400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тұңғыш президент күніне арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағатын өткізу үшін сынып жетекшілерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!»

1 жүрг. Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

2 жүрг.
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!


1 Жүрг: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты мерекелік салтанатты жиынды ашып беру үшін құттықтау сөзді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мамихова Гүлниса апайға береміз!


2006 жылы 7 қаңтарда әнұран қабылданды.

Егемен елімнің әнұраны жаңарды,

Менің Қазақстаным жер жүзіне таралды!

Г И М Н (мектеп оқушыларының орындауында.)


2 жүрг. Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.


Елбасы туралы шағын бейне көріністі тамашалайық!


1 Жүрг: Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

тақпақтар: 1, 2 а,ә сыныптар.

Хор: 1 а сынып

Ән: 1 ә сынып. Үшен Жасұлан . «Алға Қазақстан»


2 жүрг. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.



1 жүрг. Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!


Көк Ту - ән.
Бахтияр Нұрсұлтан. 2 а сынып

2 жүрг. Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.


Хор. 2 ә сынып оқушылары.

Би: 2 а сынып қыздары. «Аққу» биі


1 жүрг: Елбасымыз- еліміздің тірегі,

Ел ертеңін үнемі ойлап жүреді.

Бар қазақтың мақтанышы астана

Үлкен елдің байтақ жердің жүрегі

Тақпақ: 3, 4 а сынып оқушылары


Би: 4 а сынып қыздар орындауында.


2 жүрг: Көтереді шаңырақ астанам асқақ,

Жаңарып қалам жасарып далам.

Басыңнан серпі бодандық жүгін.

Кетпейді ойдан отандық ұғым!

Арыстан жүрек айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін!


Ән: «Елімнің жүрегі Астана» 4 а сынып оқушысы Сман Нұргүл.


1 жүрг: Бағдат сен «Балалық шағымның аспаны» атты филмді көргенсің бе?

2 жүрг: Иә әрине кордім. Ол кинодан елбасымыздың салт-дәстүрден озбай, ата-ананы қадірлеуі жайында көптеген мәлімет алдық. Елбасы өміріне кішкене болсада жақындай түстік.

1 жүрг. Иә, Бағдат мен озіме үлгі болатын тағы бір адамды таптым. Ол- Тұңғыш президентіміз. Менде ер жеткенде елімнің елеулі азаматы болып, елбасы секілді адамгершілігі мол жан болғым келеді.

2 жүрг: Иә Есдәулет, мына отырған оқушылардың бәрі елбасындай болғысы келеді десем қателеспеспін. Ендеше, «Балалық шағымның аспаны» филмінен үзінді корейік!

«Балалық шағымның аспаны» бейне фильм.


1 жүрг: Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып.


2 жүрг: 4 ә сынып оқушыларының әдеби монтаждары

Ән мен күйді төгілтіп

Інжу –маржан шашайық

Қонақтарды таңдантып,

Өнерден күмбез жасайық.


Би: 4 ә сынып қыздары.

1 жүрг:

Отаным Қазақстан

Егеменді елім бар.

Отаным Қазақстан

Желбіреген туы бар

Отаным Қазақстан

Мөлдіреген өзені

Отаным Қазақстан

Жайнаған жасыл орманы

Суреттеуге сөз жетпейтін бір саған

Жасай бер отаным Қазақстан!


2 жүрг:

Кең байтақ далалы жеріміз,

Ақ көңіл қонақжай еліміз.

Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден

Алтын көмір мұнай байлық кеніміз

Елін сүйген, елі сүйген президент,

Шуақ шашар елімізге күн болшы!

Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне байланысты «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік салтанатты жиын жабық деп жарияланады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
4327
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі