Материалдар / Тұңғыш Президент- Н.Назарбаев
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тұңғыш Президент- Н.Назарбаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәнінің мұғалімдеріне, сынып жетекшілерге арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
492
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы: Елін сүйген Елбасы, Елі сүйген Елбасы

Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі. Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар

Мұғалімнің іс-әрекеті: «Достық торы» әдісі арқылы бір-бірлеріне сәттілік тілейді. Оқушылар ән шумақтарын ұйқастыру арқылы 4 топқа бөлінеді Топтың ережесін еске түсіру Таныстырылым: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. 1. Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. 2. Прагматизм Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. 4. Білімнің салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетед 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. 6. Сананың ашықтығы Оқушының іс-әрекеті: Бір-бірлеріне сәттілік тілейді. 1-топ. "Қазақстан" Ән: Көк тудың желбірегені 2-топ. "Салт дәстүр" Ән: Қазақы дәстүрлер-ай 3-топ. "Мәдени құндылықтар және өнер" Ән: Қара жорға 4-топ "Ұлттық ойындар мен тағамдар" Ән: Қазақы дастарханым Оқушылар сабақтың тақырыбын ашады. Оқушылар үйге берілген тапсырманы қорғайды. Топтағы ең үздік «Рухани жаңғыру» тақырыбында коллаж қорғайды ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз. Тапсырма: 1 - Қазақстан - Еуразия жүрегінде 2 - Қазақ халқының салт - дәстүрі 3 - Қазақ халқының мәдени құндылықтары және өнері 4 - Қазақ халқының ұлттық тағамдары және ойындары 3-топ: туралы айту; «Шығыс шеберлері» жәрмеңкесі. Оқушылар қазақ халқының рухани мәдениетін шет елге таныстырады Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» бейне ролик қарап, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу. Аяқталмаған сөйлем «Рухани жаңғыру - ........» «Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру» «Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу" «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» «Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту»



















Лұқман

He сыйлайды, не береді келер күн?!

Не де болса, тірі тұрсам, көрермін.

Желідегі құлынымын мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің. Не сыйласын, несін берсін ел маған?!

Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.

Таулар — менің таусылмайтын бақытым,

Ал ырысым — ұланғайыр кең далам.

Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты, Оларды іздеп өткізбеспін уақытты.

Мен бақытсыз бола қойман сірә да, Туған елім болса екен бақытты!

Дәнеңе де сыйламасын келер күн, Сый көрмей-ақ суалармын, сөнермін. Туған елім тұғырында тұрса екен, Әрі қарай... Әрі қарай көрермін...

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Арман

Менің Елім

Ж.Нажімиденов

Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
Менің елім, менің елім — гүл елі!

Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді —
Шежіреңе ол өлең болып кіреді.
Мендегі өнер сен деп өмір сүреді
Менің елім, менің елім — жыр елі!

Қанат қомдап таң атқанда шығыстан
Торғайым бар қыраныңмен бір ұшқан.
Жүрегім бар жүрегіңмен ұғысқан,
Менің елім, менің елім — гүлстан!













Елім менің с. Н.Назарбаев ә. Б.Тілеуханов

Арайлап таңым асқақтап тауым
Ән ойнап көгім күй тартты елім
Қол жетті міне аңсаған күнге
Жасай бер жаса Қазағым менің

Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң

Қазақстаным жасыл орманым
Қуанышымды жасыра алмадым
Аңсаған бабам аңсаған елім
Бостандық еді-ау асыл арманым

Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң

Бабамның қаны анамның жасы
Сіңген бұл далам қымбатсың маған
Береке бірлік - қамалдың басы
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы далам

Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң

Күйінсін жауың сүйінсін досың
Жиылсын қауым құйылсын көшің
Ертеңің үшін аянба елім
Ояншы елім жиылсын есің

Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң





1. Халық саны – Қазақстанда халық саны 2017 жылғы 1 қыркүйектегі есеп бойынша 18 074,1 мың адамға жетті. Бұл әлем бойынша 62-ші орын.
2. Қазақстанда 1 шаршы км-ге 6 адамнан келеді. Ал Сингапурда 7437 адам.
3. Қазақстанда шамамен 130 ұлт өкілі бар.
4. Қазақстана 3,3 милионға жуық жеңіл автокөлік бар. 
5. Қазақстанда орыс тілінде 88, қазақ тілінде 83, ал аралас болып 32 газет шығады.
6. Қазақстанның териториясына 5 Франция, немесе 3 Түркия, немесе 7 Жапония сиып кетер еді.
7. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға шетелдік 150 млрд доллар инвестиция құйылған.
9. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара - әлемдегі құрлықпен өтетін ең ұзын шекара болып табылады : 7 512 км.
10. Жылқылар алғашқы мәрте қазіргі Қазақстанның аумағында қолға үйретілді.
11. Қазақстан – тюльпан мен алманың отаны.
12. Екібастұздық ГРЭС-2 электр станциясының мұржасы әлемдегі ең биік. Оның ұзындығы 420м.
13. Медеу - әлемдегі ең биік орналасқан мұз айдыны.
14. Қазақстан табиғат қорларымен ең бай мемлекеттердің бірі, Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 бар, 70-нің қоры анықталған, 60 өндіріледі.
15. Мұнай өндіруденде 8 орын алады. Болжам бойынша оның жалпы көлемі 12-17 миллиард тонна. Мұндай көлеммен Қазақстанды потенциалды мұнай державаларының бірі деп санай аламыз.
16. Қазақстанда шамамен жалпы уранның бестен бір бөлігі бар. Оны өндіруден 1 орындамыз.
17. Астық экспортынан Қазақстан лидерлердің бірі. Қазақстан жылына 40 елге астық экспорттайды.
18. Шай ішуден Қазақстан алғашқы орындарда келеді. Жылына әр адам басына 1,2 кг, ал Үндістанда небәрі 650 гр.
19. Байқоңыр космодромы әлемдегі ең үлкен әрі ең тығыз графикті космодром.
20. Қазақстан өзінің тарихы, әдет-ғұрпы, алып таулары, жабайы ормандары, ыстық шөлдері, мөлдір көлдері, жылжып аққан өзендері, керемет жануарлармен өсімдіктері бар кең даласымен бай ел.



























Тәуелсіз қазақ елі

   1.  Фатима:     Қазақ елі мен жері ұлан байтақ. Жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша 9 орында екені бізге мәлім. Пайдалы қазбалары да өте көп мол. Бүгінгі күнде дамыған, әлемге әйгілі мемлекет.

         Міне, Тәуелсіз Мемлекет атанғанына биыл 26 жыл толып отыр. 26 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елін көркейтіп, дүние жүзіне таныта білдік. Бұл  үлкен – жетістік. Әрине, бұның бәрі елбасымыз Нұрсұлтан атамыздың арқасында. Әрине, бұл күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Осы азат күн үшін ата-бабамыз, әпке – ағамыздың қаншама көз жастары төгілді, көптеген қан төгілді. Бұл бостандықты  халқымыз бұрыннан  тілеген. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» оқиғасы, «Кіші қазан» төңкерісі, Қабанбай, Бөгенбай, Исатай мен Махамбет көтерілістері, осы азат күн үшін күрескен.  Осы көтерілістерден кейін енді ғана есімізді жиып келе жатқанда, Ресей  бодандығына  кірдік. Одан көрмеген  азаптарымыз қалды ма? Тіптен тіліміз бен дініміз жойылып кете жаздады. Қаншама халық  аштықтан қырылды. Дәл  осы кезде Германия Ұлы Отан соғысын ашты. Бар жиған – тергенін, азық – түлігін халқымыз, майданда жүргендерге берді. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін,  қанша Ресей бодандығында болсақта, есімізді жиып, Сәбира, Ляззат, Қайрат сияқты жау жүрек  батырларымыз Тәуелсіз мемлекет болуымыз үшін қайтадан  көтеріліске шықты. Осы әпке – ағаларымыздың арқасында 1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіз күні болып жарияланды. Осы жылы  1 желтоқсан күні Президентіміз сайланды.

    2.  Айшагүл   Осыдан 26жыл бұрын  егемендігіміз жарияланды. Ата – бабамыз сан ғасырлар армандаған арманға қол жеткіздік. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, қазақ халқының басын біріктіріп, ел қылуға Елбасымыздың үлесі зор. Қанша  айтқан мен Ол кісі біздің Тұңғыш Президентіміз. Атамыздың арқасында  еліміз елге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Елін көркейтті, экономикасын дамытты, саясатын  жақсартты. Құрып кетуге шақ қалған, діні мен тілін, салт – дәстүрін  қайта жандандырды. БҰҰ – на мүше болды, ТМД  - ға кірді.  Қазақ елін айтқанда, Сарыарқаның төсіне көшіп  келген бас қаламыз  - Астананы қалайша ескертусіз қалдырамыз? Астананы көргенде таң қалады.Кейбір  елдердің президенттері: «қазақ елі, өзге мемлекеттерге үлгі болатын ел» деген екен. Тіпті, қазақ елінің жастары үшін көптеген университет, колледж, лицейлер ашылды.  Экспо 2017 Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтті. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. ЕХРО-2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға 3 млн адам келді.



3. Мейрамбек: ЕХРО-2017 көрмесінің символдары ретінде Қуат, Мөлдір және Сәуле таңдалды.

Қуат (күш, билік) - жердегі энергияны білдіреді.

Мөлдір(айқын, таза) - судан алынған энергия.

Сәуле(күн сәулесі) - күннен алынған энергия.



         Астана  қаласын ОБСЕ, Саммит, Азия ойындары өтті. 2017 жылы ЕХРО 2017 өтті. Яғни, қазақ елі  бұдан да танымал болды. Бұл, біз үшін  куаңтарлық жаңалық.

         Міне, бүгінгі күнде еліміз бақыты күн кешуде. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дегендей, отан үшін өмірін қиғандардың есімдері, әрқашан халықтың жүрегінде сақталады. Мен Отанмды  жақсы көремін. Мұқағали атамыз айтқандай Отан – біздің  бақытымыз. Біз Отанның болашағымыз. Елімізді әрі қарай көркейтетін мына біз боламыз!

         Еліміздің келешегі – бүгінгі әрекеттеріміз, ұтымды  ұмтылыстарымыз және саналы ұрпақ!

        

 
























-Е-ей! Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,

Дос келді деп, жасап жатыр анық той.

Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны, Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған, Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.

Қазақ осы күй шығарып, ән салып, Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.

Қазақ осы - айтатұғын желге сыр, О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз, Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Айхай! Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір. Е-е-ей! Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін, Қазақ осы - «Өнер алды - тіл» дейтін. Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.

Қазақ осы - көргенінен танбайтын, Той-думансыз оты түзу жанбайтын. Қазақ осы - алудай-ақ алатын, Ал беруден алдына жан салмайтын.

Қазақ осы - ашық жарқын қабағы, Қонақ келсе шабылып бір қалады.

Байқа да тұр, саған да ол кетерде, Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

Айхай! Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

Е-е-ей! Қазақ осы - құда бол деп қинайтын, Құдаларын құдайындай сыйлайтын. Қазақ осы - дүние мен малыңды, Оңды-солды шашу үшін жинайтын. Қазақ осы - жайып жатқан қанатын, Батыр халық, ақын халық - дәл аты. Қазақ осы - өзімсінген адамға, Насыбайға бола өкпелеп қалатын. Жайлауында жүрген жігіт бағып қой, Дос келді деп, жасап жатыр анық той. Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны, Нағыз қазақ осы, міне, танып қой. Айхай! Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.


-Е-ей! Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,

Дос келді деп, жасап жатыр анық той.

Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны, Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған, Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.

Қазақ осы күй шығарып, ән салып, Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.

Қазақ осы - айтатұғын желге сыр, О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз, Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Айхай! Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір. Е-е-ей! Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін, Қазақ осы - «Өнер алды - тіл» дейтін. Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.

Қазақ осы - көргенінен танбайтын, Той-думансыз оты түзу жанбайтын. Қазақ осы - алудай-ақ алатын, Ал беруден алдына жан салмайтын.

Қазақ осы - ашық жарқын қабағы, Қонақ келсе шабылып бір қалады.

Байқа да тұр, саған да ол кетерде, Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

Айхай! Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

Е-е-ей! Қазақ осы - құда бол деп қинайтын, Құдаларын құдайындай сыйлайтын. Қазақ осы - дүние мен малыңды, Оңды-солды шашу үшін жинайтын. Қазақ осы - жайып жатқан қанатын, Батыр халық, ақын халық - дәл аты. Қазақ осы - өзімсінген адамға, Насыбайға бола өкпелеп қалатын. Жайлауында жүрген жігіт бағып қой, Дос келді деп, жасап жатыр анық той. Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны, Нағыз қазақ осы, міне, танып қой. Айхай! Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!