р2О5 түзіледі. (иә)

ІІ.«Проблема шешу» кезеңі.

Оттегі-жер бетінде ең көп таралған элемент.Біздің планетамыздағы атмосферада оттек бос күйінде 21% шамасында болады.Жер қыртысында басқа химиялық элементтер мен қосылыс түріндегі оттек 49% шамасында болады. Тірі организмдер,оның ішінде адам организміне әр түрлі химиялық элементтер кіреді.Адам организмінің 65%-ы байланысқан оттектен тұрады. Оттектің қолданылуы жануды және тыныс алуды қолдау қасиеттеріне негізделген.

1. Оттегі арнайы газ жанарғыларында қолданылады.Мысалы,ацетиленді-оттекті қоспаны арнайы жанарғыда жаққанда температура 3000о –ге дейін көтеріледі. Ацетиленеді-оттекті жалынмен металды пісіру ғана емес, кесуге де болады. 2. Сұйық оттегін зымыран отындарына тиімді тотықтырғыш ретінде қолданылады.

3. Сонымен қатар оттегіні адамға табиғи оттегінің келуі қиындаған жағдайлардың бәрінде пайдаланылады.

4. Оттегі қопарылыс жұмыстарында да пайдаланылады.

5. Өнеркәсіпте оттегі (немесе оттегімен байытылған ауа) өндірістік процестерді тездету үшін пайдаланылады.

6. Металлургияда оттекпен байытылған ауамен үрлеу ақылы жоғары сапалы шойын алынады . Химия өнеркәсібінде жоғары бағаланатын азот қышқылы мен күкірт қышқылы оттектің қатысуымен өндіріледі.

Осындай әр салада көп мөлшерде пайдаланғандықтан және тыныс алуға жер шарының тұрғындары жылына 2,6*1010 тонна оттегін жұмсайды.

Табиғаттағы оттегі мөлшері таусылмай ма?

Табиғаттың тепе теңдік заңының негізінде оттектің шығып тұратын көзі бар.

Ол әлемдегі жасыл өсімдіктер. Өсімдіктер көмір қышқыл газын (СО2) сіңіріп, оттегін бөліп шығаратын биология пәнінен оқығансындар. Осы процестін химиялық реакциясын былай жазуға болады: 6СО2+6Н2О С6Н12О6+6О2

Мұндай процесс теңіз балдырларында жүреді. Өсімдік әлемі жыл сайын атмосфераға 400 млд т оттекті қайтарады. Үнемі атмосферада және гидросферада табиғаттағы оттектің айналымы болып отырады. Осылай оттектің Жер атмосферасындағы қоры сақталады.

Тіршілікті қуаттаумен қатар оттектің бүлдіргіш әсері бар ма?

Оттек органикалық заттарды тотықтырғанда энергия бөле отырып тіршілікті сақтайтын болса, табиғатта оның қатысуымен бүліну процессі де жүріп отырады. Мысалы, металдың таттануы, өсімдік пен жануарлар қалдықтарының шіруі, орман мен тоғайлардың өртенуі оттек қатысында жүреді.



IIIПроблема шешімін қолдану кезеңі.

«Орман» тобына: Бертолле тұзының салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар?

«Денсаулық» тобына: Адам организміндегі ең көп атом оттек екенін білесіңдер, оның организмдегі массалық үлесі шамамен 65% болса, өз организмдеріндегі оттектің массасын табыңдар.

«Экология» тобына:Адамның тыныс алуына бір килограмм массаға шаққанда шамамен сағатына 0,285 г оттек қажет екен, салмағы елу клограмм адам демалу .үшін тәулігіне оттектің қандай массасы қажет.

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай- ақ топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғатты күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр. Іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.

Елбасы Н.Назарбаевтың 2030-жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлгендіктен, табиғатты қорғау бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Экология бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс- тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы.

Биосфера- айналамыздағы табиғаттың тіршілік етушілер мекендейтін бөлігі. Оның біздің айналамыздағы ауадан, судан және топырақтан бөліп қарауға келмейді.

Қазіргі кезде биосфераны табиғаттағы барлық ресурстардың жиынтығы есебінде түсінеді.

Табиғат – бір - бірімен тығыз байланыста болып тұратын өте күрделі комплексті құблыс.

Ал, адамзат қоғамы сол табиғаттың бір бөлігі, ол онымен үнемі байланыста болған күнде ғана, тіршілік ете алады.

Бүгінде экологиялық жүйеге өң беріп, тіршіліктің тынысы болып келген жердің жасыл жамылғысы да азайып келеді. Талай өсімдіктер мен жануарлар жер үстінен өліп кетті,кейбіреулер жойылу қаупі төнуде, олар Қызыл Кітапқа тіркелді. Сондықтан болу керек,қазаір табиғи байлықтарды толық пайдалану арқылы табиғатты қорғау мәселесі дүние жүзі халықтарын алаңдатып отырған ірі ортақ мәселеге айналды.

Экологиялық сауатсыздықтың нәтижесінде табиғат, оның қорлары, жалпы қоғам зор шығынға ұшырауда.

«Орман» тобына : « Орман – планета өкпесі» деген сөз неге байланысты айтылған?

«Денсаулық» тобына: Жер бетіндегі орман азайса не болады?

«Экология» тобына» : Экологиялық апаттан жер бетіндегі тіршілікті құтқару үшін қандай іс қимылдар мен ұсыныстар айтар едіңдер.

Әр топ өз ойларын ортаға салып, талқылайды. Үш топқа да осы әңгімелерден түйген ойын өлең сөздері арқылы жеткізу тапсырылады



___________________________ жүрегі

___________________________ тірегі

___________________________ аялайық

___________________________ аямайық

___________________________ бағдарымен

___________________________ бағалайық



Сабақтың соңында әр топ өздерінің сабақтан алған білімдерін сызба суреттер арқылы қорытындылайды.

Бағалау: Оқушылар топтағы белсенділіктеріне жауаптарының дұрыстығына байланысты бағаланады.

Үйге тапсырма : «Орман» тобына: С6Н12О6 глюкозаның салыстырмалы молекулалық массасын табу.

«Денсаулық» тобына: С6Н12О6 глюкоза құрамындағы оттектің массалық

үлесін табу.

«Экология» тобына: 6СО2 + 6Н2О = С6Н12О6 + 6О2

Өсімдік 2,2 кг көмірқышқыл газын сіңірген реакция нәтижесінде

Түзілетін оттектің массасын есептеңдер.

Қорытындылау: (Кері байланыс)

  • Сабақ ұнады ма

  • Бүгін біз не үйрендік және бұл білімді қалай қолданамыз?

  • Сабақта қандай тапсырманы орындаған кезде қиналдыңыздар?









Сабақтың тақырыбы:Конус

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Конус туралы білімдерін тереңдету, негізгі

ұғымдарды, анықтамаларды, есептер шығаруда

тиімді пайдалану және теориялық білімді

өмірдегі мысалдармен ұштастыра білу,

дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Әр оқушыны ойлай, елестете білуге, еңбектенуге

ізденуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін

күрделі есептерді шешуде қолдана білу,

біліктілігін арттыру.


Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Оқыту әдісі:Сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: конус, қиық конус, плакат, конус формалы заттар.



II. Сабақ маңыздылығын ашу.

Сынып екі топқа бөлінеді: ұлдар, қыздар. Сабақ «Қыз қуу» ойыны бойынша өтіледі.

Үй жұмысын тексеру:

№417. Цилиндрдің биіктігі 8 дм, табанының радиусы 3 дм. Цилиндрдің осьтік қимасының ауданын табыңдар.

№429. Цилиндрдің биіктігі 20 см, табанының радиусы 10 см. Табанының ауданы мен толық бетін есептеңдер.



1. Цилиндр деген не?

2. Цилиндрдің осьтік қимасы деген не?

3. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын қалай табады?

4. Цилиндрдің көлемін қалай табады?

Қызығушылықты ояту

1- кезең: Ребусты шеше отырып, бүгінгі сабағымыз не туралы болатынын білейік.



НМ , , , , , , , ,,,,

Компьютер ту сағат

Білім шырағын жағайық,

«Геометрияға да поэзиядағыдай шабыт керек» деп конус туралы сабағымызды бастайық.

Бүгінгі сабағымызда конус туралы білімдерімізді ортаға салып, осы конустың біздің өмірімізде және қоршаған ортада кездесетін жағдайларын қарастырамыз.


Конус (гректің коnos) – «қарағайдың бүрі» деп аударылады. Қолыма конус фигурасын алып оқушылардың өздеріне сұрақ қоямын: Цилиндр сияқты конусты да айналу денесі деп атаймыз. Айтыңдаршы, қандай фигураны, қалай айналдырғанда конус шығады?

2 – кезең: Мағынаны тану.

Оқушы жауабын тыңдап болған соң, өзім түсіндіремін

Тікбұрышты үшбұрышты бір катетінің төңірегінде айналдырғанда пайда болған фигура конус деп аталады, тікбұрышты үшбұрыштың қозғалмайтын ОВ катеті конустың биіктігі болады, екінші ОА катеті конус табанының радиусы болып табылады, ал АВ гипотенузасы конустың жасаушысы деп аталады.

Конустың бүйір беті және толық беті мына формулалар бойынша есептеледі:


Sбүй.б. = ПRL

Sтол.б = ПRL+ R2

Конустың көлемі оның табанының ауданы мен биіктігінің көбейтіндісінің үштен біріне тең:


Vкон = 1\3 ПR2H


Қиық конус туралы түсінік беремін.

Қандай фигураны қалай айналдырғанда қиық конус шығады?

Конустың жазықтықтарымен қиғандағы қималары туралы түсінік беремін. Оған конустың ішіне су құйып, әр түрлі жағдайда орналастырып көрсетемін.

Конусты біздің өмірімізде өте жиі кездестіруге болады. Киіз үй-қазақтың шағын әлемі. Киіз үй цилиндр мен қиық конустан тұрады.

Қазақ қыздары киетін сәукеле неге ұқсайды?

Ал енді «Ескісіз жаңа болмас, есепсіз дана болмас» дейді ғой дана халқымыз.

Конусқа байланысты есептер шығаруды бастайық.

Статистика бойынша жыл сайын жер жүзінде әр 1 000 000 адамнан 6 адам найзағай зарядынан мерт болады екен. Бұл әсіресе Канада елінде көп кездеседі.

Көптеген адамдар найзағай ойнаған кезде, одан қорғану үшін ағаштың түбіне жасырынады. Бірақ біз физика пәнінен білетініміздей ағаш өткізгіш емес, керісінше ол зарядты өз бойына жинайды. Бұдан қорғану үшін жерде конус тәрізді тәрізді найзағай жұтушылары көп болуы қажет.

Енді мына есепке көңіл бөлейік:

№1 Найзағай жұтушысының радиусы 6м, биіктігі 8 м. Найзағай жұтушының жасаушысын есептеңдер және бүйір бетінің ауданын табыңдар.

№2 Шымкент қаласындағы қорғасын зауытының жанында үйіліп жатқан конус тәрізді қалдықты көргенсіңдер.

Сол үйіндінің жасаушысы 50м, биіктігі 20м. Табанының радиусын есептеңдер және толық бетінің ауданын табыңдар?

№3. Күнделікті өзіміз пайдаланып жүрген кішкене шелектің табандарының радиустары 3см және 7 см, жасаушысы 5см. Осьтік қимасының ауданын табыңдар.



3- кезең. Ой толғаныс.

Бір сәт сергіп алу үшін оқушыларға жұмбақ жасырамын.

Заманында Пушкиндер,

Бас киім ғып киген.

Кейіннен ол дене-

Техника еншісіне тиген.

Призманы біздерге

Атам деп ол атады

Көп болса саны маторда

Қуаты да артады

Тау болсада жүгіңіз,

Қиналмастан тартады

Бұл қай фигура екенін

Қане, кімдер айтады? (цилиндр)


Қыздары қазақтың

Сәукеле деп киген

Күлдіргілер де киеді

Көрермендер сүйген

Бекіту үшін тетікті

Толтыру үшін кетікті

Алғашқы түрі өзгеріп

Қиық та болып кетіпті (конус)



Табанымыз көпбұрыш

Ертеректе туғанбыз

Египет құлдары жасымен

Денемізді жуғанбыз

Патшаға салса да мол ғып

Математикаға мұрамыз.

Сахара құмында қасқайып,

Мойымастан тұрамыз.

Кереметіне ғаламның

Адамдар бізді балайды,

Әр елден келген туристер

Қызыға бізге қарайды

Конус сынды фигураң

Мына бізден тарайды.

Осыларды білсең, оқушым

Сол да маған жарайды. (Пирамида)



а) Графикалық диктант.


Сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп жауап береді.

Егер «ия» деп жауап берсе, онда түзу «__________», ал егер «жоқ» деп жауап берсе онда қисық сызықты салады « ».


1. Тікбұрышты үшбұрышты бір катетінің төңірегінде айналдырғанда пайда болған фигура конус деп аталады. «_________»

2. Тікбұрышты үшбұрыштың қозғалмайтын катеті конустың жасаушысы болады. « ».

3. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы конустың биіктігі деп аталады.

4. Конустың беті табаны мен бүйір бетінен құралады. «_________».

5. Конустың осьтік қимасы тең бүйірлі үшбұрыш болады. «_________».

6. Конусты табанына параллель жазықтықпен қиғандағы қимасы-дөңгелек болып табылады. «__________».

7. Конус айналу денесіне жатпайды.

8. Конустың бүйір бетінің ауданы – оның табан шеңберінің ұзындығымен жасаушысының көбейтіндісінің жартысына тең, Sкон.б.б.=ПR1 «_________».



Диктант кілті: ____ _____ _____ ______ ______



ә) Венн диаграммасын құру.

Цилиндр мен конустың ұқсастығы мен айырмашылығы диаграммасын құру.

Сабақты қорытындылау: Сабағымызды конус жайлы қызықты сұрақтармен аяқтаймыз.

1. Ешқандай сызба жұмыстарын пайдаланбай- ақ конус пішінді форманы қалай алуымызға болады?

2. Қиық конус пішінді тау қалай аталады?

3. Горизонталь проэкциясы екі шеңбер болатын қандай фигура?

4. Қиық конус пішінді шелекпен су тасыған ыңғайлы ма?

«Еркін жазу» стратегиясын жүргіземін.

Оқушыларды бағалау: Оқушыларды бағалау жетондары арқылы бағалаймын.

Үйге тапсырма: №423 №432

Созылмайтын материалдан конус жасап келу.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі