400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Тұңғыш президент күніне арналған Елбасы жолы тақырыбында

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы жолы тақырыбында эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Автор: Сайлау Шынар Серікқызы

Білім беретін ұйымы: «Мұрагер" мектебі»

Сыныбы: 8 "М" сынып оқушысы

Елбасы жолы

Н ұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Шамалған ауылында Назарбаевтар отбасында дүниеге келген. Оның әкесі - Әбіш Шапырашты руынан шыққан Назарбай бидің ұлы. Анасы - Әлжан Жамбыл облысы, Талапты ауылында Дулат руынан, Қасқартаудан тарайтын, Жатқанбай деген молданың отбасында туған. Кішкентай сәби Әбіш пен Әлжанның көптен күткен тұңғышы болғандықтан сәбиді Құдайдың берген үлкен сыйы деп қабылдайды. Нұрсұлтанның есімін әлбетте үйдің үлкені Тетебала әжесі қояды. Нұрсұлтаннан кейін Сатыбалды, Әнипа, Болат дүниеге келеді. Нұрсұлтан әке-шешесі сияқты еңбексүйгіш, тарбиелі, білімді болып өседі. Ол үнемі әкесінің жанында мал шаруашылығына көмек беріп, егін шаруашылығына араласады. . Ал анасы қарапайым үй шаруасымен айналысады. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының ауыртпалығын ата – анасы көрді. Сол кезеңде Әбіш пен Әлжан балаларын асыраудың жолын тауып, үй жағдайының жақсаруына бар күшін салып, аш қалмаудың амалын жасады. Нұрсұлтан да ата-анасына көмектесіп, қолғабысын аямады. Соғыс жылдарында Нұрсұлтан бес жаста болатын. Күннен күнге қаралы қағаздар келіп, балалар жетім, әйелдер жесір қалып жатты. Әр үйдің шаңырағы шайқалып, қайғы-қасіретке толды. Біздің аға-әпкелеріміз Отан үшін соңғы демі қалғанша күресті.

Назарбаев қазақ-орыс мектебінде білім алды. Ол орыс тілін жақсы меңгерді және кітап оқып, үнемі ізденісте жүретін зерек оқушылардың қатарында болды. Нұрсұлтан орыс ғалымдары Пушкиннің, Толстойдың, Чеховтың кітаптарын оқып, білімін тереңдетті. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.

1991 ж 1- желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды . 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Сол сәттен бастап біз тәуелсіз мемлекетке айналдық. Тәуелсіздік алғаннан кейін елбасы кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып ел тыныштығы үшін мемлекеттік шекараны бекітті, елімізге көптеген өзгерістер енгізді. 1993 жылы айналымға Ұлттық валютамыз теңге шыға бастады. Біз кең байтақ жерде өмір сүретін, өз тілі, діні, салт-дәстүрі, өз контитуциясы , мемлекеттік рәміздері бар, мәдениеті дамыған халық болдық . Рәміздерімізден болашаққа деген үміт, туған жерге деген сүйіспеншілік анық көрінеді. Менің ойымша, осы рәміздерімізге әр қазақ баласы құрмет көрсетіп, туымыздың төмен түсуіне жол бермеуі қажет.

Еліміз уақыт өте келе жан- жақты дамып, көркейді . Ақмола «Астана» қаласы болып өзгертілді. Зәулім ғимараттар мен көп қабатты үйлер салынып, түрлі қалаларда мектептер мен оқу орындары қайта жаңартылды . Қазақстанда егін, мал шаруашылығы дамып, завод, фабрикалар өз жұмысын бастады.

Астанада "EXPO" - 2017 халықаралық көрмесі өтті. Ол ең үздік әлемдік энергияны сақтау және дамыту технологиясы болды. Бұл көрмеге әлемнің түкпір түкпірінен адамдар өз туындыларын көрсетіп, бағалауға немесе жаңарлаған технологияны көріп, танып, білу үшін келеді. Осы көрме арқылы біз үлкен жетістіктерге жеттік. Сөйтіп экономикаға қабілетті елдерден Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына кірді.

2019 жылдың 20 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев өзінің соңғы жарлығына сәйкес президент өкілеттілігін тоқтатты. Осы орайда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаев халық алдында ант беріп, ресми түрде Қазақстан президенті болды.

Осы күнге дейін еш соғыссыз, тыныш елде өмір сүріп келе жатқанымыз елбасының арқасы .

Өз ойымды анамның елбасына арнап шығарған өлең жолдарымен аяқтасам деймін.

Менің президентім

Авторы: Тұрабаева Эльмира Манасбайқызы

Президентім, биік тұлға байсалды,

Е ң алғаш боп Қазақстанды басқарды.

Елу елдің қатарына қосты елді,

Көрші елдерді тату-тәтті қарсы алды.



Туған елдің тыныштығын көп ойлап,

Жеріміздің көркеюін армандап,

Балалардың болашағын жарқын ғып,

Балабақша мектептерге зер салды,



Отанымда тыныштықтың болуы,

Көк туымның желбіреп бір тұруы,

Халқымыздың соғыссыз өмір сүруі

Елбасымның арқасы деп білемін.



Бар халыққа құрметпенен қараған,

Өн-бойынан мол ізгілік тараған.

Талап пенен тәртіпті тек ту етіп,

Осы өмірге елбасы боп жаралған!

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.11.2020
421
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі