400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұңғыш Елбасы - Ел мұраты

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мемлекет Қазақстан үшін жас өреніміз, ертеңгі елдің тұтқасы бүгінгі ұландардың білім, ғылым үйреніп мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосуы және ғылым, білімінің адам өміріндегі маңызы зор екендігін айту. Тұңғыш Елбасымыздың Күні орай, Қазақстанның әр азаматы үшін ерекше мәнге ие екендігінен терең түсініктер беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



БЕКІТЕМІН ____________

Директордың тәрбие

жөніндегі орынбасары

\


АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ


Тақырыбы:


Тұңғыш елбасы - ел мұраты




Өткізген: топ жетекшісі Ешмуханова Н.Б.

Тәрбие сағатының мақсаты :

а) Ақпараттық: жас мемлекет Қазақстан үшін жас өреніміз, ертеңгі елдің тұтқасы бүгінгі ұландардың білім, ғылым үйреніп мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосуы және ғылым, білімінің адам өміріндегі маңызы зор екендігін айту. Тұңғыш Елбасымыздың Күні орай, Қазақстанның әр азаматы үшін ерекше мәнге ие екендігінен терең түсініктер беру.

ә) Коомуникативтік: «Тәрбие бесіктен басталады» дейді халық. Сол көп салалы тәрбиенің ең бастысы: Отбасы – Отанды сүю , адамгершілікті, еңбекқор болу, өз Отанына, халқына адал қызмет етуге, сонымен бірге қазақтың әрбір ұл –қызын өз халқының тегін, тарихын білуге үйрету;

б) Проблеманы шешу: Конституция баптарына сүйене отырып мемлекет, қоғам, парламент, үкімет деген ұғымдарға кең тоқталу. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы олардың пікірін білу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекіліктер: АКТ, слайдтар, газет-журналдар, т.б.


Сабақтың мазмұны мен өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Оқушыларды түгендеу

  • Елбасы күнімен құттықтау


Мұғалім сөзі:

Осыдан 21 жыл бұрын, яғни 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің ғасырлар бойы армандаған мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздігін алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда өзінің алғашқы Конституциясын қабылдағаны баршамызға мәлім. Бірақ,1993 жылы Конституция ескі әкімшілік, әміршілдік қоғам ережелеріне, көбіне кеңестік демократия принциптеріне негізделгендіктен, жаңа қоғам өмірінің талабына сай сәйкес келмеді. Осылайша, 1993 жылғы Конституция өмір талабына сай келмегендіктен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қайтадан жаңа Конституция қабылдау керектігі туралы ұсыныс жасады. Сөйтіп, 1995 жылы 30 тамызда ел тарихында алтын әріппен жазылған кез.

Осы күні Конституцияны қабылдаған еді. Бұл республикамыздың тәуелсіздікке қол жеткеннен бері екінші Конституциясы еді.





Сұраққа жауап берейік.

-Балалар, ҚР Конституциясының құрылымы қанша бөлімнен, қанша баптан тұрады?

Көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.

І бөлім – Жалпы ережелер

ІІ бөлім – Адам және азамат

ІІІ бөлім – Президент

ІV бөлім – Парламент

V бөлім – Үкімет

VІ бөлім – Конституциялық кеңес

VІІ бөлім – Сот және Соттар төрелігі

VІІІ бөлім – Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару

ІХ бөлім – Қорытынды және өтпелі ережелер.


-Заңды кім шығарады?

-Парламентте халық сайлаған кімдер отырады?


1995 жылғы Конституцияның І бөлімінің 1-бабында:

ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары деп жариялаған.

DrawObject1


- Қазақстан қандай мемлекет?




Демократиялы, зайырлы, құқықты, көпұлтты, біртұтас әлеумет



Ата Заңымыздың 17 бабында «ҚР –ның мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған.



-Тіл туралы Заң неше тараудан, неше баптан тұрады?

- ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қай жылы қай айда енгізілді?


Биыл Ата Заңымызға 24жыл. Сан ғасырлар бойы қалыптасқан, қазақтың байырғы тұрмыс – салт рәсімдері, тәлім –тәрбиелік әдеттері мен ережелері жас ұрпақтың жан дүниесіне әсер етіп санасына сіңсе, ұлттық мәдениетті игерген иман жүзді, инабатты ұрпақ жалпы адамзаттық асыл қасиетті тұлғаларға айналмақ.

Біздің Ата Заңымыз Конституция , оның негізі заң деп аталу себебі, бүкіл мемлекеттің, қоғамның ең маңызды басты мәселелерін: азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның экономикалық негізін мемлекеттің құрылуымен қарастырады.

Конституция – бүкіл заңдардың қайнары болады. Қандай да болсын қаулы, шешім тек конституция негізінде қабылданады.

Бұл заңда балалар мен жасөспірімдерге ерекше қамқорлық жасау үшін, балалардың құқықтарын қорғайтын “Бала құқықтары туралы конвенция” 1989 жылы 20-қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған. Конвенция 3 бөлімнен, 54 баптан тұрады. Яғни, біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз анық көрсетілген.

3-оқушы

Ата заңға қарағым,

Шексіз болсын құрметің.

Туған елдің талабы,

Заңды орындау міндетің!



2012 жыл ҚР –ның Конституциясына -17жыл толып отыр. Бұл қазақ ұлтының тарихы үшін үлкен орын алатын мереке.



“Біз кімбіз?” ой-толғанысы








Біз бақытты, Интернет жүйесіне Ертеңгі күні ел үшін әр салада

қол жеткізген білімге құштар жастармыз. еңбек ететін еңбекқор жастармыз

DrawObject2 DrawObject3

DrawObject4


DrawObject5 DrawObject6

DrawObject7

Біз спортты сүйетін, салауатты Сан мамандықты игеретін

өмір салтын сақтайтын дені сау мамандық иелеріміз

жастармыз.


Біз Тәуелсіздік тірегіміз.

Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен,

жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз.


Еліміздің аз уақытта өркендеп, өркениетті елдермен терезесі тең болуына сүбелі үлес қосқан еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Н.Ә.Назарбаев еліміздің егемендігін тұңғыш жариялап қана қоймай, елдік пен даналықты әлемдік саясатпен ұштастыра білген айтулы тұлға, сондай-ақ елдің ел болып өркен жаюына, өркениетті мемлекет дәрежесінде танылуына білімі мен билігін, ойы мен парасатын, күш –қуаты мен жігерін жұмсап отырған қайраткер. Ол мемлекет басшысы ретінде елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын кемеңгерлікпен айқындап, ел ішінде жаңа халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік жүргізу құқығын ҚР Конституциясына сай жүзеге асырып келеді. Н.Назарбаевтың алдына қойған ең басты мақсаты да адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының Конституцияға сәйкес іске асуы, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ел бірлігін сақтау.Мемлекеттің экономикасын және саяси жүйесін дамыту,халықтар достығын нығайту, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу екені баршаға аян. Мемлекетіміздің атынан өкілдік етіп келе жатқан ең жоғары лауазымды тұлға Президент Н.Ә.Назарбаев еліміздің абыройы мен атағын асқақтатып, Отанымыздың беделін биікке көтеріп келе жатыр. Елбасының беделі елдің берекесі, барды бағалай білу елдің әрбір азаматының қасиетті борышы.

Қорытынды.

Мұғалім сөзі: міне, балалар, Ата Заңымыз бізге осыншама мүмкіншіліктер беріп, біздің тиісінше біліп алып, жақсы өмір сүруімізге қамқорлық жасауда. Сондықтан өміріміздің кепілі, қорғаушымыз – Конституцияның міндеттерін бұлжытпай орындап, құрметтей білейік.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
366
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі