Тұңғыш саяхатшы. Сан есім.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұңғыш саяхатшы. Сан есім.

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сыныпқа арналған ҚМЖ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

«Саяхат және демалыс»

Мектеп:

Белогор негізгі орта білім беретін мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Ажгалиева Камила Аликовна

Сынып: 5


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тұңғыш саяхатшы.

Сан есім.

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

5.1.1.1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

5.2.5.1. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Тірек сөздер мен сурет арқылы тақырыпты болжай алады, мәтін ішінен сан есімдерді таба алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтінді өз бетімен түсініп оқиды және сұрақ құрап жазады, сан есімдерді ажырата алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Қосымша ақпаратты толықтырып, мәтінді әңгімелейді. Мәтіннен ой қорытындысын шығара алады, сан есімді пайдаланып мәтін құрай алады.

Жетістік критерийлері

  • Тірек сөздер арқылы тақырыпқа болжам жасайды.

  • Мәтіндегі ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады.

  • Жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескереді.

  • Мәтіндегі сан есімдерді анықтап, ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Пəнге тән лексика мен терминология:

Сөз табы, сан есім, дара және күрделі сан есім.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Саяхат, Шоқан Уалиханов, тұңғыш саяхатшы, Қашқарияға сапары.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Саяхат дегенді қалай түсінесіңдер?

- Шоқан Уәлиханов туралы не білесіңдер?

- Сан есім дегеніміз не?

Құндылықтарды дарыту

Еңбек

Пəнаралық байланыстар

Әдебиет –«Манас» жырын зерттеуі.

Тарих –саяхатымен, зерттеушілігімен тарихта қалуы.

География –Қашқарияға сапары.

Бейнелеу –суретшілік өнері

АКТ қолдану дағдылары

Компьютер, презентация, аудио мәтін.

Бастапқы білім

Саяхат туралы түсініктері бар, Ш.Уәлиханов туралы мәлімет, сан есім туралы біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу

2. «Ой қозғау» әдісі

- Балалар, сіздер қандай тарауды өтіп жатырсыздар?

- Саяхат дегеніміз не?

Shape1

Shape2

САЯХАТ


Shape3 Shape4

Shape5


- Балалар, бүгін біздер саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін көлік таңдауымыз керек. Ол үшін өткен тақырыптарды қайталау мақсатында сұрақтарға жауап беруіміз керек.

«Жадыны жаңғырту» әдісі

1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

2. Зат есім дегеніміз не?

3. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

4. Қазақ тілінде неше септік бар?

5. Сын есім дегеніміз не?

6. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

7. Сын есімнің мағыналық түрлері?

8. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

9. Сын есімнің шырай түрлері?

(сұрақтарға жауап беру арқылы кеме суреті ашылады)


«Пазл» әдісі

(оқушыларды сурет қиындылары арқылы топқа бөлу)

І топ «Ғалымдар»

ІІ топ «Саяхатшылар»

ІІІ топ «Суретшілер»

(топ ережесімен таныстыру)


- Кемеге отырғызу басталды. Билет пен саяхат картасын алуларыңызды сұраймыз.

Кіру билеті

Аты-жөніңіз:



Шоқан Уәлиханов туралы не білесіз?


Сіз тағы не білгіңіз келеді?



Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.













Қиынды суреттер









Сабақтың ортасы

«Болжау» әдісі

(оқушылар берілген тірек сөздер мен суреттер арқылы тақырыпты болжайды)


Оқылым

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

(мәтін үш топқа бөлініп беріледі)

А) Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз.

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі

(әр оқушы өзі сұрақ құрастырады, жұппен талқылайды, топпен ақылдасып 2 сұрақты келесі топқа қояды)

Саралау.

Тапсырманы орындауда қиындық туғызып отырған оқушыға жауабы жазылған топшама беру.

(дайын жауапқа сұрақ құрастырады)


Ә) Қарамен жазылған сөздердің мәтіндегі қолданыстық мағынасын екінші бағаннан табыңдар.

1

1835 жылы Қостанай маңындағы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген.

туылған/

қайтыс болған

2

1858-1859 жылдары Шоқан өзінің қысқа ғұмырындағы басты сапары Қашқарияға саяхат жасайды.

жұмысындағы/

өміріндегі

3

Қашқар сапарынан кейін Шоқанның тағы бір еңбегі жарық көреді.

басылып шығады/ жоғалады


ҚБ: мұғалімнің қолпаштау сөздері арқылы


- Балалар, мәтін ішінде сандар кездескен.

- Сан есім дегеніміз не?

- Қандай сұрақтарға жауап береді?


Сан есім туралы түсінік беру.


СShape6 ан есім

ЗShape7 аттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөз табы

ҚShape9 Shape8 ұрамына қарай

ДShape11 Shape10 ара Күрделі

Түбір және туынды Екі не одан да көп

Shape13 Shape12 сан есімдер сан есімнің тіркесуі


үш, жиырма, елудей, жиырма бес, жеті-сегіз,

алтау, жүздеп т.б. тоғыз бүтін алтыдан үш т.б.


МShape14 ағынасына қарай сан есімдер:

Shape20 Shape19 Shape18 Shape17 Shape16 Shape15


есептік реттік жинақтық болжалдық


топтау бөлшектік


Б) Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, құрамына қарай талдаңдар.

(мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, құрамына қарай ажыратады)


Тапсырма

Дескриптор




1-тапсырма

Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырады

Қарамен жазылған сөздердің мәтіндегі қолданыстық мағыналарын екінші бағаннан табады.

мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, құрамына қарай талдайды.



Тыңдалым және айтылым.

2-тапсырма. №48 аудионы тыңдаңдар.

- Тыңдалым мәтіні не туралы?

- Николай Пржевальский деген кім?


А) мәтін мазмұны бойынша берілген ақпараттың дұрыс-бұрыс екенін анықтаңдар.

Ақпараттар

Дұрыс

Бұрыс

1

Николай Пржевальский 1838 жылы Смоленск облысында дүниеге келген.



2

Ол 7 жасынан садақ тартып үйренген.



3

Көктем кезінде саяхатшылар Жоңғария даласында түйе тобына кездеседі.



4

Жылқы келбеті адамға үйренген жылқыға ұқсас.



5

Осы жылқыны ең алғаш ашқан Пржевальский болған соң, «Пржевальский жылқысы» деп аталады.



Саралау: мәтіннің толық нұсқасын беру

ҚБ: «Басбармақ» әдісі бойынша өзін-өзі бағалау

(слайдтан жауабы көрсетіледі, оқушылар өздерінің жауабын тексереді)

Ә) «Сөйлемді толықтыр»

(көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, құрамы мен мағынасына қарай ажыратады)

1. Николай Михайлович Пржевальский - ... ғасырдың екінші жартысында Орта және Ішкі Азияны зерттеген атақты сахатшы-географ.

2. Ол ... жасынан садақ тартып үйреніп, өсе келе құс, аң аулаудың мергені болады.

3. ... жылы наурыз айының ішінде атақты саяхатшының экспедициясы Зайсан қаласынан шығып, Тибет тауларына бет алып жүреді.


Тапсырма

Дескриптор



2-тапсырма

тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді.

Мәтін мазмұны бойынша ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтайды.

Сөйлемдерді толықтырады

Сан есімдерді ажыратады


Жазылым. ТЖ

3-тапсырма.

І топ «Ғалым» тобы: «Шоқан - саяхатшы» тақырыбында мақала жазу.

ІІ топ «Саяхатшы» тобы: «Ертегілер еліне саяхат» байқауы туралы хабарландыру жазу.

ІІІ топ «Суретші» тобы: «Шоқан – суретші» тақырыбында постер дайындау.


Саралау: Хабарландыру үлгісін беру.

Қосымша мәліметтер беру.


ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы өзара бағалау

(топ бір-бірінің жұмысын бағалайды)


Тапсырма

Дескриптор



3-тапсырма

Сан есімдерді қатыстырып жазба жұмыстарын орындайды.

Жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескереді.

Тақырып бойынша өзіндік ой қорытындылай алады.


тірек сөздер, суреттер




мәтін









жауаптары жазылған топшама







тапсырма жазылған топшама

























































«Ұлы саяхатшы»

Аудиосы



























Мәтіннің толық нұсқасы




























Плакат, маркер, суреттер, мәліметтер.

Сабақтың соңы

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне кері ораламын.


- Сонымен, оқушылар біздің сабақтағы мақсатымыз қандай еді? Есімізге түсірейік.

- Сабақ соңында мақсатымызға жеттік пе?




«Шығу билеті»

(оқушылар сабақта не білгендіутері туралы шығу билетіне жазады)


Аты-жөніңіз:


Шоқан Уәлиханов туралы не білдіңіз?


Тағы да не білгіңіз келеді?



Үйге тапсырма:

1. Қазақстандық саяхатшылар туралы мәлімет жазу.

(мәтін ішінде кездескен сан есімдерді теріп жазып, құрамына қарай талдау жасау)


Кері байланыс

-Балалар, осымен біздің саяхатымыз аяқталды. Барлығыңыз жақсы жұмыс жасадыңыздар. Енді тақырыпты қаншалықты меңгергендеріңіздібүгінгі саяхатқа шыққан кемеміз арқылы белгілеңіздер.

«Желкенді кеме»




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Тілдік қабілеті жоғары оқушылар тілдік қабілеті төмен оқушылармен араластырылып отырғызылады.

Қабілеті жоғары оқушылар ой қорытынды жасайды, тапсырмалар бойынша 3-тен артық дәлелдер келтіре алады


Компьютерді, ноутбуктерді тек тапсырма кезінде аз уақыт жұмыс жасап өшіру, интерактивті тақтаны қажет емес уақытта сөндіріп қою.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.08.2024
226
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі