"Тұқымдардың өнуі, таралуы, маңызы." 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тұқымдардың өнуі, таралуы, маңызы." 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұқымдардың өнуі, топыраққа сіңіру тереңдігі. Тұқымдардың таралуы, шаруашылық маңызы жөнінде түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Тұқымдардың өнуі, таралуы, маңызы.
Мақсаты: 1. Тұқымдардың өнуі, топыраққа сіңіру тереңдігі. Тұқымдардың таралуы, шаруашылық маңызы жөнінде түсінік беру.
2. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, өз бетімен жұмыс істеп, нәтижесін қорытындылай білу қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, төзімділікке, табиғатқа мейіріммен қарауға тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Өз бетімен жұмыс, оқулықпен жұмыс, зерттеу т. б.
Көрнекілігі: Суреттер, сызба нұсқалар, слайд
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Мақсат қою кезеңі. Нені білу керек:
1. Тұқымдардың өнуіне қажетті жағдайлар
2. Тұқымды топыраққа сіңіру тереңдігі
3. Тұқымдардың таралуы және шаруашылықтағы маңызы
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
І. 1. Тұқым қандай бөліктерден тұрады? (қабық, жарнақ, ұрық)
2. Тұқымның басты бөлігі не? (ұрық)
3. Үрмебұршақ тұқымында қоректік заттар қайда жиналған? (жарнақта)
4. Бидай тұқымында қоректік заттар қайда жиналған? (эндоспермде)
5. Тұқым қабығының қызметі не? (кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден сақтау)
6. Тұқым кіндігінің қызметі не? (тұқым ішіне ауа, су кіргізу)
ІІ. Сәйкестендір.
Тұқымның бөліктері-----Қызметі, ерекшелігі
1. Қабық------------------А. Су, ауаны өткізіп отырады
2. Жарнақ----------------Б. Тамырша, сабақша бүршікше бастамалары болады
3. Ұрық-------------------В. Қорек жиналады
4. Тұқым кіндігі------- -С. Қорғайды
IV. Жаңа сабақ.
Өз бетімен жұмыс істеуге берілген тәжірибелер қорытындысын тексеру.

1 - тәжірибе. Тұқымның өнуі үшін судың қажеттігі
1. Химиялық 2 стақан алып екеуіне де 10 - 15 - тен бидай дәнектері мен 7 - 10 - нан үрмебұршақ тұқымдарын салыңыздар. 1 - стақанға тұқым батып тұратындай ғана шамалы су құйыңыздар. 2 - стақанға су құйылмайды.
2. Тәжірибені 5 - 7 тәуліктей бақылаңыздар. Бақылау нәтижелерін күнделікке жазып отырыңыздар.
Бақылау күнделігінің үлгісі.
Тұқымның өнуін бақылау.
Бірінші стақандағы тұқымның үнемі ылғалданып тұруын қадағалаңдар.
3. 5 - 7 тәуліктен соң тұқымның өнуі үшін, судың маңызы туралы қорытынды жасаңыздар
2 - тәжірибе. Тұқымның өнуі үшін ауаның қажеттігі
1. Химиялық 2 стақан алып екеуіне де 10 - 15 - тен бидай дәнектері мен 7 - 10 - нан үрмебұршақ тұқымдарын салыңыздар. 1 - стақанға тек тұқымдарды ылғалдап тұратындай ғана шамалы су құйыңыздар. 2 - стақанға суды стақанның ½ бөлігіне дейін құйыңыздар.
2. Тәжірибені 5 - 7 тәуліктей бақылаңыздар. Бақылау нәтижелерін күнделікке жазып отырыңыздар.
3. 5 - 7 тәуліктен соң тұқымның өнуі үшін, ауаның маңызы туралы қорытынды жасаңыздар
3 - тәжірибе. Тұқымның өнуі үшін жылудың қажеттігі
1. Химиялық 2 стақан алып екеуіне де 10 - 15 - тен бидай дәнектері мен 7 - 10 - нан үрмебұршақ тұқымдарын салыңыздар. Стақанның екеуіне де тек тұқымдарды ылғалдап тұратындай ғана шамалы су құйыңыздар.
2. 1 - стақанды бөлмеге, 2 - стақанды тоңазытқышқа қойыңыздар. Тұқымның үнемі ылғал болып тұруын қадағалаңыздар
3. 5 - 7 тәуліктей тәжірибені бақылаңыздар. Бақылау нәтижелерін күнделікке жазып отырыңыздар.
4. 5 - 7 тәуліктен соң тұқымның өнуі үшін, жылудың маңызы туралы қорытынды жасаңыздар
5. Тұқымның өнуі үшін қандай жағдайлар қажет екенін анықтау үшін жасалған тәжірибе туралы хабарлама дайындаңыздар. Хабарлама кезінде тәжірибенің нәтижелерін көрсетіңіздер.
Оқушылар өз бетімен бақылап істеген жұмыстары арқылы жаңа сабақты өздері қорытып шығарады.
Жемістер мен тұқымдардың таралуы
1. Өсімдіктер жемістері мен тұқымдарын неліктен шашады?
2. Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары
V. Қорытынды: Тест
1. тұқым өнген кезде өскіннің қай мүшесі бірінші болып шығады?
А) сабақ Б) жапырақ
Ә) тамыр В) барлығы бір мезгілде
2. өніп келе жатқан ұрық алғашқы кезде немен қоректенеді?
А) Эндоспермдегі су мен минералды тұздармен;
Ә) СУ, ауа, органикалық заттармен;
Б) Эндосперм мен тұқым жарнағындағы органикалық заттармен
3. Тұқым тыныс алғанда қандай өзгеріс болады?
А) тұқым көмір қышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады;
Ә) оттекті сіңіріп, көмір қышқыл газы мен жылу бөледі;
Б) оттекті сіңіріп, көмір қышқыл газын бөледі.
2. Биологиялық диктант. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар
1. Өне бастаған тұқымға ауа жетпесе.........
2. Су мен жылу жарнақтағы, эндосперм – дегі ерімейтін крахмалды.......... айналдырады.
3. Тұқымның ісініп жарылуына........қажет
4. Тұқым өну үшін.......... қажет.
5. Өне бастаған тұқымның тыныс алуын күшейтетін................
6. Асқабақ, қауын, мақта тұқымдары..... өнеді.
7. Су............. әсер етеді.
8. Топырақта қалатын тұқым жарнақтары өскіндерді.......... қамтамасыз етеді.
9. Тұқымды суға салғанда тыныс алуы....
10. Судың сіңірілу мөлшері тұқымның сыртындағы........ байланысты.

VІ. Үйге тапсырма. §28. 92 - беттердегі тапсырмалар

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
741
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі