400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тұңғыш қазақ ғарышкері" С.Қалиев

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың тәрбиешілер үшін бір көмегі тиіп қалар деген ниетте жариялағалы отырмын.Барлық республика тәрбиешілерімен тәжірибе алысу мақсатында десем де болады.Қажеттеріңізге жарайды деген сенімдемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Бекітемін: 10.04.2018ж

Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»

Апта тақырыбы: «Ғарышқа саяхат»

Білім беру саласы: Коммуникация

Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Тұңғыш қазақ ғарышкер»С. Қалиев

Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы түсінік беру. Тұңғыш ғарышкерлер туралы әңгімелеу,аспан әлемі – ғарыш. Ғарыш айлағы –Байқоңыр туралы білім беру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.Ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру.Тақпақ ғжаңылтпаш,өлеңдер арқылы тілдерін дамыту.

Керекті көрнекіліктер:Суреттер,бейнежазбалар,зымыран мен ғарышкер макеті.

Оқу іс – әрекетінің

кезеңдері

Педагогтың іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Сәлемдесу.

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:

-Балалар ,қазір қандай мезгіл?

-Көктем айлары нешеу,оларды ата?

-Қәзір қандай ай?

Иә сәуір айында қандай мереке бар дедік кешегі өткен қызметімізде?

Оай болса балалар ,әр түрлі геометриялық фигуралардан зымыран құрастырып ойнайтын боламыз.

Балалар екі топқа ойын барысында бөліне тұрамыз.

Балаларды екі топқа бөлу.

Дид.ойын: «Кім жылдам?»

Ойын шарты:Әр түрлі геометриялық пішіндерден зымыран құрастыра білу.

Мақсаты:Балалардың логикалық ойлауын,тілін дамыту.


Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.



Ғарышкерлер,аспан әлемі туралы айтады.

Айша

Зымырандар көкте

Ұшпайды ғой текке.

Биіктерде заңғар

Тірлік барын аңғар.

Балалар қимылдық ойындарды топқа бөліне отырып ойнайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші аяқ дыбысын естіп тұрғанын және балалардан да сұрайды.

-Балалар ,тыңдаңдаршы ,бір дыбы шығатын сияқты ,сендер естіп тұрсыңдар ма?

Бейнетаспадан темір адам шығып былай дейді:

Темір адам:

-Сәлеметсіңдер ме ,балалар?Мен сонау алыс ғарыш әлемінен келдім.Сіздердің білімдеріңізді тексеруге келдім.Кім ғарыш әлемі ,ғарышкерлер туралы тақпақтар біледі?


IMG-20180430-WA0061.jpg


IMG-20180430-WA0063.jpg

















2.-Балалар,аспан әлемінде нелер бар?


Picture 2


3.-Мен сіздерге ғарыш әлемінен бейнежазба арқылы аспан әлемі туралы құпияны айтып,түсіндіріп кетейін.

Picture 1

-Сау болыңдар балалар ,мен өз ғаламшарыма кетемін.

Қимылдық ойын: «Күн ,су ,ауа»

Шарты:балалар тәрбиеші «күн»дегенде ,балалар ойнап жүрген қимылдар көрсетеді,«су» дегенде судағы балықтардың жүзгенін көрсетеді, «ауа» дегенде ауада көрсететін ұшып жүрген құстардың қимыдарын жасайды.


IMG-20180430-WA0055.jpg IMG-20180430-WA0065.jpg

«Тұңғыш қазақ ғарышкер» тақпағы. С.Қалиев


-Ғарышқа бірінші болып ұшқан кім екен?

-Балалар бұл тақпақ кім туралы не туралы ?

Ең алғаш ғарышқа көтерілген Ресей азаматы Ю.А.Гагарин болды.Бірақ адамдардан бұрын бірінші болып,адамнан бұрын екі ит- Белка ,Стрелька ұшқан екен.

-Ал ,Қазақстаннан ең алғаш ғарышқа ұшқан өздерің атаған –Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев .Ғарышкерлердің фотосуреттерімен таныстыру.

Ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп,арнайы білім алады. Ғарышта адам демалатын ауа жоқ,көлеңке жақта өте суық,күн түсіп тұратын жағы өта ыстық болады.

Сондықтан осылардан қалай қорғану ,сақтану үшін не киеді?

Арнайы киімдері- «скафандр» деп аталады.Скафандрдың арқасында ауа толтырылған баллоны,жермен және өзара байланысқа арналған байланыс құралдары бар.(Сурет көрсету)




Балалар да ,өздерінің аяқ дыбысын естіп отырғандарын айтады.


Дархан.

Бүгін батыр ағаның ,

Ұшқан күні ғарышқа.

Мен аспанға қараймын

Мен ғарышкер боламын.

Мейірбек

Қанат берді еліміз

Ұлы Отанның ері біз.

Марсқа да барамыз.

Ұшамыз біз Айға да,

Біз ғарышкер боламыз.

Айқын

Көкке ұшамын,

Ұшқыш болар баламын.

Соңынан ерер ағаның,

Ер ғарышкер боламын.

Әдия

Тоқтар ұшты ғарышқа

Талғат болды ғарышта.

Таң қалдырып қазағым

Тағы ұшса ғой ғарышқа.


Нұрсұлтан

Тоқтар ағам –жан ағам,

Бұрыннан да ер еді.

Менің батыр ағадан

Аумай қалғам келеді.

Абдұлнұр

Арман қуып жасынан,

Көктен көзін алмаған.

Ұшқыш болды жасұлан,

Аспанда еркін самғаған.

Назым

Ғарышкерлер мекені,

Қазақ жері Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім Байқоңыр.

Әли

Тұңғыш қазақ ғарышкер,

Әубәкіров ағаның,

Даңқы көкке самғаған.

Тоқтар аға Гагарин,

Салған жолды жалғаған.


Балалар өз ойларымен жауап беруге тырысады.

Күн,ай,жұлдыздар,басқа да өздері білетін ғаламшарлар туралы әңгімелеп береді.


Балалар «Ол кім ,бұл не?»бейнежазбасын тамашалап ,тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.


-Сау болыңыз.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

«Күн» дегенде балалар қолдарын шапалақтап секіріп ойнайды.

«Су»дегенде балалар балықтар сияқты жүзеді.

«Ауа»дегенде құс сияқты ұшады.

Әлібек:

Тұңғыш қазақ ғарышкер

Әубәкіров ағаның

Даңқы көкке самғаған.

Тоқтар аға ,Гагарин

Салған жолын жалғаған.

Тоқтар аға ,жан ағам

Бұрыннан да ер еді.

Менің батыр ағадан

Аумай қалғым келеді.













Рефлексиялық-қозғаушылық


-Ғарышқа кімдер ұшты?

-Қазақ ғарышкерлерін ата?

-Зымыран қайдан ұшады?

Ән:”Мен ғарышкер боламын”

Мадақтау



Ю.Гагарин

Т.Әубәкіров

Т.Мұсабаев ұшты

Балалар хормен өлең айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:геометриялық фигуралар арқылы зымыран құрастыруға болатынын;

Қандай түсініктерді игерді:ғарышқа алғаш ұшқан ғарышкерлердің аты –жөнін;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыланады.

Толтырған: Биханова К



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
1831
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі