15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тұқымның ішкі және сыртқы құрылысы
Қысқа мерзімді жоспар. Пәні: Биология
|
Сабақ: № 10 Тұқымның ішкі және сыртқы құрылысы. №5 Зертханалық жұмыс. "Даражарнақты және қосжарнақты тұқымның құрылысы" |
Мектеп: жалпы орта мектебі |
||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің есімі: |
||||||
|
Сынып:6 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
Даражарнақты және қосжарнақты тұқымның құрылысы: қауызы, жарнағы, эндоспермді анықтау. Даражарнақты және қосжарнақты тұқымды бір-бірінен ажырата алады. |
||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Тұқымның генеративті мүше екенін біледі. Даражарнақ және қосжарнақты тұқымдардың құрылысын біледі, бір-бірінен ажырата алады. |
||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: Зерттеушілік тәжірибелер жүргізіп қорытынды жасай алады |
|||||||
|
Кейбір оқушылар: Жаңа ақпаратты білу үшін сұрақтарды дұрыс қоя біледі Зерттеу іс –әрекеті барысында талқылай алады |
|||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар: Тұқымдарды салыстыра алады, бір-бірімен байланысына мысалдар келтіре отырып талқылайды және салыстырады. |
||||||
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: тұқым,жарнақ, эндосперм, қауызы |
|||||||
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
|||||||
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
|||||||
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:Өсімдік топтарына сипаттама беріп мысалдарын жазу. |
|||||||
|
Алдынғы тақырып |
Бастауыш сыныпта және жаратылыстану сабақтарында алған білімдері |
||||||
|
Жоспар |
|||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
|||||
|
Басталуы |
Ұйымдастыру 1.Сәлемдесу. 2.Сабаққа дайындықтарын тексеру.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Үй тапсырмасын сұрау. «Өсімдіктер жасушасының құрылысы» тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау мақсатында тапсырмалар орындату 1 тапсырма «тест» 2 нұсқада жасалған. Әр нұсқада 12 сұрақтан берілген. Тест мәтіні қосымшада берілген. |
||||||
|
Ортасы |
Қызығушылықты ояту сатысы. «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісімен жұмыс Өсімдіктердің қандай мүшелері бар, олар қандай топтарға бөлінеді? Генеративті мүшелерін атап шығыңдар. Оқулықпен жұмыс. Тұқым – жатынның тұқым бүршігінен дамиды. Қос жарнақты тұқымның құрылысы. Қос жарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын қарастырайық (1-сурет). Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді. Тұқым қабығы (қауызы) қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды. Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қос жарнақтылар деп аталады. Қос жарнақтыларда (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т. б.) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.
Ұрық – алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады.
Дара жарнақты тұқымның құрылысы. Дара жарнақты тұқымға алдын ала суға жібітілген бидай дәнегін аламыз. Дәнектің сырты тығыз қабықпен (қауыз) қапталған. Бидайдың жемісі бір тұқымды. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Қанша жібітсе де қабығын ажырату қиын. Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі тұқым болып есептелетіндіктен дәнек дейді. Бидай қабығы (қауызы) тез сылынбайтындықтан, өткір ұстарамен ұзынынан тең екіге жарады (2-сурет). Дәнектің едәуір бөлігін – эндосперм алып жатады. Эндосперм жасушаларында крахмал, нәруыз, май заттары жиналады. Дәнектің төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасып бекінген ұрық бар (құрылысы үрмебұршақтікіндей). Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа бір жарнақ орналасады (бітеу бидайдың сыртынан сәл білеуленіп белдік тәрізді білінеді). Коректік заттар қоры эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды. Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы, тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады. Сұйылтылған қоректі жасушалары арқылы сорып, бастама тамырша мен бүршікшеге өткізеді. Ұрықтағы май қоры да өнуге жұмсалады.
Дара жарнақты өсімдіктерге лалагүл, жуа, бидай, құртқашаш, банан, қияқөлең, пальма, жүгері, күріш, тары жатады. Тұқымда бір тұқым жарнағы бар өсімдіктер дара жарнақтылар деп аталады.
|
ttps://www.youtube.com/watch?v=c871e5pf3N8 |
|||||
|
Аяқталуы |
Қорытынды. Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап береді, тапсырмалардыорындайды. .Жұлдыздардың артындағы сұрақтарға жауап береді. №5 зертханалық жұмысты орындау. «Даражарнақты және қосжарнақты тұқымның құрылысымен танысу
2-сурет. Үрмебұршақ тұқымының құрылысы (ұзынынан қақ жарылған). 1-сурет. Бидай дәнегінің ұзынынан (қақ жарылған) құрылысы. Үйге тапсырма беру. Зерттеушілік жұмысын жүргізу.. Рефлексия Не үйрендік?Нені білдік?Не қиын болды? |
|
|||||
|
Қосымша ақпарат |
|
||||||
|
Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау –оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||
|
Деңгейлік тапсырмалар беру |
Тест әр дұрыс жауабы 1 балл Сәйкестендіру әр дұрыс жауабы 1 балл Жалпы 20 балл 18-20 балл-5 14-17 балл-4 10-13 балл-3 |
Химия. Информатика. Қазақ тілі. Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Сыйластық Жауапкершілік. Еңбекқорлық |
|||||
|
Рефлексия сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгінгі оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгеріді ме? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1 2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||
Тексерілді:




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген