400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұқым қуалайтын аурулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Биология

Күні:

ОМИ


Мұғалімнің аты-жөні: Осербаева А.М.


Сынып: 9

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Адамның кейбір тұқым қуалайтын аурулары, олардың алдын алу және емдеу. №5 зертханалық жұмыс «Организмдердің өзгергіштігі»

Жануарларды қолға үйрету- селекцияның бастапқы кезеңі. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары.


Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

  • Тұқым қуалайтын аурулар, олардың түрлері мен алдын алу жолдарын түсіндіру.

  • Оқушыларға селекция ғылымы туралы білім бере отырып, жануарларды қолға үйрету - ғылымның дамуының басты негізі екенін айқындау, мәдени өсімдіктердің шығу тегі мен орталықтары туралы түсінік беру;


Сабақтың мақсаттары:

1. Тұқым қуалайтын аурулар, олардың түрлері мен алдын алу жұмыстары туралы білім беру

2. Жануарлар мен өсімдіктердің мәдени формаларының ерешеліктерін ұғындыру.

3. Үй жануарлардың шығу тегі туралы білімдерін кеңейту.


Жетістік критерийлері:

Барлық оқушылар: 1. Тұқым қуалайтын аурулардың түрлерін біледі.

2. селекция ғылымы нені зерттейтінін ажырата алады.

Көптеген оқушылар:

1. Хромосомалық және гендік ауруларды ажырата алады

2. Қолтұқым, іріктеме, штамм сөзін түсіндіре алады

3. Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарын айта алады.

Кейбір оқушылар:

1. Өз бетімен қан топтары туралы есептер шығара алады.

2. Оқушылардың өз бетімен алған білімдерін бейнетаспа және қосымша ақпараттар арқылы түсіндіре отырып толықтырады, шыңдайды.


Тілдік мақсат:

-жаңа терминдер мен ұғымдарды ұғына алады

-өзіндік дербес пікірін айта алады

-Оқыған материалды түсіне және сұрақтарға жауап бере алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Хромосомалық аурулар, гендік аурулар, Даун, Клайнфельтер, Шерешевский-Тернер, фенилкетонурия, альбинизм, галактоземия, қантты диабет, резус-фактор, қан топтары, туыстық неке, селекция, іріктеме, штамм,


Құндылықтарды дамыту:

— белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыру.

— индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің артуы.

— өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрету және оны дамыту.

— шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.


Пәнаралық байланыстар

Медицина, Георафия ,Экология ,Химия


АКТ қолдану дағдылары

Ақпарат көздерімен жұмыс істей білу


Әдіс-тәсілдер:

суреттерді сөйлету, генетикалық есептер шығару, интерактивті тапсырмалар, шығармашылық ізденіс жұмыстар  


Бастапқы білім

Өзгергіштік мәні мен қызметі жайында білу


Сабақтың барысы:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

І. Кіріспе:


1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгелдеу.



Сабақтың ортасы

ІІ. Негізгі бөлім:
































































ІІ. Өткен сабақты қайталау «Қайталау білім анасы»:

Тапсырма 1. «Миға шабуыл» әдісі.

1. Өзгергіштіктің қандай түрлері бар.

2. Реакция нормасы дегеніміз не?

3. Модификациялық өзгергіштік дегеніміз не? Басқаша қалай атауға болады? Себебі? Мысал келтіріңіздер.

4. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің қандай түрлері бар? Үйлесімді өзгергіштік дегеніміз не?

5. Мутациялық өзгергіштік дегеніміз не? Терминді енгізген кім?

6. Геномдық мутация дегеніміз не?

7. Мутагендік фактор дегеніміз не? Қандай түрлері бар.

Тапсырма 2. Есептер шығару.

1. Мысықтарда қысқа жүнділік ұзын жүнділіктен басым болып келеді. Қысқа және ұзын жүнді мысықты бір- бірімен шағылыстырғанда 6 қысқа, 2 ұзын жүнді күшіктер туған. Ата- аналық мысықтың генотипі қандай?

2. Адамда алыстан көрмеушілік белгі көруі қалыпты белгіден басым, ал қой көзді белгі, көк көзді белгіден басымдылық көрсетіп тұқым қуалайды. Екі жұп гендер әр түрлі хромосомада орналасқан. Гетерозиготалы еркек , көк көзді көруі қалыпты әйелге үйленгенде қандай ұрпақ күтуге болады?

3. Сирағы сабалақ жүнді қоразды сирағы сабалақ жүнді екі тауықпен шағылыстырылды. Сонда бірінші тауықтан -79 сабалақ және 23 сирағы жалаңаш балапандар , ал екінші тауықтан -48 сабалақ жүнді балапандар алынған. Белгі қалай тұқым қуалайды? Қораз бен тауықтың генотипі қандай?

4. Түсі қара,жүні бұйра теңіз шошқаларын өзара шағылыстырғанда бірінші ұрпақта түсі ақ,бұйра  жүнді және түсі қара, тегіс жүнді жануар пайда болды.Кейінгі ұрпақта қандай теңіз шошқалары пайда болады? Ата-аналарының генотиптері қандай?

Тапсырма 3. Суреттер сөйлейді.

Жаңа тақырыппен танысу

Тұқым қуалайтын аурулар


Гендік






Хромосомалық





Даун Фенилкетонурия

Клайнфельтер Альбинизм

Шерешевский-Тернер Галактоземия


І. Бейнеролик көрсету арқылы жаңа сабаққа кірісу.

ІІ. Слайден жаңа сабақты түсіндіру.

Stop кадр" бейнефильмнің бір сәтімен жұмыс. Тұқым қуалайтын аурулар туралы видеоматериал көрсетіледі. Кадрды экранда тоқтатып қойып, оқушыларды сұрақтар қою арқылы диологқа тартамын.

Клайнфельтер

тек ер адамдар ауырады. Оның белгісі: жыныс бездері дұрыс жетілмейді, ақыл – есі кем болады және аяқ қолы шамадан тыс ұзын, денесіне сәйкес келмейді.


Шершевский — Тернер ауруы

 әйелдерде кездеседі. жыныстық жағынан пісіп — жетілуі баяулайды, сондықтан бедеу болады әрі бойы тапал келеді.


Даун ауруы

адамның ақыл – есі кем, бойы аласа, беті дөңгелек, көздері қысыңқы әрі бір – біріне жақын орналасқан және кішкентай аузы үнемі жартылай ашық жүреді. 















Адамда жақсы зерттелген мәселелердің бірі – қан топтарының тұқым қуалауы. Соның ішінде резус – факторды алайық. Резус – фактордың қанның құрамында болуын анықтайтын ген екі түрлі жағдайда болады: біреуі оң резус «+», екіншісі теріс резус «-». Резусы «теріс» әйел резусы «оң» ер адаммен некелескенде, оң резус болуды анықтайтын геннің доминантты болуына байланысты ұрық әкесінен осы қасиетті алады. Сөйтіп, анасының қанына ерекше зат – антиген жасап шығарады. Ал анасының организмінде оған қарсы антиденелер түзіледі. Олар ұрықтың қан жасалу жүйесін бұзады. Нәтижесінде, ана организмі мен ұрық уланады. Бұл – ұрықтың өліміне апарып соғады.

Тапсырма. Мутацияның түрi және мутациядан пайда болған күйдiң атауымен суретті сәйкестендіріңіз.

Тапсырма 2.  "Ақиқат па жалған ба?" ойыны.Иә, жоқ. Иә болса қол шапалақтаймыз, жоқ болса аяқ тырсылдатамыз.

1.Тұқым қуалайтын аурулар хромосомалық және гендік аурулар болып екіге бөлінеді.иә

2.Адамның хромосома саны 46 ға тең.иә

3.Даун ауруы тек әйел адамдарда кездеседі.Жоқ

4.Адамның имундық қасиеттері төмен болғандықтан,жұқпалы және қатерлі ісік ауруларына жиі ұшырайды.Иә.

5.Клайнфельтер ауруымен ауыратын адамның хромосама саны 47 ге тең. Иә.

5 -зертханалық жұмыс. Организмдердің өзгергіштігі.

Мақсаты: Оқушылардың өзгергіштіктің формаларымен тереңірек таныстырып, тұқым қуалайтын өзгергіштіктің себептері мен нәтижелері туралы толық мағлұмат беру

Құрал-жабдықтар: кестелер, сызбанұсқалар, хромосомалық мутациялардың суреттері, электронды оқулық, суреттер, плакат 

Жұмыс барысы: 
1. Адамның тұқым қуалайтын ауруларының хромосомалық, гендік мутацияларға байланыстылығын анықтау. 
2. Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу нәтижелілігі. 
Қорытынды: ..... ...... 


Жаңа тақырып. Жануарларды қолға үйрету- селекцияның бастапқы кезеңі. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары.

Селекция






Іріктеме


Штамм



Қолтұқым

ҚҚ

қ





Мәдени өсімдіктердің ерекше формалары


Үй жануарларының ерекше формалары


Микроорганизмдердің таза себіндісі








Ең алғаш қолға үйретілген жануар- ит болған.

Ит

Қасқыр

15-10 мың жыл бұрын

Қой

Муфлон

10-9

Ешкі

Жабайы ешкі

10-9

Сиыр

Тур

8-6

Жылқы

Тарпан

6-5

Тауық

Банкив тауығы

6-5

Үйрек

Жабайы үйрек

4-3


Оқушылар 148 беттегі 6 кестені дәптерлеріне көшіріп жазып алады.




Сабақтың соңы

Ой толғаныс

























Жаңа тақырыпты бекіту

«Жас биологты» анықтау

Есептер шығару

№1 есеп.

Егер дүниеге келген баланың әкесінің қан тобы ІУ,шешесінің қаны І топ болса,баланың қан тобы қандай болуы мүмкін?Осы аталған қан топтарындағы агглютиноген мен агглютинин туралы не айтуға болады?

№2 есеп.

Шешесінің қаны ІІІ топқа,ал әкесінің қаны ІҮ топқа жататын отбасында қаны ІІ топқа жататын баланың тууы мүмкін бе?

Kahot ойыны

1.Клайнфельтер ауруының кариотипі қандай?

А.46,ХУ В.47,ХХХ С.45,ХО Д.47,ХХУ Е.47,ХУУ

2.Бүкіл жүниежүзілік статистика бойынша дүниеге келіп жатқан сәбилердің қанша пайызы ауру болып туылады?

А.3-5 В.7-8 С.10-12 Д.23-25 Е.50-55

3.Қант диабеті ауруы қай гормон жетіспегенде пайда болады?

А.тироксин В.өсу С.инсулин Д.паратгормон Е.адреналин

4.Жыныстық жағынан кеш жетіледі,бедеу,ақыл-есі кем болады.Қай аурудың белгісі?

А.фенилкетонурия В.Шерешевский-Тернер С.Даун

Д.Клайнфельтер Е.Эдвардс

5.Даун синдромында нешінші хромосома мутацияға ұшыраған?

А.9 В.13 С.21 Д.23 Е.Дұрысы жоқ

6.Нәтижесінде жұлын мен ми зақымдалатын ауру қалай аталады?

А.Қант диабеті В.Фенилкетонурия С.Брахидактилия

Д.Альбинизм Е.Гемофилия

7.Шерешевский-Тернер синдромының кариотипі

А.45,ХО В.47,ХХУ С.45,УО Д.47,ХУУ Е.Дұрысы жоқ

8.ІІ қан тобының формуласы қандай?

А.JоJо В.JаJо С.JаJв Д. Jв Jв Е. Jв J о

9.Резус-факторды ашқан ғалым

А.Бэтсон В.Иогансен С.Ландштейнер Д.Мендель Е.Мечников

10.Адамда қанша жұр аутосома бар? А.21 В.22 С.23 Д.24 Е.25


Бағалау. Бір-бірін мадақтап, қошемет арқылы белсенділігін арттыру

Рефлексия: Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс аламын:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылардың білімін бағалау.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Топ басшысы бағалау парақшасындағы балдарды қорытындылап, хабарлайды.

Үйге тапсырма:



Даптерге оқушылар орындайды






























Слайд


күнделік.





Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол үяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сүрақтарға жауап беріңіз








Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Түрлі әдістерді қолдану

2: топтық жұмыс

Қандай екі нэрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 желтоқсан
1672
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі