№43
«Өркен» бөбекжайы
МКҚК
Ұлы халықтың – Ұлы
көшбасшысы
II-кіші Балбөбек және Айгөлек
топтары
Тәрбиеші: Иманбаева
А.С.
Бедеева
Л.Р.
Орал
2017ж
Ұлы халықтың – Ұлы
көшбксшысы
Балалар қолдарына жалаушалар
ұстап «Астана» әніне залға кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар
мен балалар. Бүгін біз 1 желтоқсан тұңғыш президент күнін атап
өтуге жиналып отырмыз. Бүгінгі шара Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевқа арналады. Ендеше ертеңгілігімізді әнұранмен
бастайық.
Әнұран
айтылады.
Тәуклсіздік
жолында
Тапқан жолдың
шешімін
Президенті
қазақтың
Айтшы қане
есімін
Барлық балалар: Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев
Жүргізуші: Дұрыс, балалар Нұрсұлтан
Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Ендеше
президентіміздің өмір жолы туралы слайд тамашалайық. Слайд
Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы,
Шамалған ауылы, Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы
таршылық жағдайда, үлкендерге мал бағуына, бау – бақша өсіруіне
көмектескен. 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия
комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға
газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. Тәуелсіздік өткен соң халықтың
басын біріктіріп Н.Ә. Назарбаев президент болды. Елбасының
бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін, ерлігін
көрсетті. Ар намысты ту еткен елбасымыз, үкімет басындағы
ағаларымыз да ел үшін аянбай еңбек етіп, осы нұрлы күнге
жеткізді.
Жүргізуші: Балалар біз қандай елде
тұрамыз? Қазақстан Республикасының қандай рәміздері
бар?
Балалар: Ту, елтаңба,
әнұран
Ән: «Елтаңбасы елімнің» Екінші
еіші Айгөлек тобының тақпақтарын тыңдайық
Жанель: Көк аспандай көгілдір,
Қазақстан байрағы. Тұрса күндей төгіп нұр, Жандарыңыз
жайдары. Хаят: Көк байрақтың бетінде, Қыран
бүркіт қанатты. Сол қырандай еркіндеп Бала өседі
талапты. С.Аружан: Отан деген – атамекен Отан
деген – туған жер. Отан – ана, Отан – үлкен, Қазақстан туған
ел. Еркежан: Елбасымыз жолдайды, Халқым оны
қолдайды. Ешқашанда орынсыз, Шешімдері
болмайды. Айдар: Астана арман қала Бағы бір
жанған қала. Тұрасың жап-жас болып, Мен үлкен болғанда
да.
Би:
«Кеселер»
Ойын: «Шаңырақ»
Мақсаты: Балалардың бойында Отанға
деген патриоттық сезімдерін ояту.
Балбөбек тобының орындауындағы
тақпақтар
Диана: Отан деген ұлы ана, Отан деген
ғұлама Мен ғана емес атамда, Перзенті екен
Отанға. Ельдар: Күн өткен сайын құлпырып,
Жайнадың гүлдей Астана Елорда менің Астанам Елорда менің бас
қалам. Алирахман: Астанадай әсембіз, Әліде біз
өсеміз Жарыстарда әрқашан, Жеңімпаз боп
жүреміз. Бегайым: Қатар шапқан қос тұлпар, Ай
астында қазақ үй Қалықтаған таза күй, Шарықтаған таза
күй.
Ән: «Отан»
Ойын: «Теңге
алу»
Би: «Батырлар»
Жүргізуші: Қазақ елі желбіреп көк
байрағың, Гүлге оранды ауылың мен аймағың. Нұрсұлтаның биіктерге
бастады, Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағың.
Қорытындылау
-Біздің елбасымыз
кім?
-Біз қандай мемлекетте
тұрамыз?
Қара жорға биін билейік
бәріиіз.
Балалар ортаға жиналып қара
жорға биін билейді.
Жүргізуші: Балалар, тұңғыш президент
күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.