“Тұқым қуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы байланыс”

Тақырып бойынша 19 материал табылды

“Тұқым қуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы байланыс”

Материал туралы қысқаша түсінік
“Тұқым қуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы байланыс” тақырыбына арналған жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұқым қуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы байланыс”

(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы: Биология

Педагог Тінәлі Б.О. дайындады

2025 жылғы « 21» қараша

  1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: 1 курс,

Сабақтың түрі: теориялық, аралас «5 Е» әдісі

  1. Мақсаты, міндеттері:

Эволюция факторларымен байланыстыру.

Эволюциялық өзгерістердің түрлерін ажырату.

Теориялардың хронологиясын анықтау.

  1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі:

эволюциядағы рөлін талдайды;

эволюциялық процестерді (ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация) ажыратады;

хронологиялық даму кезеңдерін анықтайды;

биологиялық үдерістерді талдау

мысалдармен дәлелдеу;

топтық зерттеу жүргізу.

  1. Қажетті ресурстар:

  • оқулық,

  • презентация,

  • видео

  • маркерлер, А 4

  • қысқа мәтіндер

  1. Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, кабинеттін дайындығына көз жүгірту, студенттердің сабаққа қатынасын тексеру (2 минут)

II. Кіріспе нұсқау. Өткенді қайталау, еске түсіру (5минут)

Жылдам сұрақтар (Brainstorming):

  • Моногибридті бұдандастыру дегеніміз не?

  • Г.Мендель бірінші тәжірибесінде бұршақтың қандай белгісін зерттеді?

  • Басымдық заңы бойынша доминантты аллель және рецессивті аллельге не жатады?

  • Зигота мен гаметадағы хромосомалар жийынтығықалай аталады?

  • Белгілердің ажырауының сандық қатынасы генотип пен фенотип бойынша қандай?

  • Басымдылық заңы бойынша F 1 ұрпақтың генотипімен фенотипі қандай болады?

III. Ағымдағы нұсқау: жаңа сабақ

  1. ENGAGE – Қызығушылықты ояту (3 минут)

  • Видео (1 минут): Қысқа видеоролик: «Жердегі өмірдің эволюциясы бір минутта»

Мәселелік сұрақтар:
Неге барлық тірі организмдер бір-біріне ұқсамайды? Бұл айырмашылықтар не үшін керек?

Бұл айырмашылықтар қалай пайда болды? Тұқым қуалай ма? «Егер өзгергіштік болмаса, эволюция бола ма?»

Студенттер қысқаша пікір білдіреді.

Мағынаны ашу I: 2. EXPLORE – Зерттеу (10 -12 мин)

Бүгінгі тақырып : Тұқым қуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы байланыс

Тақырыпты ашу үшін бірінші зерттеу тапсырмасы беріледі

Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

Топтық тапсырма (карточкалар)

1-топ: «Эволюция деген не?»

Берілген мәтінді оқып, анықтама мен негізгі белгілерін жазады.

Күтілетін жауап:
Эволюция — тірі организмдердің тарихи дамуы және табиғи сұрыпталу нәтижесінде популяциялар мен түрлердің өзгеруі.
Негізгі белгілері: ұзақ мерзімді, бағытталған, популяция деңгейінде жүреді.

2-топ: «Эволюция тарихы»

Берілген мәтінді оқып, кесте

Хронологиялық жолақ құрастыру:

  • Ламарк (тұқым қуалайтын белгілердің қалыптасуы туралы идея)

  • Дарвин (табиғи сұрыпталу)

  • Генетиканың пайда болуы (Мендель)

  • Синтетикалық теория эволюции (XX ғ.)

Күтілетін жауап:

  1. Ламарк – эволюция идеясын алғаш жүйеледі.

  2. Дарвин – эволюция механизмі ретінде табиғи сұрыпталуды ұсынды.

  3. Мендель – тұқым қуалаушылық заңдылықтарын ашты.

  4. СТЭ – мутация, рекомбинация, сұрыпталу біріктірілді.

3-топ: «Эволюциялық факторлар» : «Өзгергіштік → Эволюция» схемасын құрастыр

Берілген мәтінді оқып, анықтама мен негізгі белгілерін жазады.

Берілген ұғымдар: мутация, рекомбинация, табиғи сұрыпталу, бейімделу, жаңа түр, тұқым қуалайтын өзгергіштік

Күтілетін жауап:
Мутация + Рекомбинация → Тұқым қуалайтын өзгергіштік → Табиғи сұрыпталу → Бейімделу → Түр түзілу.

4- топ: «Эволюция бағыттары»

Берілген мәтінді оқып, анықтама мен негізгі белгілерін кестеге жазады

Берілген ұғымдар: ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация

Күтілетін жауап:


Түрі

Анықтамасы

Мысалы

Араморфоз

Ірі өзгеріс, организмнің күрделенуі

Жүректің 4 камераға бөлінуі

Идиоадаптация

Қоршаған ортаға майда бейімделу

Құстардың тұмсық пішіндері

Дегенерация

Қарапайымдану

Паразит құрттардың асқорытуының жойылуы


Қорытынды:

Өзгергіштік → Сұрыпталу → Бейімделу → Эволюциялық бағыт (ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация)

ІІ.Мағынаны ашу: 3. EXPLAIN – Түсіндіру (5-6 мин)

Теориялық бөлім(8 минут)

Жаңа білімді қалыптастыру, түсіндіру, талдау

? Эволюция деген не?

Эволюция (лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі организмдердің орта мен жағдайға бейімделіп, өзін өзгертетіні, ортаға үйлескендері жасап, үйлеспегендері жойылып отыратыны туралы идея болып, осы өзгеріс себепті олардың қабілеті үздіксіз артып, төмен деңгейден жоғары деңгейге көтеріледі деп есептейтін теория.

Эволюция — тірі организмдердің тарихи дамуы және табиғи сұрыпталу нәтижесінде популяциялар мен түрлердің өзгеруі.
Негізгі белгілері: ұзақ мерзімді, бағытталған, популяция деңгейінде жүреді.

? Эволюция ілімі?

Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім. Эволюциялық ілім биология ғылымының барлық салаларының жетістіктерін қорытындылай отырып, оның теориясы негізі болып саналады. Эволюциялық ілімнің дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырудағы маңызы зор.

Эволюциялық ілімнің бастапқы қалыптасу кезеңі ертедегі грек философтары АристотельГераклитДемокритЛукрецийЭмпедокл, т.б. еңбектерімен тығыз байланысты. Олар табиғаттың өзгеріп отыратындығын, организмдердің тарихи дамуы туралы жазды.

Эволюциялық теориялардың дамуы: Хронологиялық жолақ

1. Жан-Батист Ламарк (1744–1829)

? Идеясы:

  • Ламарк — эволюция идеясын жүйелі түрде ұсынған алғашқы ғалымдардың бірі.

  • Оның негізгі концепциясы:
    «Қоршаған орта әсерінен ағзаның пайда болған белгілері ұрпаққа тұқым қуалайды».

  • Бұл теория қолданылған мүшелер дами береді, қолданылмағандары жойылады деген көзқарасқа негізделген.

? Маңызы:

  • Ғылымда тұңғыш рет ағзалардың өзгеретінін дәлелдеуге тырысты.

  • Эволюцияның табиғи заңдылық екенін айтты.

  • Қазіргі кезде Ламарктың "жүре пайда болған белгілер тұқым қуалайды" деген тұжырымы қате деп танылғанымен, ол эволюциялық ойдың дамуына үлкен серпін берді.

Хронология: 1809 ж. – «Зоология философиясы» еңбегі жарияланды.

2. Чарльз Дарвин (1809–1882)

? Идеясы:

  • Дарвин эволюцияның механизмі ретінде табиғи сұрыпталуды ұсынды.

  • Ағзалар кездейсоқ өзгергіштікке ие;

  • Қоршаған ортаға жақсы бейімделгендер тірі қалып, көбірек ұрпақ қалдырады;

  • Осылайша, пайдалы өзгерістер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.

? Маңызы:

  • Эволюцияның ғылыми түсіндірмесін жасады.

  • Тірі табиғаттың дамуын біртұтас заңдылық ретінде қарастырды.

  • Өзгергіштік, тұқым қуалаушылық және сұрыпталу идеяларын біріктірді.

Хронология: 1859 ж. – «Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен пайда болуы» еңбегі жарық көрді.

3. Генетиканың пайда болуы — Грегор Мендель (1822–1884)

? Идеясы:

  • Мендель тұқым қуалаудың негізгі заңдарын ашты.

  • Біртектілік, ашық-жасырын белгілер, бөліну және тәуелсіз үйлесу заңдарын тұжырымдады.

  • Тұқым қуалаушылық бірліктері — гендер арқылы берілетінін алғаш көрсетті.

? Маңызы:

  • Бүгінгі генетиканың негізін қалады.

  • Дарвин теориясындағы «тұқым қуалайтын өзгергіштік» түсінігін генетикалық тұрғыда дәлелдеді.

Хронология:

  • 1865–1866 жж. – Мендель тәжірибелерінің нәтижесін жариялады.

  • 1900 ж. – Мендель заңдары қайта ашылып, генетика ғылымы ресми түрде қалыптасты.

4. Синтетикалық теория эволюции (СТЭ) — XX ғасыр (1930–1950 жж.)

? Идеясы:

СТЭ — Дарвин ілімі мен генетика ғылымын біріктірген кешенді теория.
Негізгі тұжырымдары:

  • Эволюцияның негізгі көздері:
    мутациялар, рекомбинациялар, миграция, дрейф, сұрыпталу

  • Табиғи сұрыпталу — эволюцияның басты қозғаушы күші.

  • Түр түзілу — популяциялар арасындағы генетикалық айырмашылықтың жиналуы.

  • Популяция генетикасы эволюцияның негізі ретінде қарастырылды.

? Негізін салушылар:

  • Р. Фишер

  • С. Райт

  • Дж. Холдейн

  • Ф. Добжанский

  • Дж. Майр

  • Дж. Симпсон

? Маңызы:

  • Эволюцияға молекулалық, генетикалық және популяциялық деңгейде толық түсінік берді.

  • Қазіргі эволюциялық биологияның іргетасы болып табылады.

Уақыт

Ғалым

Негізгі идея

1809

Ламарк

Жүре пайда болған белгілер тұқым қуалайды (қате, бірақ маңызды тарихи кезең)

1859

Дарвин

Табиғи сұрыпталу — эволюция механизмі

1865–1900

Мендель → Генетиканың тууы

Тұқым қуалаушылық заңдары

1930–1950

СТЭ

Генетика + сұрыпталу → Қазіргі эволюциялық түсінік


? Эволюция факторлары

  • Мутация — ағзаның генетикалық материалында (ДНҚ немесе РНҚ-да) пайда болатын тұқым қуалайтын өзгеріс. Мутациялар ген, хромосома және геном деңгейінде болуы мүмкін. Олар кездейсоқ жүреді және эволюцияның негізгі көздерінің бірі.

  • Рекомбинация— ата-аналардан келген гендердің әртүрлі жаңа комбинацияларының пайда болуы.Бұл процесс жыныс жасушалары түзілу кезінде (мейозда) немесе жыныстық көбею барысында жүреді. Рекомбинация тұқым қуалайтын өзгергіштікті арттырады.

  • Жыныстық көбею— екі ата-анадан келетін жыныс жасушаларының (гаметалардың) қосылуы арқылы жаңа организмнің пайда болу процесі.
    Жыныстық көбею нәтижесінде ұрпақ ата-аналарға ұқсас болғанымен, генетикалық тұрғыдан бірегей болып қалыптасады.

  • Табиғи сұрыпталу (Дарвин) Бұл процесс нәтижеcінде пайдалы тұқым қуалайтын белгілер сақталып, популяцияда жиілейді, ал тиімсіз белгілер жойылады.
    Дарвин бойынша табиғи сұрыпталу – эволюцияның негізгі қозғаушы күші.
    Мысалы: Қара ағаш қабығында өмір сүретін көбелектердің қара түсті формалары жыртқыштардан жақсырақ жасырылып, көбірек тірі қалады → ұрпағында қара түсті түр жиілейді.

  • Тіршілік үшін күрес ресурстардың (су, азық, мекен ортасы, жұптасу мүмкіндігі) шектеулі болуына байланысты ағзалардың тірі қалу және көбею үшін үздіксіз бәсекелестігі.Бұл күрес әртүрлі формада көрінеді:

Түрішілік күрес (бір түрдің даралары арасында),

Түрлер арасындағы күрес,

Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес.

Дарвин бойынша тіршілік үшін күрес – табиғи сұрыпталудың жүзеге асуына жағдай жасайды.Мысалы: Бір ұядағы құстардың балапандарының бәріне жем жетпесе → ең мықты, белсенділері ғана тірі қалады.

  • Оқшаулану популяциялар арасындағы генетикалық алмасудың (шағылысу, ұрықтану) шектелуі немесе толық тоқтауы.
    Оқшаулану жаңа түрдің пайда болуына әкелетін маңызды эволюциялық фактор.

? Эволюциялық өзгерістердің түрлері

Түрі

Анықтамасы

Мысалы

Араморфоз

Ірі өзгеріс, организмнің күрделенуі

Жүректің 4 камераға бөлінуі

Идиоадаптация

Қоршаған ортаға майда бейімделу

Құстардың тұмсық пішіндері

Дегенерация

Қарапайымдану

Паразит құрттардың асқорытуының жойылуы


4.ELABORATE – Қолдану (10 мин)


Тапсырма 1. «Эволюциялық бағытты анықта»


Берілген мысалдарды кестеге бөл:

Мысал

Бағыт

Өкпенің пайда болуы

?

Ақ аюдың жүні ақ болуы

?

Жыланның аяқсыздануы

?

Археоптерикстен құстардың пайда болуы

?

Құрбақаның жасырын түсті болуы

?

Дұрыс жауап:
  • өкпе → ароморфоз

  • ақ түсті жүн → идиоадаптация

  • жылан аяқсыздануы → дегенерация

  • археоптерикс → ароморфоз

  • жасырын түс → идиоадаптация

PISA тапсырмасы: «Эволюция қалай жүреді?»

Төмендегі мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Мәтін

Тірі ағзалар миллиондаған жылдар бойы өзгеріп, қоршаған ортаға бейімделе отырып эволюцияланады. Эволюцияның негізгі қайнар көзі – тұқым қуалайтын өзгергіштік. Ол мутация, рекомбинация және жыныстық көбею нәтижесінде пайда болады.
Орта жағдайы өзгерген кезде табиғи сұрыпталу ең тиімді белгісі бар дараларды қалдырады. Уақыт өте келе популяцияда пайдалы белгілер жиілеп, жаңа қасиеттер қалыптасады.

Кесте: Популяциядағы тұмсық түрлерінің жиілігі

Тұмсық түрі

1990 ж.

2020 ж.

Қысқа, тұқымды үгуге арналған

40%

15%

Ұзын, жіңішке (нектар соруға)

20%

55%

Орташа ұзындықтағы

40%

30%

Бұл аймақта соңғы 30 жылда гүлді өсімдіктер саны көбейген.


✏️ Сұрақтар

1. (PISA – түсіну)

Мәтінге сүйене отырып, эволюцияның жүруіне ең маңызды факторды таңдаңыз:
A) Жануарлардың мінез-құлқы
B) Мутациялар мен генетикалық өзгерістер
C) Климаттың өзгеруі
D) Популяцияның саны

Дұрыс жауап: B

2. (PISA – деректерді интерпретациялау)

Кестені пайдаланып, 2020 жылы ұзын жіңішке тұмсықты құстардың саны неге артқанын түсіндіріңіз.

Дұрыс жауап:
→ Себебі аймақта гүлді өсімдіктер көбейген, ал ұзын тұмсық нектар жинауға тиімді. Табиғи сұрыпталу осы тұмсық түрін таңдаған.

3. (PISA – болжам жасау)

Егер болашақта гүлді өсімдіктер азайса, 2035 жылы қай тұмсық түрі көп болуы мүмкін?

A) Ұзын тұмсықты
B) Қысқа тұмсықты
C) Орташа тұмсықты

Дұрыс жауап:
C (орташа тұмсықты) – себебі түрлі қорекке бейімделуі оңай.

4. (PISA – дәлелді қорытынды)

Бұл популяцияда қандай эволюциялық бағыт жүріп жатыр деп ойлайсыз:
Ароморфоз, идиоадаптация немесе дегенерация?

Дұрыс жауап:
Идиоадаптация – себебі бұл арнайы ортаға (гүл нектары) тар бейімделу, жалпы организм деңгейі күрделенбейді.

IV. Қорытынды нұсқау (3 минут) 5. EVALUATE –Бағалау

  1. Эволюция дегеніміз —
    A) даралардың өзгеруі
    B) популяцияның тарихи дамуы
    C) модификациялық өзгеріс
    Жауабы: B

  2. Эволюцияның негізгі материалы –
    A) сүріпталу
    B) мутация
    C) тұқым қуалайтын өзгергіштік
    Жауабы: C

  3. Ароморфоз мысалы:
    A) Иттің түстерінің өзгеруі
    B) Өкпенің пайда болуы
    C) Жасыл шегірткенің жапыраққа ұқсап боялуы
    Жауабы: B

  4. Идиоадаптация мысалы:
    A) Құстың қанаты
    B) Ақ аюдың жүні
    C) Омыртқаның пайда болуы
    Жауабы: B

  5. Дегенерация мысалы:
    A) Өсімдіктердің гүлденуі
    B) Құстың тұмсығының күрделенуі
    C) Паразит құрттарда асқорыту жүйесінің жойылуы
    Жауабы: C

Студенттердің жұмысын тексеріп, орындаған жұмыстарын жария ете отырып, бағалау

( жалпы, жеке қателектерін көрсетіп, түсіндіру).

  1. Сабақ бойынша рефлексия (3 минут)

Рефлексия : «Бүгін білдім…»

Студенттер бүгінгі сабақтан 1 жаңа ақпаратты айтады.

  1. Үй тапсырмасы 1 минут:

Эволюция ұғымын өз сөзіңмен түсіндір.

Мутация, рекомбинация, жыныстық көбею арқылы генетикалық әртүрліліктің қалай пайда болатынын жаз.

Ароморфоз, идиоадаптация, дегенерацияның мысалдарын ата.

Анықтамаларды дәптерге жазып кел.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі