Тұңғыш президент

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұңғыш президент

Материал туралы қысқаша түсінік
1 желтоқсан күні мерекесіне қажет болар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Президент –біздің көшбасшы.


Өмір!Бұл өмірді Отансыз елестету мүмкін емес.Әр адамның өз туған Отаны бар. «Елім,жерім ,Отаным»,- деп өмір сүрген адамның бірі ол біздің президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы. Қазақ елі тәуелсіздігінің көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтеріп, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған – Елбасымыздың аз жылдың аясында туған елін әлемге танытқандығына, өзгелермен бірге өз халқымыз да куә.1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар өздерінің Тұңғыш Президентін сайлап, сенім артты,  ел тәуелсіздігін аманат  етті, жауапкершілік жүгін арқалатты, халық өздері таңдаған Көшбасшысының не істеу керектігін білетіндігіне, елді адастырмайтынына, тура жолға бастайтынына сенді. Еліміз бен халқымыздың сол сенімін Елбасының толық ақтап отырғандығына да осы күндері көзіміз анық жетіп отыр.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Елбасы Алматы облысында, Қаскелең ауданы Шамалған ауылынды карапайым шаруалардың отбасында дуниеге келген....«Мына Алакелдінің жотасына бір  қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққан соң ауыл жаққа қарасам, менің класым да, мектебім де, мектебімдегі балалар да, осы Шамалған ауылының бәрі төмен жақтан көрінді. Соны арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім»-деп көрген түсін Нұрсұлтан анасы Әлжанға жорытпақ ниетте, сонда ақ жақсылықты, кемеңгер ана жүрегі бірдемені сезді ме, баласына: «Сұлтан, балам сенің ел алдында беделің биік, өрең  кең, құрметті адам болады екенсің»-деп батасын беріпті. Сол бата періштелердің құлағына шалынып, батамен ер көгереді.Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің тәуелсіздігі жылдары ішінде барлық салаларда халқымыздың парасаты мен рухани құндылықтарын, ой-санасын, дәстүрі мен салтын, өнері мен мәдениетін, тарихи мұраларының қайта өркендеуіне кең жол ашты.Қазақ халқын бүкіл дүние жүзіне таныта білді.Тәуелсіз елдің тұңғыш астанасы Астана қаласында дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесі өткізілді. Еліміздің әлемдік қауымдастықтарда зор беделге ие екенін әйгілегендей.Бұл көрмеге өзіміздің мектебімізден дарынды оқушыларда барып,керемет әсермен оралды. Жаңа астананың салынуы және көшірілуі аса қысқа мерзімде өтті. Бұл қадам дағдарыс кезеңінде қазақстандықтарға қолдау жасау үшін өте маңызды еді. Астана елдің өткенінен болашаққа, жаңа дәуірге ауысуының нышандық оқиғасына айналды. Жас елдің мүмкіндіктері әлемге паш етілді. Астана саяси және экономикалық қана емес, сонымен бірге Назарбаевтың жеке, адами жобасына да, ұлттық тарихтың жаңа келбетіне де айналды.Қазақстанның табыста­ры Мемлекет басшысының есімімен тығыз байла­ныс­ты. Оның болашаққа деген көз қарасы арқасында 26 жыл ішінде көптеген көрсеткіштер бойынша көш бастаған жаңа, экономикалық дамыған мемлекет құрылды.Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Елбасымыз басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Өйткені, елімізді басқарар білімді басшымыз барда, осындай керемет заманда өмір сүріп жатқан біздің қандай арманымыз бар? Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Басшымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Еліміз дамыған елдер қатарынан көрініп, елбасымыз қолға алған стратегиялардың арқасында мемлекетіміз қарқынды дамып, өркендеп келеді. Мұның бәрі елбасымыздың арқасында.Халқымның көшбасшысы еңбектен еріңбеген. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. 
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Әрқашан көштің алды болды.Қай салада жұмыс істемесің тек өзің жақсы қырынан көрсете білді. «2030» стратегиясындағы президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бағыттың дұрыс екендігін әрқашан дәлелденді.
Қазақстанның дамуындағы Президенттің ролі зор. Себебі, біздің егемендік алған жылдардан беру дамуымыз Мемлекет басшысының салған жолымен байланысты. Зауыттар салынып,  фабрикалар ашылуда. Шетелдік инвесторлар тартылып, күрделі жобалар жүзеге асырылуда. Біздің Президент мемлекетті одан ары дамыту үшін жақсы команда жасақтады. Осының арқасында біздің еліміз табысты, дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуда. .Қазақстанның Тәуелсіз­дігі мен Елбасы еңбегінің бір-бірімен тығыз ұштасып жатқандығын, олардың бір-бірімен ажырағысыз егіз ұғым екендігін ақиқат есебінде тарих алдымызға тартып отыр. Халық даналығы үзілген үміт-үзілген өмір дейді,ал бұл арада екінші бір ақиқатты да естен шығармаған жөн:адам өз дегеніне жету үшін үнемі әрекет үстінде болуы керек.Өйткені әрекет дегеніміз –өмір. Елбасымызды құрметтейік,ағайын! Нағыз Көшбасшы қазіргі Президент - Нұрсұлтан Назарбаев» 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
627
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі