Материалдар / Тұңғыш президент күніне арналған Елбасы жолы тақырыбында эссе 9 сынып қазақстан тарихынан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тұңғыш президент күніне арналған Елбасы жолы тақырыбында эссе 9 сынып қазақстан тарихынан

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы жолы тақырыбындағы эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
912
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушы аты-жөні: Қорғанбек Аружан Бағдатқызы

Сыныбы: 9 «А» сыныбының оқушысы

Білім беру ұйымы :Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебі.

Жетекші: Мұратбекұлы Мейрамбек

Елбасы жолы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің яғни тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тұңғыш президенті. Ол 1990 жылы 24 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының президенті болып сайланған болатын. 2015 жылы сәуір айында болған мерзімнен бұрын президент сайлауында президенттік мерзімге қайта сайланды. Ресми деректерге сәйкес 97,75% дауыс жинаған. Әрине Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірден президент болған жоқ, бұл кісінің де қызмет жолы, еңбек жолы бар. Ал ендеше елбасының еңбек жолына тоқталайық. Ол 1960 жылы Днепродзержинск қаласының № 22 кәсіптік лицейін бітірді. Ал 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатында  ВТУЗ-ды бітірді. Еңбек жолын 1960 жылы  Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өткен болатын.

  • 1960-1966 жылдар аралығында Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

  • 1973-1977 жылдар аралығында Қарметкомбинаттың партком хатшысы болды.

  • 1977-1979 жылдар аралығында Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы болды.

  • 1979-1984 жылдар аралығында Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы болды.

  • 1984-1989 жылдар аралында Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы болды.

  • 1989-1991 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы болды.

  • 1990 жылдың сәуірінен  бастап Қазақ КСР президенті.

  • 1990 жылы  ақпан мен сәуір айларының аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

  • Ал 1969-1973 жылдар аралығында Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

Елбасы осындай еңбек жолдарына сабырмен төзіп, шыдай білген. Осыған қарап біздің елбасымыздың төзімді, сабырлы адам екеніне көз жеткізе аламыз.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет  Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Елбасы басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті. Осы кезден бастап Қазақстан Республикасының халыққы үшін жұмыс жасады. Елбасымыздың Қазақстан халықына жолдауын бүкіл қазақ біледі десек те болады. Ол жолдаудың Қазақстан халқы үшін маңызы өте зор. Солардың бірнешесіне тоқталып кетейк:

Елбасымыздың тың идеялары мен жолдаулары өте көп, оларды әрбір қазақстандық біледі деген ойдамын. Елбасымыздың халық бірлігі мен ішкі тұрақтылықты сақтау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясын құрған болатын. Ассамблея 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған, Елбасы жанындағы консультативті-кеңесші орган болып есептелінді. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Және де сыртқы саясатта көршілермен тату болу үшін, ұлттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында түрлі ұйымдарға ТМД, БҰҰ, ШЫҰ, ЕҚЫҰ елімізді мүшелікке кіргізген. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында көрші мемлекеттермен және алыс шет елдермен тығыз экономикалық байланыс орнатып сауда саттықты дамытқанын және экономиканың дамуын жеделдету мақсатында 1997 жылы "Қазақстан 2030" одан кейін 2012 жылы "Қазақстан 2050" стратегиясының қабылдаған болатын.

Қазақстанды әлемге таныту мақсатында 7 - ші қысқы Азия ойындарын 2011 ж Қазақстанда (Азияда 2011) болуына күш салды. Санымен қатар "Экспо 2017" көрмесін елімізде абыроймен өткізді. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады. Жасырын дауыс беруден біздің мемлекетіміз жеңді және Экспо 2017 көрмесі Қазақстанда өтті.

Елбасының халықымызға сіңірген еңбегі орасан зор, оның бәрін бір эссеге сидыру мүмкін емес. Елбасы 2019 жылы өз орнын босатып оның орнына Қасым Жомарт Тоқаев еліміздің басшысы болып сайланды. Бірақ біз үшін Елбасының орны бөлек, біз үшін болашақ ұрпақ үшін әрқашан дана және дара тұлға болып қала бермек. Елбасының ғылыми еңбектері, кітаптары және дәйексөздерінің өзі ерекше. Елбасының есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар қазақ қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Елбасы өз атындағы университеті пен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Тіпті зияткерлік мектеп оқушылармен кездесу ұйымдастырып отырады. Елбасы өзін ешқашан биік санамаған. Оған дәлел ретінде Елбасының әр дайым еліміздің қамын ойлағандығын айта аламын. Мен осындай Елбасының біздің елімізді басқарғанына қатты қуанамын және мақтанамын. Елбасы біздің яғни халықтың қамын ойлай білетін дара тұлға. Мен бейбіт және тәуелсіз Қазақстанда туылғаныма, өсіп жетілгеніме мақтанышпен қараймын. Ал енді ел болашағы жастардың қолында, сондықтанда біз, жастар ел болашағына қамқорлықпен қараумыз керек.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!