400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұңғыш Президент /тәрбие сағаты/ ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тұңғыш президенті екені туралы әңгімелеу, түсіндіру. Балалардың сөздік қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұңғыш президент      

    (тәрбие сағаты)
Мақсаты :  Балаларға Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың Тұңғыш президенті екені  туралы әңгімелеу, түсіндіру. Балалардың  сөздік  қорын  байыту,  есте  сақтау қабілеттерін  дамыту.   Отанын,  елін, жерін  сүюге тәрбиелеу,  патриоттық  сезімдерін  ояту.         

                  Шаттық  шеңбері :
Арайлап  таң  атты,
 Алтын  арай  таратты.
 Неткен  сұлу неткен көркем
 Осы  менің  туған өлкем.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын айту.

 Балалардың  назарын слайд суреттеріне аудару,  сұрақтар
қою,  жауап  алу.

 -Мына  суретте  не  беинеленген?     .......  карта.
-  Қай  елдің  картасы ?   ҚР-ның  картасы.
-  Біздің  еліміз  қалай  аталады   -- Қазақстан  Республикасы Отан  туралы  кім  тақпақ  айтады?

 Ж.Ясмин

Айналайын аспаннан Бізнің тудын бояуы Оны халық қашанда Биікке іліп қояды

Ж.Арлан
Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала,
Тұрасың  жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.

Біздің ұлтымыз  қалай  аталады?  -  ұлтымыз  қазақ.
Ана  тіліміз  қай тіл.  --- қазақ тілі.

Нұрай

Қазақ-тілі ата-  анаң
Қуат алар Отан да одан.
Дүниенін бар асылы,
Тең келмейді ешбірі оған.


Адия Алтын дәнді даласы бар Ақ күмістей қаласы бар Неткен сұсу, неткен көркем Осы менің туған өлкем

- Біздің рәміздерімізді кім айтады ?
  Балалар :   ту, елтаңба,  гимн.

Алихан
Көк байрағы бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы,
Тірегі әке баланың,
Қазақстан  жалауы.

Ислам
Тәуелсіздік  жолында,
Талай-талай тер төккен,
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім  Елтаңбам.

Қайсар
Айнымайды  аспаннан,
Біздің тудың бояуы,
Оны  халық қашанда,
Биікке іліп қояды.





Ән.  «Көк тудын желбірегені» 

Тәрбиеші  :   -Балалар, еліміздің  президенті кім?
Балалар.     Еліміздің  президенті  Нұсұлтан Әбішұлы
                     Назарбаев.

Тәрбиеші  :1-ші  желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып
Есептеледі.  Өйткені бұл күн  «Тұңғыш  президент күні».
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  еліміздің тұңғыш президенті.
1991 жылы  1-желтоқсанда халық өз таңдауымен  Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбанвты  президент етіп сайлады. Ал,  10-шы
Желтоқсаннан  бастап  президент өз қызметін  бастады.


Шықты  тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті,
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар президенті.

Тәрбиеші :  -  1991 жылы 16-шы желтоқсанда ҚР-сы Тәуелсіз
Мемлекет болып жарияланды.  Содан бері  23 жыл уақыт өтті. Осы  тәуелсіздікке қол жеткізіп, еліміздің егемендік алуы, дамуы , жетістіктерге қол жеткізуі  еліміздің тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен  байланысты.


Тәрбиеші : -Н.Ә.Назарбаев  1940 жылы  6-шы шілдеде,
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы
Үшқоңыр  жайлауында  дүниеге келген. Оның балалақ шағы
таршылықта өтті.  Өйткені бұл кезде еліміз Ұлы отан
соғысының  зардаптарынан қиыншылықты бастан өткерген еді.  Қиыншылықтарға қарамастан  ол зерек, алғыр болды.
Мектепте үздік оқыды.. Бала кезінде ұшқыш болуды армандады.

Н.Ә.Назарбаевтың қол қойып, қаулы етуімен :
- 1992 жылы 4-ші маусымда Мемлекеттік Рәміздер қабылданды.
- 1993 жылы 28-қаңтарда  алғашқы  Ата Заң қабылданды.
- 1994 жылы  Ядролық қаруды тоқтату  туралы келісімге қол
  Қойды.  Семей  полигоны  жабылды.
- 1997 жылы  «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасы қабылданып, жарияланды.
-1998 жылы  Астана қаласы  еліміздің бас қаласы астанасы
 Болып  жарияланды. Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері  болмайды.
 Н.Ә.Назарбаевтың  өмір жолдары,  қызметі  туралы жазылған кітаптармен таныстыру.  Кітаптар  ішіндегі
Суреттерді  көрсету.   Балаларға  сұрақ  қою.  
-  Балалар,  еіліміздің  тұңғыш  президенті  кім ?
-  1-ші  желтоқсан еліміз үшін қандай  күн?
 Балалардың  жауабы  тыңдалады.
Тәрбиеші :  Міне  балалар , еліміздің  тұңғыш президенті
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев елімізді  дамытуда талай
батыл  қадамдарға  барып, халқына арнап  үндеулер, жолдаулар  жолдап,  еліміз үшін  аянбай еңбек етіп келе
жатқан азамат.  Ол  еліміздің  тұңғыш  президенті.

Ән. «Жаса Қазақстан!». 

МҚКК «Айналайын» балабақшасы







Тұңғыш  президент 

  (тәрбие сағаты)

Ортаңғы топ













Орындағандар: Халемова К.Е.

Рахимова А.Ж.





Аққу, 2017

МҚКК «Айналайын» балабақшасы







Елімнің еркіндігі-тәуелсіздік

  (тәрбие сағаты)

Ортаңғы топ











Орындағандар: Халемова К.Е.

Рахимова А.Ж.



Аққу, 2017





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
882
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі